I бөлім не үшін үйлену керек?



Pdf көрінісі
бет29/62
Дата30.01.2022
өлшемі1 Mb.
#24541
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62
Байланысты:
Ne ushin uilenu kerek x Daniyar Zhigitbek

«Мен әлемді көрмеймін сен сияқты,
Сен әлемді көрмейсің мен сияқты. 
Бірімізді- біріміз түсінбеудің 
Себебі сол сияқты.»
 
Әйел мен еркек әлемді екі түрлі көреді. Біреуі бір 
ғана түсті көрсе, екіншісі сол түстің ондаған реңкін көре 
алады. Кейде екеуі бір-бірін осы екі түрлі көзқарасы үшін 
түсінбей жатады.
«Бай емеспін сезімге сен сияқты, 
Бай емессің төзімге мен сияқты. 
Бірімізді- біріміз түсінбеудің 
Себебі сол сияқты.»
 
Әйел –  сезімнің, эмоцияның адамы. Тіпті «әйел 
эмоциядан тұрады, эмоция ол үшін нан сияқты» деген сөз 
де бар. Кейде ол «біз екеуміз екі бөлек адам сияқтымыз, 
бірге тұруымыз қиын сияқты», т.б. сөздер айтуы мүмкін. Бұл 
қарым-қатынастағы эмоция азая бастады деген бірінші 
сигнал деп біл. Әйел көп жағдайда тура айтпайды. Эмоция 
жетіспей жатқанын осындай жанама белгілер арқылы 
білдіреді. Сен сол кезде логикаға салмай, эмоция тілінде 
сөйлесе бастауың керек. Бір кездегідей гүл сыйла, бір 
жерге қыдырт, өлең жаз, қысқасы романтикалық көңіл-
күй сыйла. Бір ағамыз айтқандай, әйеліңе таңертең айтқан 
приколың кешке өтпейді, басқасын ойлап тап. Әйелге көп 
нәрсе де қажет емес: сенің көңілің және эмоция сыйлауың 
керек. Болды. Ол саған сол үшін жүрегін беруге дайын 
болады сосын.
  Әйелге тән бір шыдамсыздық болады. 
Соны ұмытпауың керек. Бұл шыдамсыздығы 
да эмоционалдығынан шығар. Ал сен еркексің. 
Жаратылысыңнан төзімдісің. Соны отбасылық өмірде 
дұрыс қолдан. Түсініспеушіліктің бір себебі де осы болуы 


73
Ата-енемен бірг
е тұр
уғ
а қ
атыс
ты ойым
III БӨЛІМ
мүмкін.
«Сенің көзің суалмас көл сияқты, 
Менің сөзім қуарған шөл сияқты. 
Бірімізді- біріміз түсінбеудің 
Себебі сол сияқты.»
 
Әйел себепсіз жылап алуы мүмкін. «Не үшін жылап 
жатырсың?» деп себебін түсінбек боласың. Ол саған 
«жай жылағым келген соң, жыладым» десе, таң қалма. Ол 
жылағанда кеңес беріп, шешім ұсынып кетпе. Оған сенің 
шешімің емес, эмоциясын шығаруға мүмкіндік бергенің 
керек. Біз жігіттер жұбатуды білмейміз. Содан сөзіміз 
құрғақ боп келеді. Жұбатуды үйрену керек-ау бізге.
«Ешкім мені сүйе алмас сен сияқты, 
Ешкім сені сүйе алмас мен сияқты. 
Біз екеуміз айтқызбай түсінетін 
Жалғыз-ақ сол сияқты.»
 
Жақын адамдар түсінуден гөрі қабылдауға, сүюге 
көбірек мұқтаж. Сол үшін кейде түсінуге тырыспай, жай 
ғана шартсыз қабылдап, шексіз сүйе алсақ, сол жеткілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет