Байланысты: Ne ushin uilenu kerek x Daniyar Zhigitbek
Сұрақ: Қыздың жігіттен жасы үлкен болуына қатысты ойыңыз қандай? Жауап: Хадиша анамыз Пайғамбарымыздан (оған
Алланың сәлемі мен игілігі болсын) 15 жас үлкен болған.
Адамзатқа нағыз махаббат үлгісін көрсетіп кетті. Егер
түсіністік болса, жаста тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын.
Өз басым жарымның өзімнен жасы кіші болғанын қаладым.
Себебі, біріншіден, қыз бала ерте есейеді. Екіншіден, жас
айырмашылығы бәрібір жігітке үстемдік береді. Әпкеңе,
құрдасыңа қарағанда қарындасыңа сөзің өтімдірек болады
ғой. Әрі жасы кіші адамның мойынсұнуы да жеңілірек
болады. Ал ер адамға мойынсұнатын жары ұнайды, көңіліне
тыныштық сыйлайды.