Сұрақ: Ұнататын қыздың білімі жоғары болса,
қиындық тумай ма?
Жауап: Болуы мүмкін. Себебі қыз білімім көп деп тікелей
айтпаса да, жоғарыдан қарап тұрғандай болады. Бір
үстемдік бардай. Бірақ сен де біліміңді көтере аласың ғой.
Джек Лондонның “Мартин Иден” деген шығармасын оқып
көрші. Біздің тілмен айтсақ, ауылда мал бағып жүрген
жігіт қалаға кеп, Лондонда оқитын байдың қызын ұнатып
қалады. Бірақ қай жағынан да артта екенін, ол қызға лайық
емес екенін түсініп, өзгеруге бел байлайды. Ағылшын, орыс
тілдерін үйренеді, жұмыс істейді, дұрыс киінуді үйренеді,
қысқасы, қызға деген махаббат оны танымастай өзгертеді.
Бұл —менің қазақшалаған түрім.
Достарыңызбен бөлісу: |