I бөлім не үшін үйлену керек?



Pdf көрінісі
бет21/62
Дата30.01.2022
өлшемі1 Mb.
#24541
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62
Байланысты:
Ne ushin uilenu kerek x Daniyar Zhigitbek

III БӨЛІМ
ҮЙЛЕНЕЙІН ДЕП 
ЖАТЫРМЫН


50
Танк бо
луғ
а шешім қ
абылд
а
III БӨЛІМ
Танк болуға шешім қабылда
 
Мен бұрын ойлайтынмын «бір қызбен бір ай 
сөйлесем де, үйлене салам» деп. Бірақ өмірде бәрі сен 
қалағандай бола бермейді екен. Болашақ жарыңды табу 
бір бөлек те, оған қол жеткізу бір бөлек. Мен өз жарыма 
қалай қол жеткізген хикаямды айтып берейін. Содан түйін 
шығарарсың. 
 
Мен жеңгеңді алғаш көргенде-ақ «іздегенім, міне, 
осы» деген сезім пайда болған. Басында оған білдіртпей 
оны сырттай зерттей бастадым. Ортақ достарымыз 
болғаны жақсы болды бір жағынан. Инстаграм, Фейзбук, 
Вконтакте —бәрін бастан-аяқ ақтарып, туысқандарының 
парақшаларын тауып, сол жақты да ақтарып, әбден 
зерттедім. Енді адамның әлемді қалай көретіні оның 
жазбаларынан білінеді деп ойлаған түрім ғой.
 
Шамамен тұлғалық келбеті нақтылана түскенде, 
ортақ достарымнан сұрадым: «жігіті жоқ па, үйленуге 
деген ниеті бар ма жалпы?» деп. Бақытыма орай, жігіті 
жоқ, жалпы үйлену мәселесін қарастыруға дайын екен. 
Ол да мені сырттай танып жүрген болуы керек. Сөйтіп 
топшыладым. «Жұрт мақтаған жігітті қыз жақтаған» 
дегендей елдің алдында жүрген кезім ғой. Соның да бір 
пайдасы тиген сияқты. 
 
Сосын Фейзбугіне жазып, әңгімеге тарттым. 
«Кездесейік» дедім. Келісті. Кездестік. Негізі мен іштей 
егер сыртқы келбеті, қылықтары ұнаса, сол жерде бірден 
сөз салам деп ойлап барғам. Бірақ бір досым «асықпа» 
деген еді. Бәрі ұнады. Іштей «болды, осы қызды алам» 
деген оймен қайттым. Одан кейін бір айдай ватсапта 


51
Танк бо
луғ
а шешім қ
абылд
а
III БӨЛІМ
сөйлестік. «Чисто по делу» сөйлестік. «Анаған ойың 
қандай?», «мынаған қалай қарайсың?» дегендей. Жалпы 
ұстаным, құндылықтарын нақтылап алдым. 
 
Сөйтіп бір күні ватсапта «Не үшін сізбен сөйлесіп 
жүрмін деп ойлайсыз?» деп жазып жібердім. «Жарым 
болыңызшы, үйленейік» деп айтуға батылым жетпеген ғой 
сонда. Намёгім қалай кетті?) Ол кісі де саспай «Діндегі қыз 
бен жігіт сөйлессе, тек неке ниетімен сөйлесетін шығар» 
деді. Мен де қуанып, «иә, сіз қарсы болмасаңыз, мен сіздің 
әкеңіздің алдынан өтіп, рұқсатын алайын деп едім» деп 
бірден іске көштім. Сонда «үйленейік» деген тура ұсыныс 
айтылмады. Бір-бірімізді осындай ишарамен түсіндік. 
 
Тірідей көріскенімізге бір ай болғанда үйленуге 
ұсыныс айтқан болып тұрмын ғой. Менің әлгі бір айда 
үйленіп кету стратегиям әлі де күшінде. Бірақ мені алда не 
күтіп тұрғанын қайдан білейін. Сөйтіп ол әкесімен сөйлесіп, 
мән жайды айтты. Әкесі үзілді-кесілді қарсы болып, 
«оқуыңды бітір, сосын үйленесің» деді. Ол кезде ол мед 
универдің 5 курсында оқып жүрген еді. «Оқуыңды бітір» 
дегені осы 5 курсты бітіріп, одан кейінгі интернатураның 2 
курсын бітір дегені екен. 
 
Мәсссаған, күтсем тағы 2.5 жыл күтуім керек екен. 
Бұл уақыт бойы қалай сөйлесеміз? Қыз-жігіт боп жүре 
алмаймыз. Шариғат талабы сондай. Бір жағынан қызды 
қимаймын. Барлық талаптарыма сай кеп тұр. Содан 
тақуалығым оянып, оған былай деп айттым «Динар, 
давайте, қарым-қатынасты тоқтата тұрайық. Себебі ұзақ 
сөйлесе берсек, арада привязанность пайда болады. Не 
ары емес, не бері емес, берекесіз қарым-қатынас боп кетуі 
мүмкін» дедім. Ол да ақкөңіл «ок» деді. Бірақ іштей бір 
түрлі болды білем. 


52
Танк бо
луғ
а шешім қ
абылд
а
III БӨЛІМ
 
Осы жерде бір нәрсе айта кетейінші. Қыз бен жігіт 
ұзақ сөйлессе, қыз барған сайын көбірек көңіл талап ете 
бастайды. Көңіл бөлуің керек. Көңіл бөлмесең, оның сезімі 
суып, сабырсыздық танытады. Сен мына жақта «сөз салсам, 
жоқ дей ме екен?» деп ойланып-толғанып жүргенде, ол ана 
жақта «мынау неге тормозить етіп жүр?» деп ойлайды. 
 
Сөйтіп бір айда үйлене салам деген жоспарым 
жүзеге аспады. Не істерімді білмедім. Басқа қызды іздейін 
бе? 2.5 жыл үйлену жайлы ойланбай жүре берейін бе? 
Үйтіп жүре берейін десем, жасым 25-та еді. 
 
Сонда да Динарды сырттай бақылап жүрдім. Жазда 
5-курсты бітіргенде, диплом алған суреттерін салып 
қойды. Сол кезде тағы бір рет жазып қойдым «әкеңіздің 
ойы өзгерген жоқ па?» деп. Қазір ойласам күлкім келеді. 
Мен таза логикаға салыппын. Қыздың эмоциясы дегенді 
түсінбегем. Ол мені қатты ұнатты деп те айта алмаймын. 
Жақында ғана танысқан, бір-ақ рет көріскен жігіт «кеттік, 
үйленейік» десе, кез келген қыз бір түрлі боп қалатын 
шығар.
 
Сөйтіп күз де келді. Қазан айы. Мен әлі Динарды 
ұмытпағам. Басқа варианттарды қарастырғым да келмеді. 
Сол кезде бір досым бір қызбен сөйлеседі, 2-3 рет кездесіп 
«үйленейік» дейді, ана қыздар келіспейді, сөйтіп келесі деп 
жүрген еді. Ниеті көп созбай үйлену ғой. Ал мен олай істей 
алмайды екем. 
 
Бір күні іштей өз-өзіммен былай деп сөйлестім: 
«Данияр, қарашы, сен Динарды ұнатасың ғой? Барлық 
талаптарыңа сай кеп тұр. Ондай қызды енді таппайсың. 
Соны бағала. Иә, кейбір қасиеттері сен күткендей идеал 
емес. Бірақ идеал қызды табамын десең, көп уақытың 


53
Танк бо
луғ
а шешім қ
абылд
а
III БӨЛІМ
кетеді. Таппауың да ғажап емес. Қыз деген жерде жатқан 
нәрсе емес. Теріп алып кететін. Махаббатың үшін күресуің 
керек. Танк болуға шешім қабылда. Ештеңеге қарамастан 
бұл қызды алуың керек. Ештеңеге!» 
 
Сосын «болды, танк сияқты жолдағының бәрін 
жайпап дегеніме жетем» деп іштей бекіндім. Бұған дейін 
бір досымның махаббаты үшін қалай күрескенін білген 
едім. Ол сүйген қызын басқа біреу алып қашса да, төсек 
қатынасы болып қойса да, қайтарып алып, үйіндегілердің 
бәрін көндіріп, ақыры сол қызды алған еді. Не деген жігіт 
деп тамсанған едім! 
 
Осылайша жаңаша стратегияны бастадым. Динарға 
«не істеп жатырсыз? Киноға барайық» деп жаздым. Әкесі 
қарсы ма, емес пе, оны сұрамадым. Алғашқы қадам қызды 
киноға апарып, сөйлесу болды. Кішкене ішімдегі романтикті 
оятайын дедім. Әрине, шариғат шеңберінде бәрі. Ол да 
қарсы болмады. «Көрейік» деді ме екен, білмеймін. 
  Киноға барып, қарым-қатынасты қайта 
жаңғыртқандай  болдым. Аптекада түнгі ауысымда 
істейтін, сыйлық, тәттілер апарып беретін болдым. Бір 
күні таңертең ерте барып, аптекадан шыққанда, сабағына 
апарып тастадым. Өзімнің онымен бірге болғым келетінін, 
жақсы көретінімді іс жүзінде барынша көрсеткім келді. 
 
Танк болып, қыздың жүрегін жібіткен сияқтымын. 
Бір «қамал» алынды. Енді келесі «қамал» әкесін көндіру 
болды. Динарға «әкеңіздің ойын тағы сұрап көріңізші» 
дедім. Ол сұрап көрді. Әкесінің ойы өзгерген сияқты. «Бір 
айдан кейін командировкадан келем, сол кезде жігітпен 
кездесейік» деді. «Йес!» деп қуанып кеттім. «Адам өзін 
өзгертпейінше Алла оның жағдайын өзгертпейді» деген 


54
Танк бо
луғ
а шешім қ
абылд
а
III БӨЛІМ
рас. Бұл жердегі «өзін өзгерту» деген екі рет өзгеру: 
біріншісі: іштей бекіну, екіншісі: соған сай әрекет ету. 
 
Бір ай өтті. Әкесімен кездестік. Сол жерде «Динарды 
бақытты етем, сізден рұқсат сұрайын деп едім, Динарды 
ата-анаммен таныстырайын» деп ағымнан жарылдым. 
Әкесі «рұқсат» деп кесіп айтпағанмен қарсы емес екенін 
білдірді. Одан кейін Динарды ата-анаммен таныстырдым. 
Сосын ата-аналарымыз тәтті шайда кездесіп, той мәселесін 
талқылады. Той күнін белгіледі екі жақ. «Болды, енді 
қандай кедергі шығуы мүмкін?» деп ойлайсың ғой. Барлық 
қамалды бұзған сияқтымын. 
 
Ойламаған жерден енді Динар артқа тарта бастады. 
«Әлі үйленбей-ақ қоямыз ғой дейм. Мен әлі дайын 
емес сияқтымын» деп қалды. Той алдындағы қыздарда 
болатын қобалжу деп түсіндім. Мәссаған. Енді қайттім? 
Енді Динарды көндіру керек болды. Сөзбен де, іспен де 
бәрі жақсы болатынын дәлелдегім, сендіргім келді. Шыны 
керек, жалғыз өзім ауыр арбаны сүйреп келе жатқандай 
болдым. Ол мені жақсы көрмеген сияқты ол кезде. Бірақ 
менің махаббатым қаттырақ болды. Негізі жігіттің қаттырақ 
сүйгені дұрыс деп ойлаймын. 
 
Сөйтіп жүргенде некемізді қидық. Бір айдан кейін той 
болды. Үйленген соң, Динар ашыла бастады. Махаббаты 
да оянған сияқты. Қыз деген икемді (гибкий) екен-ау сезім 
мәселесінде. Танымай қалдым. Әрине қуандым. «Танк 
болам» деп шешім қабылдамағанда, кім білсін, үйленбей 
жүре берер ме ем? 
PS: 


55
Үйленбес
тен б
ұрын өзің
е қ
оюың к
ерек 2 маңызды с
ұр
ақ
III БӨЛІМ
Танк болуға шешім қабылдаған жігіттерге айтарым, егер 
қыз «Жоқ» деп тұрып алса, бір есікті қайта-бері ұрғылай 
бермей, басқа стратегия таңдаңдар. Басқа жағынан жол 
тауып көріңдер. Ашылмаса, бір есікті ұра беру — ақымақтық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет