73
Ата-енемен бірг
е тұр
уғ
а қ
атыс
ты ойым
III БӨЛІМ
мүмкін.
«Сенің көзің суалмас көл сияқты,
Менің сөзім қуарған шөл сияқты.
Бірімізді- біріміз түсінбеудің
Себебі сол сияқты.»
Әйел себепсіз жылап алуы мүмкін. «Не үшін жылап
жатырсың?» деп себебін түсінбек боласың. Ол саған
«жай жылағым келген соң, жыладым» десе, таң қалма. Ол
жылағанда кеңес беріп, шешім ұсынып кетпе. Оған сенің
шешімің емес, эмоциясын шығаруға мүмкіндік бергенің
керек. Біз жігіттер жұбатуды білмейміз. Содан сөзіміз
құрғақ боп келеді. Жұбатуды үйрену керек-ау бізге.
«Ешкім мені сүйе алмас сен сияқты,
Ешкім сені сүйе алмас мен сияқты.
Біз екеуміз айтқызбай түсінетін
Жалғыз-ақ сол сияқты.»
Жақын адамдар түсінуден гөрі қабылдауға, сүюге
көбірек мұқтаж. Сол үшін кейде түсінуге тырыспай, жай
ғана шартсыз қабылдап, шексіз сүйе алсақ, сол жеткілікті.
Достарыңызбен бөлісу: