Байланысты: Ne ushin uilenu kerek x Daniyar Zhigitbek
Cұрақ: Сырт келбет (түр, салмақ, бой) маңызды ма үйленуге? Жауап: Жігіт ретінде айтайын, жігіт үшін қыздың сыртқы
келбеті маңызды. Ең бірінші қыздың сұлулығына қарайды.
Әркімнің талғамы әртүрлі ғой. «Қыз қылығымен сұлу»
деген сөз бар. Қылықты болса, кез келген қыз сұлу боп
көрінеді. Енді бір қыздар бар. Аузын ашса болды, «Бағанағы
сұлулық қайда кетті?!» дейсің еріксіз. Алла әділетті. Әркімді
әр түрлі етіп жаратқан. Әркім өзінше сұлу. Сол сұлулығын
100
Үйлену т
ақырыбына қ
атыс
ты cұр
ақ
-ж
ау
ап
ҚОСЫМША
байқай білсе, болғаны. Коко Шанельдің бір жақсы сөзі бар
еді: «Сұлу емес әйел болмайды, жалқау әйел болады»
деген.