Көптеген балалар тек оқумен және демалумен айналысып қана қоймайды, сонымен қатар ересектердің еңбегіне қатысып, үй шаруашылығына көмектеседі. Өзінен кіші інілері мен қарындас-сіңлілеріне күтім жасайды, ата-аналары мен әпкелеріне, ағаларына қолғабыс етеді. Жазда бау-бақшада және егістікте жұмыс істейді. Бұл, әрине, дұрыс әрі жақсы, өйткені ересектер балалардың бақытты өмір сүрулері үшін, еңбек етеді, ол үшін балалардың да көмектесуі абзал іс болып саналады.
Жалпы жас кезінде қалыптасқан еңбек дағдылары, адамның бүкіл өмірінде ерекше маңызды.
Қоғамның ең басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу қоғамның өмір салтының алғы шарты болып табылады.
Өкінішке орай, өмірде балаларды оқу мен демалу мүмкіндіктерінен айырып, күштеп еңбек етуге талап ететін ересектер де кездеседі. Бала құқығы туралы конвенсияның 23- бабында:
“әр адамның еңбек ету, жұмыс еркін таңдау, әділ еңбек жағдайы және жұмыссыздықтан қорғалу құқығы бар”, - деп жазылған.
Конвенсия шартқа қол қойған мемлекеттерді балаларды оқу мен дамуына зиян келтіретін еріксіз еңбек етуден қорғауды міндеттейді. Біздің елімізде 14 жасқа толған оқушылардың өндірісте 4 сағат көлемінде, тек оқудан бос уақытында еңбек етуіне рұқсат етілген. Бұл үшін бала ата-анасының келісімі мен дәрігерлердің рұқсатын алуы қажет.
Балаларды олардың өмірі мен денсаулығына қауіпті еңбек түрлеріне пайдалануға, араластыруға қазақстан республикасының конституциясында тыйым салынған. Балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайндау – бұл қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, өз еркімен ынталанып орындауға үйрету. Бұл өте күрделі процесс, мұнда оқушылардың әдеті, сезімі қалыптасады. Мысалы, балалар адамдардың табысты еңбегінде масаттанады немесе адал еңбеккерлердің есебінен келген адамдарды жаны сүймейді, жек көреді, керек десе олармен күресуге де даяр тұрады. Бұл процесс екі фактордың ықпалымен жүзеге асырылады: обьективтік фактор қоғамның материалдық-техникалық базасын және жаңа қоғамдық қатынастарын жасау. Осының негізінде әдет, моральдық нормаларын бекітеді. Субьективтік фактор адамның еңбектің мазмұнына терең түсінуі және ішкі сезімнің өмірімен өзінің борышын орындауы.
Қорыта келгенде, баланың жеке басы мен азаматтығын қалыптастыруда еңбектің ролі өте күшті әрі маңызды. Еңбек арқылы жасөспірімдерде жақсы қасиеттер қалыптасады, елін, жерін ойлайтын және сол елдің өркендеуі үшін аянбай еңбек ететін нағыз азаматтар мен азаматшалар қалыптасады. Әрине, бұның бәрі мектептен бастау алады. Ендеше егеменді еліміздің қарыштап дамуы еңбекқор, білімді келеше ұрпақтың және жастардың қолында.