І. Бөлім Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің теориялық негізі



бет1/16
Дата14.11.2022
өлшемі299,5 Kb.
#49910
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дип.-Оқушылардың-кәсіптік-шеберлігін-қалыптастыруда-еңбек-тәрбиесінің-ролі


Тақырыбы: Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің ролі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе ..........................................................................................................3
І. Бөлім Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің теориялық негізі
1.1. Оқушыларды психологиялық – педагогикалық тұрғыда еңбекке даярлау әдістемесі ............................................................................................11
1.2. Еңбекке баулу пәнін оқыту арқылы оқушылардың еңбек әрекетіне қызығушылығын арттыру ................................................................................21
ІІ. Бөлім оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастырудың мектепте ұйымдастыру әдістері
2.1. Мектепте оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің жүйесі ............................................................................................35
2.2. ІV сыныпта еңбек пәнінен сабақ беру арқылы кәсіптік бағдар беру әдістемесі ...........................................................................................................40
2.3. Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыру - өнімді еңбек нәтижесі .............................................................................................................49
Қорытынды .....................................................................................................54
Пайдаланылған әдебиеттер ..........................................................................57


Кіріспе
Қоғамның даму тарихына байланысты, еңбек тәрбиесі әртүрлі формада дамыды, жетілді, өзгерді, жаңарып отырды. Ортағасырлық мектеп тәрбиесіне қарсы шыққан, чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский (1592-1670) педагогикасының негізі – гуманизм мен демократизм болғаны педтарихынан белгілі. Коменский мектеп балаға сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін «адамгершілік шеберханасы» болуға тиіс деген көзқарасты насихаттайды. Осы негізде ол тәрбиені, оның басты саласы қоғамдық тәрбиенің негізгі буыны – еңбек тәрбиесін адамның табиғатына сәйкес жүргізу қажет деп есептеді.
Ағылшын педагогы Джон Локк (1632-1704) тәрбиедегі Я.А.Коменский ұсынған «табиғатқа сәйкестілік» еңбек және дене тәрбиесі арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп берді. Ал ағылшын табиғат зерттеушісі, жануарлармен өсімдіктердің түрлерін табиғи сұрыптау арқылы пайда болуы жөніндегі эволяциялық ілімнің негізін салушы Чарлз Дарвин еңбектің еңбекке баулудың, оның теориялық негізі – еңбек тәрбиесінің маңызын жоғары бағалаған еді.
Қоғам үшін еңбек ету пікірін алғаш рет социалист – утопистер Т.Мор, Т.Ксипанелла, А.Сен-Симон, Ш.Фурье, Р.Оуға айтқан болатын. XVIII ғасырдың ағартушылары оқыту мен еңбек тәрбиесін ұштастыру жолдарын көтерді. Олар француз жазушысы, ағартушы – философ және педагог Жан Жак Руссо (1712-1778) мен Швецария педагогы Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827) болды. Песталоцци тәрбиесінің мақсаты – баланың күшін дамытады. Әртүрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі ұмтылады. Сөйтіп, Песталоцци дене тәрбиесіне еңбек тәрбиесімен ұштастыра жүргізуді дәлелдеп берді. Сондай-ақ оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру, соның ішінде қолөнері және ауыл шаруашылық еңбегімен ұштастыру Песталоццидің педагогикалық теориясы мен қызметінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Песталоцци еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бір-бірімен өзара және олардың ересектерімен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балалардың ақыл-ойын дамытады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Осы негізде - ол еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру деп уағыздады.
Ал орыс демократтары В.Е.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов, Д.И.ІІисаревтер еңбек теориясына елеулі үлес қосты. Демократиялық педагогиканың негізін салушылар педагогиканың өте күрделі мәселелерінің бірі адамды жетілдірудегі тәрбиенің, оның басты саласы - еңбек тәрбиесінің рөліне ерекше мән берді. Олардың педагогикалық ой-пікірлерінде,- сол демократияшыл педагогиканың еңбек тәрбиесіндегі басты мақсаты - баланың табиғи мүмкіншіліктерімен күшіне сеніммен қарауға тиіс. Әр балада теріс мінез-құлық ерекшеліктерімен бірге жағымды және ұнамды жақтары болады, ал енді тәрбие өнерінің міндеті - сол ерекшеліктерді байқап, одан әрі дамытуы тиіс. Әсіресе Белинский мен Герцен тәрбиедгі халықтық принципті тәрбиенің алдына қойылатын міндеттермен, мақсаттармен байланыстыра қарастырады. Мұны жүзеге асыруда олар еңбектің практикалық маңызын, мәнін түсіндіре келіп, оның еңбек тәрбиесін жүргізу арқылы сапалы өзгерістерге ұщырайтынын нақтырақ айтты. Еңбек тәрбиесінің маңызы мен мәнін олар өз шығармаларының жемісі ете білді. В.Г.Белинский өзінің 1838 жылы Буряновтың балаларға арналған кітабына жазған сындарында тәрбиенің адамды қалыптастырудағы ролін: «әсіресе еңбек тәрбиесі тамаша іс: ол адамның тағдырын шешеді» ..... Жас ұрпақ қазіргі шақтың жемісіне қонақ және де келешектің қожасы, оған тек сапалы еңбек арқылы жетуге болады»,- деп жоғары бағалайды. Ал А.И.Герцен адамның жетілуі бір мақсатқа бағыттала және ұйымдастырыла жүргізілетін тәрбиенің шешуші ролін мойындайды. Ол адамның дами жетілуі белгілі әлеуметтік ортаның жағдайларына, қоғам өмірінің белгілі тарихи кезеңіне байланысты болатындығын көрсетті. Осылай Герцен адамның қалыптасуындағы еңбек тәрбиесінің белсенді рөлін анықтады. Демек, ағартушы демократтар өздеріне бұрынғы Руссо, Песталоцци, Оугенің еңбек тәрбиесі туралы педагогикалық ойлары мен еңбек ету практикасының пайдалы жақтарын кеңінен насихаттады.
Тәрбие теориясын жасаушы педагог-ғалымдар – еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда, әсіресе, басты рөл атқарған К.Д.Ушинский болды. Ол өзінің еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының зор екендігін көрсетті. К.Д.Ушинский өзінің еңбегінде «Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні» деген мақаласында еңбек тәрбиесін арнайы қарастырды. Ал, «Балалар әлемі», «Ана тілі» оқулықтарында осы тәрбие жөнінен балаларға арнап сан алуан материалдар жазды.
К.Д.Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі – еңбексүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адамның қоғамның лайықты азаматы бола алады деп біледі. Әрбір баланы қоғамға пайда келтіретін, өзінің пайдалы еңбегінің жемісімен күн көретін азамат етіп тәрбиелеу үшін, Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс-істеуге тырысушылыққа, қандай істе болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды. «Еңбек тәрбиесі шәкірттің еңбекке деген сый-құрметімен сүйіспеншілігі ғана емес, сонымен қатар еңбек ету әдетін де оның бойына сіңіреді»- деді. Ол селолық мектептерде ауыл шаруашылығына тікелей байланысты болу қажеттігін талап етті. Еңбек тәрбиесінің ең басты да негізгі міндеттерінің бірі жас өспірімдерді қоғамдық-пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өзщдері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. Сондай-ақ ол «Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, азда болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес»,- деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отьыруына да ерекше мән береді.
Н.А.Добролюбов (1836-1861) өз кезеңінде демократиялық педагогика тұрғысынан білім берудің гуманистік – демократиялық және ғылыми принциптерін ұсынды. Осындай принципте қайта құрылатын халық ағарту жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы, кіндігі орталығы – халық мектебі болуын талап етті. Халық еңбегінің басты міндеті – ақыл-ой, еңбек, дене адамгершілік тәрбиелері арқылы әр салалы жетілген, қоғамдық істеге салалы түрде біте қайнаса, араласа алатын, табанды күресші, халық тілегін қорғаушы азаматтарды даярлау. Добролюбов мектептерде ғылыми негіздерін өмірмен, практикамен еңбек тәрбиесін күшейту арқылы байланыстыруды ұсынды.
19 ғасырдың 60-жылдардағы еңбек тәрбиесінің теориясы, оның педавгогикалық негізі, тәрбиенің принциптері алғашқы озат педагогикалық ойлардың негізінде дамыды. Мұндағы еңбек тәрбиесінің негізгі бағыты – политехникалық оқу мен өнімді еңбекті ұштастыру. Осы негізде еңбек тәрбиесі теориясы жасалды. Онда политехникалық оқу мен еңбек тәрбиесіне зор мән берілді.
Қазақ ағартушыларының еңбек тәрбиесі туралы жазғандарының ішінде – Ы.Алтынсарин еңбек тәрбиесі туралы көптеген құнды пікірлер ұсынды. Себебі, Ыбырай басқа педагогтарға қарағанда еңбек тәрбиесіне жете мән берді. Оның мектебінің жанында бау-бақша болды, шеберхана жұмыс істеді. Қыздар үшін де шеберханалар болды. Ол өзінің көп теген педагогикалық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында еңбек тәрбиесін уағыздады, еңбек пен өнімді еңбек – еңбек тәрбиесінің құралы деген тұжырым жасады. Абай нағыз пайдалы еңбек деп әртүрлі қолөнерін, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Міне, жастар осындай істермен шұғылдансын. 1909 жылы Петербургта «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңдері деген атпен ақынның араб әрпімен тұңғыш рет шығармалары жеке кітап болып басылған. Мұндағы өлеңдерінің басым көпшілігі еңбек тәрбиесіне арналған. Онда ақын болашақ ұрпақты мейірбандылыққа, адамгершілікке, еңбекке, ақыл-ойлылыққа, ең бастысы тәрбие деген сөздің, одан кейін ұғымның өзінің тарихи маңызын ашуға тырысқан. Мысалы: Абай «Баламды медресеге біл деп бердім, шекпен кисін, шен алсын деп бермедім» - деуі білімді, тәрбиені, оқуды жете бағалағанның белгісі, ең бастысы барлығы еңбек арқылы келеді деп түсінуі насихаттауы, «Еңбегі бардың, өнбегі бар» деуі содан болса керек. Абай жастарды еңбекке тәрбиелеудің, үйретудің әр түрлі жолдарын, ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды. Балалардың дүниеге көзқарасын және мінезін қалыптастыруда отбасының рөлінің аса зор екендігін ескере отырып үлкендердің әке мен шешенің балаға үйреткен тәрбиенің, оның бер жағында тікелей еңбекке баулудың маңызын Абай өте жоғары бағалаған. Ол балаларды тәрбиелеу үшін ата-аналардың өздері жақсы тәрбиеленген болу керк екендігін көрсетті. Абай халықты, әсіресе жастарды үнемі достық, татулық, әділеттілік, дұрыстық сияқты адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеуді шақырды. Ол адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесін бірлік, ұйымшылдық, ынтымақтастық негізінде жүргізуді ұсынды. «Біріңді бірің көрмесең дос, істеген істің бәрі бос» деуі осы өлең жолдарынан айқын көрінеді.
Абай халықты соның ішінде балаларды еңбекке тәрбиелеуге аса үлкен мән берді. Бұл оның кез келген шығармасынан байқалады. Ол жастардың еңбексіз жүріп жаманшылыққа бой ұрғанына қарсы болды. 1886 жылы жазған бір өлеңінде:
«Қаратайдың қайғы ойладың, ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан.
Төрін сатпай, телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі арман болды»,-
деп өзі өмір сүрген кезеңдегі жастардың жағымсыз мінездерін сынады. Абай адамгершілік пен еңбекке ұмтылмайтындарды былай деп ажулаған:
«Осындай сыйдың жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруға келді олақ.
Сырын түзер бірі жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері қу борбай сынпыс шолақ»,-
десе, енді бірде еңбексіз, шабысқа қуанатындарды сынға ала отырып, Абай еңбек тәрбиесінің мән -мазмұнын алдыңа былай тартады:
«Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр талап,
Буларды керек қылмақ ешкім қалап.
Терең ой, терең ғылым іздемейді,
Өтірік пен есекті жүндей сабап».
Қазақтың еңбек теориясын жасағна ойшыл ағартушылардың бірі – Шоқан Уәлиханов. Шоқан өзінің бұрынғы халық педагогикасының прогресшіл идеяларына сүйенеді. Ол идеялар, тәрбиелік тағылымдар Шоқанның ағартушылық көзқарастарына әсер етті. Шоқан мектеп оқуының, тәрбиенің соның негізінде еңбек тәрбиесінің ғылыми негізінде құрылып, табиғаттың сырларын ашуға бағытталуын, халықтың жаппай білім алуын аңсаған болатын. Шоқанның халықтық психология туралы пікірлерінде де материалистік сарын басым. Ең бастысы, Шоқанда тәрбиенің, еңбектің, еңбек тәрбиесінің қоғамның дамуындағы жасөспірімдердің жан-жақты жетілуіндегі маңызын рөлін ерекше бағалады. Халықтың ахуалын жақсартатын өнімді еңбек деген қағидаға сүйенді Шоқан. Еңбек тәрбиесі Шоқанның айтуынша, практикалық іске асырлыған шындықтың қоғамдық және жеке адамдар өміріндегі пайдалы істің түп негізі еңбек. Шоқан еңбекті – құнды еңбек, таза еңбек деп табиғатты өзгертетін –адам, оны өзіне жарататын материалдық еңбек деп еңбекті бірнеше топқа бөле отырып, осының барлығы еңбек тәрбиесінің нәтижесі, сол арқылы әрбір адамның көтерілген рухани биігі, байлығы, табысы деп ой қорытты. Біздің елімізде қазіргі кезеңде де бұдан бұрынғы уақыттарда, демек, қандай қоғамда болмасын еңбек тәрбиесі отбасында, мектепте, мектептен тыс мекемелерде жүзеге асады. Бала жас кезінен бастап жүйелі түрде еңбек тапсырмаларын орындауға, отбасындағы қажеттілікке көңіл бөлуге, еңбекшілдікке, төзімділікке үйретіледі. Еңбек тәрбиесі мектепте білім берумен тығыз байланыста жүзеге асады. Оқу еңбегінің барысында бала да ұқыптылық, еңбексүйгіштік, еңбек ету дағдылары қалыптасады. Қазіргі мектептерде еңбек ету психологиялық және практикалық дайындық 11 кластан басталады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты және оқу процесіне жұмыстардан басқа, өзіне-өзі қызмет ету, өз бетінше жұмыс істеу және өзін -өзі басқару, оқу құралдарын дайындау, жөндеу, мектеп үйін жөндеу, мектептің тұрған ауданын жақсартуға радиоландыру, ауыл шаруашылығы, табиғатты қорғау, т.б. қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысу, олардың политехникалық ой-өрістерінің кеңеюіне, қабілеттіліктерінің, бейімділіктерінің дамуына мүмкіндік жасайды.
Қазіргі кезде еліміздегі жалпы білім беретін, оның ішінде бастауыш сынып оқушыларына еңбек әрекетінің мәнін ұғындыру мемлекеттік маңызы бар құбылысқа айналуда. Себебі, әрбір мектеп пәні өз мүмкіндігіне қарай оқушыларға еңбек пен мамандық әлемі туралы мағлұмат береді. Ал, осындағы еңбекке баулу пәні мен оны ұйымдастырудың әдістемелері ерекше орын алады, өйткені бұл сабақта оқушылар жалпы таныммен қатар еліміздің халық шаруашылығында болашақ жұмыс істеуге қажетті жалпы еңбек біліктілігі мен дағдысын үйреніп, белгілі бір мамандықты игеруге құлшынады. Қазіргі кезеңдегі кіші мектеп жасындағы оқушыларды еңбекке баулудың жетілдірілген ұлтық бағдарламасы балаларды кең тараған жұмысшы кәсіптерімен жан-жақты таныстыруда, еңбектің белгілі бір түріне деген түпкілікті кәсіби ықыласын қалыптастыруды басты мақсат етіп отыр.
Мұғалімдердің –оқушыларды сабақтан тыс кезеңде еңбекке баулуды кәсіптік бағдармен тығыз байланыстырғанда әрі мұның өзі оқу процесіне енгізіліп, қазіргі кездегі жұмыс формалары мен тәсілдері пайдаланылғанда оның тәрбиелік ролі едәуір арта түсетінін байқадық. Қазіргі кезде кәсіп туралы әңігмелесу, кәсіпорындарына саяхат, әртүрлі кәсіптің өкілдерімен қызықты кездесулер өткізу секілді дәстүрлі формаларды ғана қолдану жеткіліксіз. Кәсіптік бағдар алдымен жалпы білім беретін бастауыш мектептен бастап жастардың бойында белсенді өмірлік позицияны қалыптастыру негізінде құрылуы тиіс. Бұл актульды міндетті шешуде еңбекке баулу пәнінің мол мүмкіндігі бар екендігін өзіміз тәжірибе алмасу ниетімен барған №7 Қ.Сыпатаев атындағы мектептердің қызметінен байқадық.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты – осы бір күрделі жұмысты еңбекке баулу пәні мұғалімдеріне және жас мамандарға жәрдемдесу, оларды кәсіптік бағдардың негізгі принциптерімен, ұжымдық формаларымен жіне тәсілдерімен, еңбекке баулуды жүзеге асырудың орнымен және жолдарымен, бастауыш мектепдегі еңбек іс-әрекетінің тиімділігін арттыру мүмкіндіктерімен, еңбек пәнін жүргізуші мұғалімнің оқу –тәрбие ісі мен таныстыру ниетінде арнадық.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет