І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


Білім беру үдерісінің заңдылықтарын анықтау



бет26/94
Дата15.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#139606
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   94
Байланысты:
Лекция 23

Білім беру үдерісінің заңдылықтарын анықтау педагогиканың тағы да бір міндетімен – қазіргі педагогикалық жүйелерді негіздеумен байланысты. Бұл істе педагогиканың ғылыми теориялық қызметі оның құрастырушылық – техникалық қызметіне қарағанда басым және жүйе құраушылық бағытта болады. Оқыту мен тәрбиенің ғылыми негізделген жүйесін құрау, жаңа әдістер мен оқу материалдарын жасау теориялық зерттеулер барысындағы педагогикалық құбылыстардың мәнін табу негізінде ғана мүмкін болады.
Педагогика ғылымының тағы бір міндеті жаңа білім мазмұнын және оған сәйкес оқытудың, тәрбиелеудің, білім беруді басқарудың мазмұнын, формаларын, жүйелерін жасау болып табылады. Әуелі білім мазмұны және оқыту мен тәрбиелеудің әдістері жасалады, сонан соң ғана практикада тұжырымдамалық нұсқауларды іске асыру құралдары даярланады. Қазіргі уақытта біздің еліміздегі білім беру жүйесі оны жаңартудың жүйе құрушылық түсінігін талап ететін жаңару кезеңіне енді.
5.2. Педагогиканың негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы. Тәрбие категориясы ең алғашқы педагогикалық категориялардың бірі. Тәрбие екі мағынада қарастырылады: кең мағынадағы тәрбие және тар мағынадағы тәрбие.
Кең мағынадағы тәрбие ғасырлар бойы мирас қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жеткізі; тар мағынадағы тәрбие субъект – субъектілі қарым – қатынасқа негізделген ұстаздан шәкіртіне, ата – анадан балаға берілетін тәрбие үдерісі.
Тәрбие дегеніміз құнды әлеуметтік тәжірибені, мәдени құндылықтарды меңгерте отырып, тұлғаның өзін-өзі дамытуға, қоғаммен үйлесімді қатынаста болуына бағытталған үдеріс.
Оқыту – тәжірибелі ұстаз бен оқушының арсындағы нәтижесінде белгілі білімдер, іскерліктер, дағдылар тәжірибені және өз мінез-құлқын, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын бір мақсатқа бағытталған белсенді өзара әрекет үдерісі. Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, оқу, оқыту ұстанымдары, оқыту үдерісі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, нәтижесі.
Білім – адам, қоғам, табиғат, заттар мен құбылыстар жайлы ғылымда жинақталған білім жүйесі; адамзаттың жинақтаған мол тәжірибесі; ұғымдардың, заңдылықтардың, тұжырымдардың, қағидалардың, деректердің, пайымдардың жиынтығы т.б.
Білім беру қоғамдық, әлеуметтік, мәдени құбылыс: қоғам мен мемлекеттің өзінің азаматына қатысты функциясы; тұлғаның мәдинеті, мәдени құндылық; білім, білік, дағды-машықтардың және ойлау құралының жүйесі; ғылыми көзқарастар, шығармашылық қабілеттер мен мүмкіндіктерді дамыту үдерісі; терең сапалы білім негізінде жеке тұлғаның еркін бағдарлай білу, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі дамыту үдерісі; білім, білік, дағды мен іс-әрекеттердің жиынтығы және оны жүзеге асырудағы адамның іс-тәжірибесі; білім берудің тұтастығы, нәтижелілігі, т.б. Білім берудің қоғамдық қызметтері тұтастығынан ол- әлеуметтік тәжірибені жеткізудің құралы.
Оқыту -дидактиканың маңызды категорияларның бірі; оқытушы мен оқушының өзара түсіністік, ынтымастастық қарым – қатынасы, іс-әрекеті; білім беру, біліктері мен дағдылары, іс-әрекеттерді меңгеру үдерісі; белсенді шығармашылық әрекетті басқарудың негізгі жолы; сапалы білім беру, тәрбие, дамыту мақсаттарына сай оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталаған арнайы ұйымдасқан іс-әрекеті т.б.
Құзыреттілік – оқушылардың әртүрлі іс-әрекеттер түрлерін меңгерумен анықталатын білім беру нәтижесі.
Педагогикалық категориялардың өзара бірлігі мен өзара байланысын қамтып тұрған базалық категория – педагогикалық үдеріс категориясы. Педегогикалық үдеріс – бұл қозғалыстағы, дамудағы әрекет. Педагогикалық үдеріс – субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын қарым-қатынастардың жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет