І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ



бет63/94
Дата15.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#139606
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   94
Байланысты:
Лекция 23

Оқыту заңдылықтары деп - оқыту үдерісінің құрамдық бөліктерінің арасындағы объективті , мәнді, тұрақты , қайталанатын байланыстарды атайды. Бұл байланыстардың оқыту үдерісі бөліктеріне байланысты айырықша ықтималды-статистикалық сипаты дидактикада “заңдылықтар’’ ұғымының ерекшелігі болып табылады. Үдеріске қатысушылардың істері мен үдерістің шарттарына тәуелсіз, олардыңбір бөлігі әрдайым іс барысында, мысалы оқыту мақсаты мен мазмұны қоғамның, жеке адамның білім деңгейінің талабына байланысты. Заңдылықтардың көп бөлігі тенденция ретінде көрінеді , демек әрбір бөлек жағдайда емес , көп жағдайда статистикалық қатарда болады. Бұл барлық қоғамдық үдерістерге тән, оқыту үдерісіне де тән; өйткені ол саналы түрдегі мұғалім мен оқушының әрекетіне, мәдени, материалдық шарттарына және т.б. көптеген факторларға тәуелді.
Көптеген оқыту заңдылықтары тәжірибелі, эмпирикалық жолмен табылады, демек оқыту тәжірибе негізінде құрыла алады. Алайда, нәтижелі оқыту жүйесін құру ,оқыту үдерісіне жаңа дидактикалық құралдарын енгізумен қиындату оқыту үдерісіндегі заңдар туралы теориялық білімді қажет етеді. Оқыту үдерісінің ішкі және сыртқы заңдылықтары ерекшеленеді. Алғашқылары оқытудың қоғамдық үдерістер мен жағдайларына: әлекметтік – экономикалық, саяси жағдайға, мәдени деңгейге, қоғамның белгілі түрдегі жеке адам типіне және оның білім деңгейінің мұқтаждылығына тәуелділігін сипаттайды.
Оқыту үдерісінің ішкі заңдылықтарына оның өз бөліктерінің арасындағы, яғни, мақсаттарының, мазмұндарының, тәсілдерінің, әдістерінің формаларының арасындағы байланыстар жатады. Басқаша сөзбен айтқанда, бұл сабақ берудің , оқыту және оқытылатын материалдың арасындағы тәуелділік. Педагогика ғылымында мұндай заңдылықтар өте көп белгіленген, айтылып кеткендей, олардың көпшілігі оқытудың міндетті шарттарын орындағанда ғана іске асырылады.
Осы кезеңдегі дидактика оқыту үдерісі біртұтас құбылыс ретінде зерттеліп, оның заңдылықтары мен негізгі сипаттары ашылды. Олар:
1. Оқытудың қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Неғұрлым қоғамның зкономикалық мүмкіншілігі ғылыми-техникалық үдеуге сәйкес дамып отырса, солғұрлым мектептің оқу-материалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық үдеріс тиімді ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі әсер етеді.
2. Оқыту, білім беру, дамудың өзара байланыс заңдылығы. Л.С.Выготский былай деген : “Оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуына “ең таяу даму зонасын ” жасайды, баланы ізденуге талаптандырады және дамудың бірнеше ішкі үдерістерін қозғалысқа келтіреді”.
3. Оқыту үдерісінің міндеттерінің, мазмұнының, формаларының, әдістерінің өзара байланысы, олардың жаңарып, толықтырылуы.
4. Жеке заңдылықттар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды.
Оқыту үдерісінің заңдылықтары оқыту принциптері арқылы жүзеге асырылады. “Принцип” (лат.) – негізгі, бастапқы, қағида, ұстанымдар деген мағынаны білдіреді. Оқушыларды терең және мықты ғылым негіздерімен қаруландару ғалымдардың дидактикалық принциптерді анықтауды талап етті. Ол принциптер мектептің жалпы мақсатына сай – қоғамда білімді, өзіндік бастамасы бар, іскер құрысшыларын дайындау болды. Негізгі принциптер: ғылым негіздерін жүйелі және саналы игеру, теорияның практимен байланысы, оқыту әдістерінің алуан түрлілігі, оқытуды өндірістік жалпы ғылыми принциптерімен таныстыру, балалардың жас ерекшеліктерін ескеру.
Л.В.Занков дидактика мәселелерін зерттеуші ғылым. “Дидактика және өмір” атты еңбегінде мектептің оқушыны дамытуына баса назар аударып, эксперименттік оқыту принциптерін, осы бағыттағы мектеп тәжірибесінің нәтижелерін ашып көрсетті. Л.В.Занков 1963-1967 жылдар аралығында төртжыл бойы эксперимент жүргізілді. Оның нәтижесінде бастауыш сыныптарда оқытудың мынадай принциптері, яғни ұстанымдар анықталды:
Оқытудағы жоғары деңгейдегі қиындық принципі, “орташа қалыптағы” қиындықты белгілі бір мөлшерге дейін арттыруды сипаттамайды, ол ең алдымен оқушының рухани күшін ашып, оның дамуын өрістетіп, бағыт береді. Бұл жерде, тек қарапайым түрде оқушының “ақыл-ой күшін біраз арттыруды” емес, дидактикада оны біртіндеп күрделендіруді білдіреді . Бұл принципте кез келген қиындық емес ,зерттелетін құбылыстың танымдық мәні, байланыстары, өзара тәуелділіктері , оқушыларды әдебиет пен өнердің шынайы құндылықтарын меңгертуге бағыттайды. Бұл принцип оқушылардың оқу қызмет нысанын сипаттайды.Сонымен бірге бұл принцип оқушының оқу материалдарын меңгерудегі психикалық қызметінің өзіне тән үдерістерін жинақтайды.
Жоғары деңгейде оқыту принципі күрделілік мөлшерін қадағалайды.
Жаңа жүйенің келесі дидактикалық принципі – теориялық білімнің жетекші рөлі. Көрсетілген принцип оқытудың танымдық қырын алға шығаратын, баланы дамытатын ең үклен күш және біліктер мен дағдыны іске асыратын сенімді негіз саналады. Теориялық білімді алға шығарудың қорқынышы кіші жастағы оқушылардың ойлауы нақты деп , психологтардың еңбектерінде негізделген еді .
Эксперименттік жүйенің келесі принципі – оқу үдерісін саналы меңгеру. Бұл принципті жүзеге асыру оқытудағы саналылық принципі негізінде жүзеге асырылады. Оқытуда маңызды орын алатын принциптің бірі – барлық балаларды дамыту , соның ішінде білімі нашар оқушыға байланысты болады.
Сонымен, оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін- оқыту процесінің принциптері деп атайды.
Оқыту үдерісінде кез-келген мұғалім дидактиканың принциптерін басшылыққа ала отырып, оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін, ұйымдастыру формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтижеге жеткізуі шарт. Мұғалім дидактикалық принциптерді дұрыс таңдап , оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтижелі болары даусыз. Оқушыларға ойдағыдай теориялық білім, практикалық дағды, қабілет және тәрбие беру міндеттерін толық жүзеге асыру үшін оқытушы әрбір сабағын мынадай дидактикалық принциптер негізінде өткізуі қажет: оқу материалы , оның орналасуы мен оқытылуы ғылыми негізде жүйелі болуы; оқу материалы және ооны түсіндіріп айту, көрнекті, ұғынықты болуы; теория мен практиканың тығыз байланыстылығын ашып көрсете білуі; оқушылар оқу материалын саналы және белсенді ұғынуы; оқушылардың алған білімі мен дағдылары берік болуы.
Әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отандық оқу- ағарту ісіне қатысты тұжырымдап, тәжірибеге енгізді.Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады.Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үщін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Ол принциптер:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет