І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ



бет71/94
Дата15.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#139606
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   94
Байланысты:
Лекция 23

Ойын арқылы оқыту. Оқыту әдісі ретінде ойын түрлерін қолдану білім алушылардың танымдық қызығушылық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.Ойын түріндегі оқыту технологиясының басты элеметтері:
-ойын алдында нақты оқу мақсаты қойылады;
-ойын арқылы белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарланады,оқыту іс-әрекеттері ойын ережелеріне бағынады,оқу материалдары ойын құралы болып табылады.
Ұжымдық іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруға бағытталған ойын тәсілдері арқылы білім алушылар басқа шағын топ мүшелерінің пікірін сыйлауды,соңғы нәтиже мен өзіндік іс-әрекетін жобалай алуды ,мақсатқа жету әдістерін анықтауды үйренеді.
Коммуникативтік әдіс. Оқытудағы коммуникативтік тәсіл-ақпаратты тарату мен жариялау,екі немесе одан да көп адамдар өзара сөйлесім процесіне түскенде білім,білік және дағдымен алмасу.Коммуникативтік тәсілдің нәтижесі тілдік және сөйлесу нормаларын дұрыс пайдалана және коммуникативтік әрекетті дұрыс таңдай отырып, қарым –қатынасқа қатысушы басқа адаммен өзара әрекет ету процесінде тіл арқылы қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеттілігі болып табылады.
Оқыту үдерісінде коммуникативті тәсілдерге сәйкес қарым-қатынас жасай білуін қалыптастыруға ықпал ететін тапсырмалар және шынайы коммуникация шарттарына барабар жұмыс режимі (жұптық және топтық жұмыс) пайдаланылады.
2. Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігінің тәсілі.
«Форма» ұғымына С.И. Ожегов «белгілі мазмұны бар бір нәрсенің түрі, құрылымы, құбылысы, қарастырылымы, типі», - деп анықтама береді. Оқушылар мұғаліммен бірге танымдық әрекетте немесе қарым-қатынас кезінде тәртіптің мәдени формаларын игереді.
Оқыту әдістері оқушылардың білім алудағы мақсатты, үлкен нәтижелерге жету жолдары болып табылады. Мұғалім нақты түрде жаттықтырушының рөлін атқарады, ол өзінің жұмысын жақсы біледі және оқушыларды жақсы нәтижеге жеткізеді.
Оқыту индукциялық пен дедукциялық әдістер арқылы құрылады. Индукция - ой тұжырымының жекеден жалпыға өтуін білдіреді. Оның үш түрі бар: индуктивтік қорыту; аналогиялық (ұқсастыру); тәуелділік себебі туралы пайымдау. Дедуктивті пайымдаудың үш түрі бар: ақиқаттылығы дәелді керек етпейтін- аксиома, логикалық тұжырым, қорытынды. Дедукцияның үш түрі бар: жалпыдан жекеге өту, жалпыдан жалпыға өту,бірліктен жекеге және жалпыға өту. Дедукцияның ережелері түсінуге күрделі және қиын, сондықтан ол білім деңгейі жоғары, дайындығы бар оқушыларды оқытқанда пайдаланады. Дедукция және индукция оқытудың басқа да құралдарымен қатар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет