І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану



бет74/94
Дата15.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#139606
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   94
Байланысты:
Лекция 23

Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ( АКТ) қолдану құзіреттілігі базалық АКТ дағдылар негізінде құрылады және жұмысқа, қарым-қатынасқа,бос уақытқа арналған технологияларды дұрыс шығармашылықпен қолданудан тұрады.Білім алушылар өздерінің АКТ бойынша дағдыларын білім алу процесіндегі барлықт оқу пәндері арқылы дамытады, яғни ақпаратты табу, құру, мәліметтермен, идеялармен алмаса отырып, кең спектрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдалану арқылы бірлесіп қызмет жасау барысында өзінің жұмысын бағалайды және жетілдіреді.
Орта мектепте АКТ-ні БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалануға қойылатын талаптар: дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу,табу; сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін құндылығын бағалай алу; сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен, оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа да қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметтерді жүйелеу; заңдылықтар мен үрдістерді зерттеу, модельдер мен модельдеуді пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді ,дыбыстарды және мәтіндерді мультимедиялық таныстырылымдар құру үшін біріктіру, басқа нұсқаларды зерделеуде,нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану; электронды байланыс арқылы басқа білім алушылармен және оқытушылармен ынтымақтаса онлайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысып, қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу; интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану; аяқталған жұмыс бойынша мектептің шеңберінде немесе одан тыс жерде мультимедиялық таныстырылым жасау.
Кейс-стади. Кейс-стади –бұл нақты оқиға мен жағдаятты талдауға арналған іскерлік ойын. Кейс –стадиді қолдану барысында білім алушылар топтық сұрақ-жауап кезінде шығарылған мәселенің маңызын түсіндіріп, жағдайды бағалайды, оқиға немесе процеске талдау жасайды, өзіндік шешу жолдарын көрсетеді.Кейс-стадиді қолдану: жүйелі,корреляциялық,факторлы, статистикалық және тағы басқа талдау біліктілерін шыңдауға мүмкіндік береді; -білім алушылар мен қосымша тапсырмалар жасау нұсқаларын жобалайды; «ми шабуылы» пікір таласын өткізу, ғылыми дауласу, негізгі және әр жақты шешім бойынша дебаттар дайындалып өткізіледі деп жобалайды. Кейс-стади қолдану барысында білім алушылардың дайын білімді меңгеруі емес оны өңдіруге,яғни теориялық білімін практикалық міндеттерді шешуге қолдану дағдыларын дамыту және мұғаліммен білім алушылардың ынтымақтаса шығармашылық пен жұмыс жасауына басты назар аударылады. Дербес оқыту тәсілі. Дербес оқу- оқу- тәрбие процесін дараландырылуға, білім алушылардың жеке ерекшелігін ескеріп, оқыту мен тәрбиелеуге, өзіндік танымдық іс-әрекетті тәжірибесін қалыптастыруға, өзіндік білімін көтеруге дайын болуы мен қажетсінуіне, білім алушылардың ұйымшылдығын, дербестігін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Кластер- белгілі өз сипаттары бар,дербес бірлік болып саналатын,бірнеше біртектес даналарды бір топқа графикалық трде біріктіру.Ол оқу материалдарын жүйелеп, қорытуға ықпал ететін бейнені білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет