Байланысты: ² á ë³ì. Ïåäàãîãèêàëû ìàìàíäû à ê³ð³ñïå 1 òà ûðûï. Àç³ðã³ æà
2.2. Мұғалім еңбегінің профессиограммасы – мұғалім тұлғасының моделі ретінде. Мұғалімдердің моральдіқ-психологиялық, этикалық сапалары туралы ойлар шығыс философы Әбу-Насыр әл-Фараби еңбектеріндегі айырықша көңіл аударылған мәселелердің бірі. Ол мұғалім бойында шыншылдық, шәкіртіне де, өзіне деталдап қоя алушылық , ықыластылық, қаталдық, күш-жігер және педагогикалық такт сияқты касиеттердің сақталуын қажет деп санаған. Әл-Фараби ұстаздың мінез – құлық нормасы қандай болуы жайлы былай деп жазады: «..ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тымырыққа көне беру – ұстаздың қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымға шәкірті селқос қарайтын болады».
Педагогика ғылымының негізін қалаушы Я.А.Коменский (XVII ғ.) «Мұғалімдерге ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ» - дей отырып, балаларды оқыту, тәрбиелеу барысында мұғалімдерден табиғатқа сәйкестілік және дидактикалық принциптердің орындалыун талап еткен.
П.Ф.Каптерев мұғалімдердің адамгершілік қадір-қасиеттерінің маңыздылығына көніл бөле отырып, оқыту мен тәрбиелеу үрдістерінің тұтас жүргізілуі барысында «оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту» қағидасының сақталуын талап етеді.
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптардың күрделеуіне байланысты педагогикалық теорияда профессиографиялық тұрғыдан зерттеулер орын ала бастады. Осы бағытта арнайы зертеулермен айналысқан ғалымдар Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмин, А.И.Шербаков, В.А.Сластелин, Ю.С.Алферов, Е.И.Антипова, т.б болды.
В.А.Сластенин мұғалім тұлғасына қойлатын талаптар жүйесін оның педагогикалық еңбекке кәсіби даярлығы ретінде қарастырылады. Ол даярлықтың құрамына мұғалімнің психологиялық, физиологиялық даярлықтар мен қатар ғылыми және практикалық құзыреттілігін жатқызады. В.А.Сластениннің пікірінше «Мұғалім профессиограммасы мамандықтың паспорты ретінде оның квалификациялық сипаттамаларын, яғни қоғамдық – саяси, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық білімдерінің көлемдерін және ғылыми негізделген ара-қатынастарын, сонымен катар болашақ мұғалімге қажетті педагогикалық, әдістемелік іскерліктер мен дағдыларды қамту қажет». Профессиограмма – мұғалімнің, оқатушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.
В.А.Сластенин ұсынған мұғалім профессограммасында ол педагогикалық кәсіптің жалпы сипатын және жеке мамандықа байланысты сипаттарын қарастыра отырып 4 тараудан тұратын мұғалімнің профессиограммасын береді:
1) Мұғалімнің қасиеті мен сипаттамасы. Бұған ол мұғалімдердің идеялық, кәсіптік – педагогикалық, танымалдық бағыттылығын жатқызады.
2) Мұғалімнің кәсіптік – педагогикалық, бағыттылығына қойылатын талаптар. Мұнда ол мұғалімдердің білім, білік және дағдыларын біріктіре қарастырады.
3) Арнайы даярлықтың көлемі мне құрамын. Бұл тарау болашақ мұғалімдердің шеберлік деңгейінде еңбектенуі үшін қажет болатын жалпы ғылыми негізде дайындық көлемі мен арнайы даярлықтың қалыптасатын нақты білім, және дағдыны біріктіреді.
4) Мамандық бойынша әдістемелік жағынан даярлық мазмұны. Бұған мұғалімге қойылатын жалпы әдістемелік талаптар және жеке пән мұғалімдеріне қойылатын арнайы әдістемелік талаптар енгізілген.
Жалпылап қарастырғанда қазіргі кезде мұғалім профессиограммасын құруда үлкен тәжірбие жинақталған. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады: жалпыадамзатық қасиеттер; кәсіби – педагогикалық қасиеттер, арнайы пән бойынша білім, білік дағдылары.