І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


) Оқытудың белгі-контекстік технологиясы



бет94/94
Дата19.06.2023
өлшемі311,53 Kb.
#102333
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
5) Оқытудың белгі-контекстік технологиясы. «Контекст» сөзі латын тілінен аударғанда «contextus» - өрілу, бірігу деген мағынаны білдіреді. А.А.Вербицкидің белгі-контекстік оқыту технологиясы кәсіби білім беру саласына арналған және оқыту үрдісін білім алушының болашақ кәсіби іс-әрекеті контекстінде қарастырумен негізделеді. Технологияның басты идеясы – оқыту үрдісінде ғылыми теория мен кәсіптік саланы (өндірісті) кіріктіру. Яғни жоғары оқу орындарында білім алушылар тек пән мазмұндарын меңгеру емес, соған қоса алған білімдерін кәсіби салада пайдалану дағдыларын қалыптастыра алулары керек. Демек, білім болашақ кәсіби іс-әрекет контекстінде (кәсіби іс-әрекет моделі, белгісі арқылы) берілуі керек.
Технологияда білім алушының үш түрлі іс-әрекеттері ажыратылып қарастырылады:

  • Академиялық типтегі оқу іс-әрекеті (лекция, семинар, өздік және лабораториялық жұмыстар, т.б.);

  • Квазикәсіби іс-әрекет (кәсіпті меңзейтін іскерлік ойындар, сабақтың кәсіби іс-әрекетке жақындатылған ойын формалары, т.б.);

  • Оқу-кәсіби іс-әрекет (ғылыми-зерттеу жұмыстары, кәсіптік практика, дипломдық жұмыс, т.б.).

Осы іс-әрекет түрлерінің өзара кіріктіріле атқарылуы контекстік оқыту технологиясының мәнін ашады. Контекстік оқыту білім беру саласындағы негізгі қарама-қайшылық болып табылатын теориялық білімдердің шынайы кәсіби іс-әрекет талаптарфына сәйкессіздігін жоюға бағытталған.
Бұл технологияны қолданудың негізгі принциптері:

  • Теория мен практиканың байланысын модельдеу;

  • Бірлескен іс-әркет түрлерін модельдеу;

  • Тұлғаның белсенділігін қалыптастыру;

  • Проблемалық жағдаяттарды шешу;

  • Оқыту мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету;

Іскерлік ойын – қазір кәсіби (болашақ кәсіпті елестету) іс-әрекеттің жетекші формасы болып табылады. Іскерлік ойын арқылы білім алушы өзінің болашақ кәсібімен жанама түрде тереңірек танысады, ондағы қызметтерін іс-жүзінде орындап көруге тырысады. Мысалы, педагогтық кәсіпті жақсы меңгеру үшін, болашақ ұстаздар арасында іскерлік ойындар ұйымджастыру арқылы олардың бойында сөйлеу шеберлігін, шығармашылық ұйымдастырушылық, конструктивтік т.б. қабілеттерін қалыптастыруға болады.
Сонымен қатар іскерлік ойындарды жүргізуге қойылатын әдістемелік талаптарды ескеру қажет:

  • Іскерлік ойын бір тарауды пысықтау үшін, оның логикалық аяқталуын көрсету үшін қолданылады;

  • Ойынның ұйымдастырылуы барынша шынайы кәсіби іс-әрекет етілуі қажет;

  • Еркін шығармашылық және ізденіс ахуалының қамтамасыз етілуі қажет;

  • Қажетті оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау талап етіледі;

  • Іскерлік ойынның мақсаты, міндеттері, мазмұны, жүргізу ережелерінің нақты белгіленуі;

  • Ойында көрсетілген кәсіби проблеманың мүмкін болатын бірнеше шешімдерінің анықталуңы;

  • Ойынды жүргізуге қажетті жабдықтардың болуы.

Контекстік оқыту технологиясы жоғары сынып оқушыларының арасында, кәсіпке бейімдеу барысында қолдану өте тиімді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет