Әлеуметтендіру теориясы. Тұлға – қарым-қатынас пен қызмет барысында қалыптасқан және тиісті белсенділік деңгейі мен өзіндік тануды білдіретін адамның әлеуметтік мәні. Тұлғаның дамуы – ішкі және сыртқы факторлардың әсерімен белгіленген, ағза. Психика, интеллектуалдық және рухани ортадағы сандық және сапалық өзгерістер үдерісі. Тұлғаны әлеуметтендіру – тұлғаның қоғамға, жеке топқа тиісті тәртіп үлгілерін, құндылықтар, нормалар, қағидаларды білуі және сол арқылы әлеуметтік байланыстар мен әлеуметтік тәжірибені меңгеруі. Тұлғаның даму факторлары – тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие. Тұлғаның дамуының негізгі күштері: ішкі қарама-қайшылықтар (тұлғаның мүмкіншіліктері мен қажеттіліктері арасындағы). Сыртқы қарама-қайшылықтар (тұлғаның мүмкіншіліктері мен қоғамның талаптары арасындағы)
Мектептің кәсіби іс-әрекеті мен әрбір мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің әдіснамалық негізінің құраушысы болатын теория мен практиканың үздіксіз өзара байланысы үнемі қарастырылады. Педагогикалық теория мен практиканың өзара байланысы олардың өзара іс-әрекетінен туындайды.
6.2. Педагогика әдіснамасының даму тарихы. Педагогика әдіснамасы дамуындағы негізгі қарама – қайшылық – педагогикалық шынайы болмыс пен педагогика әдіснамасы арасындағы сәйкессіздік. Бұл қарама – қайшылықты шешу үшін ғалымдар педагогикалық құбылыстардың дамуы заңдылығында көрініс табатын зерттеу әдістерін құрастыру; педагогикалық болмысты қайта құру әдістерін іздестіру және жүйелеуді ұсынады. Педагогика әдіснамасының даму үрдістері былайша аталады: 1) педагогика әдіснамасы пәнінің түсінігі мен мәнін тереңдету;
2) педагогика әдіснамасының міндеті – педагогикалық ойлау, ғылыми шығармашылық стилін диалектикалық дамыту мен педагогикалық сананы сақтау, қалыптастыру;
3) заманауи зерттеушілердің үш негізгі әдіснамалық ережеге бағыттылығы. Бірінші ереже: кез келген педагогикалық зерттеуде зерттеу нысанының қарама – қайшылықтарына зерттеу мәселесін құрастыру және оның шешімін сәйкессіздіктерді нақтылау арқылы негіздеу. Екінші ереже: кез келген педагогикалық мәселе тәрбиелік және дидактикалық жүйенің интеграциясымен, педагогикалық білім мен үдерістің бірлігін, жүйелілігін ескеру арқылы қойылуы және шешілуі керек. Үшінші ереже: кез келген педагогикалық зерттеу педагогикалық шынайы болмысты, оның қайта өзгеруі мен эмпирикалық таным нәтижелерін немесе әдістерін қолдануды қажет етеді.