Байланысты: Құқық бұзушылық түсінігі және түрлері-melimde.com
Құқық бұзушылықтың себептері төңірегінде ежелден осы күнге дейін сан түрлі пікірлер айтылуда. Айтылған ойларды тұжырымдасақ, адамдардың құқықтық нормаларды бұзуына, ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқаймыз.
3. Құқық бұзушылықтың субъективтік себебі — бұл, мемлекеттік идеологияға, адами құндылықтар мен қоғамдық мүддеге қарама-қайшы құқықтық сананьщ төмен деңгейлігі. 4. Ал объективтік себебі — өмірдегі, экономикалық және әлеуметтік қатынас саласындағы нақтылы кайшылықтар. Құқық бұзушылықты тудырушы объективтік жағдайға — оның субъективтік және объективтік себептерінің орнын алуына жол беретін, ұйымдастырушылық және техникалық тәртіптің жеткіліксіздігін айтуға болады. Құқық бұзушылық қашан да жекелік сипатта болады. Жеке тұлғаның қабылдаған және оның қажеттілік мақсаты арқылы анықталатын құқыққа қайшы шешім, құқық бұзушылықтың тікелей себебі болып табылады. Бірақ құқық бұзушылық себебін белгілі бір әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру жеткіліксіз. К.Маркс былай деген болатын: қоғам тек адамдардан ғана тұрмайды, олардың ара байланысы мен қарым-қатынасын бейнелейді ( К. Маркс, Ф. Энгельс. Шығ. жинағы, 3-т, З-б.). Сондықтан да құқық бұзушылықтың себебін жекелеген құқыққа қайшы әрекеттер арқылы түсіну мүмкін емес. 5. Ғылыми зерттеу нәтижесі құқық бұзушылықтың себебі жеке адамның қажеттіліктерімен оны қанағаттандырудың әлеуметтік мүмкіндігінің арасындағы қайшылықга деп түсіндіреді. Яғни бұл өз кезегінде қоғамдық жағдайдың сипатына тәуелді болады. Бұл дегеніміз қоғамдық қатынастар жүйесінде: өндіріс, саясат, мәдениет, шаруашылық, түтыну салаларында белгілі бір орынға ие болу. Ал қалыпты өмір сүру жағдайда бұлар бір-бірімен сәйкес келіп отыруы тиіс. Қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі белгілі бір орынды иелену адамның кәсіпқойлық дәрежесін, білімін және мәдени мәртебелігін айқындайды. 6. Жеке адамның әлеуметтік мәртебелерінің бір-біріне сәйкес келмеуі оны қоғамдық тәртіпті бұзуға итермелейді. Яғни саяси-экономикалық үстемдікке әлеуметтік саладағы жағдай сәйкес келмеуі, жеке адамдардың білім мәртебесіне экономика, мәдениет саласында тиісті орынды қамтамасыз етпеген жағдайда, олар заңсыз әрекеттерге барады. Кейбір саяси қызметкер өзінің жағдайын мемлекеттегі рөлімен теңестіру үшін, билікті теріс мақсатта пайдаланады. Ең арысы жалданбалы жұмысшы да, сатылмалы жұмыс күшінің ақысы оның қоғамдық қажеттігін өтемесе, қолайсыз мүмкіндіктерді пайдалануға бет бұрады. Жоғарыда айтып өткен құқық бұзушылықтың негізгі себептерін түжырымдай келе байқайтынымыз — заңды мінез-құлық, құқықтық сана, құқықтық мәдениеттің бұл тұрғыда алатын орны ерекше.