Занды жауапкершілік бір қатар қағидалардың негізінде жүзеге асырылады: Кінәлі әрекет үшін ғана жауаптылық қағидасы. Бұл қағида, негізінен, заң шығарушыға арналады. Оның тек қоғамға зиянды құқықтық табиғаты мен қоғам құндылығына қайшы келетін әрекеттерге ғана занды жауапкершілікті бекітуін талап етеді. Егер де субъект құқық бұзуға жол беру кезінде өз еркі болмаса, іс-әрекетінің нәтижесін болжай алмаса, болжауға тиісті болмаса, оның болуын тілемесе және өзін басқара алмаса, ол жауаптылыққа негіз бола алмайды. Заңдылық қағидасы. Бұл қағида бойынша жауапкершілік құқықтық нормамен тыйым салынған әрекет және де тиісті норманың санкция шегінде пайда болады. Сонымен қатар барлық процессуалдық ережелер сақталына отырып бекітілген құқық бұзушылық туралы факті нәтижесінде ғана пайда болған жауапкершілік занды болып табылады. Әділеттілік кэғидасы. Ол өз мазмұны бойынша келесі талаптарды қояды: - теріс қылық үшін қылмыстық жазалауға болмайды; - адамның намысын түсіретін жазаны енгізуге жол берілмейді; - жауапкершілікті бекітуші және оны күшейтуші заңның кері күші болмайды; - бір құқық бұзушылық үшін жауапкершілік тағайындалады; - жауапкершіліктің деңгейі жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес келуі тиіс; - жауапкершілік бұзылған құқық пен келтірілген зиянның орнын толтыруы тиіс. Мақсатқа сәйкестілік қағидасы. Ол құқық бұзушыға қатысты алынған шараның заңды жауапкершіліктің мақсатына сәйкес келуін талап етеді: - Құқық бұзушылыктың ауырлығына байланысты мемлекеттік күштеу шарасын іріктеу; - Егер жазалау мақсаты орындалған жағдайда, жауапкершілікті жеңілдету немесе шартты, шартсыз түрде босату; - Егер заңды жауапкершіліктің мақсаты онсыз да орындалуға жатса, завды жауапкершілікті өзге жауапкершілікпен ауыстыру. Жауаптылық қағидасы: - Бірде-бір құқық бұзушылық мемлекет үшін елеусіз қалмауға тиіс; - Құқық бұзушы міндетті түрде заң алдында жауапты; - Құқық қорғау органдардың қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығы;