І деңгей Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазыңыз


Мінсіз мұғалім және оқушылардың жеке ерекшеліктерін айтыңыз



бет6/58
Дата29.10.2022
өлшемі211,2 Kb.
#46168
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
7. Мінсіз мұғалім және оқушылардың жеке ерекшеліктерін айтыңыз.
Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің басты көрсеткіші – оқушының өздігінен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру. Ал мұғалімнің негізгі міндеті – оқушыны білімге өз бетінше ізденіске және шығармашылық іс – әрекеттерге баулу болып табылады. «Сабақ беру – үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқанындай, әрбір өткізілген сабақ оқушының жүрегінен орын алатындай, жақсы істерге жетелейтіндей, рухани байлығын дамыту деңгейінде ұйымдастырылуы керек. Бастауыш сынып оқушыларының қабылдау мүмкіндіктері түрліше. Сондықтан, олардың жас ерекшеліктері мен әр оқушының жеке дара ерекшеліктеріне сай материалдарын игертуде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі нәтижесінде оқыту сапасы артады.
Педагогтың іс – әрекетінің нәтижесін зерттеулер мен зерделеуге сүйене отырып. қазіргі уақытта мұғалім мына төмендегі сипаттамаға лайық болуы тиіс екендігі атап көрсетіледі:




  • Белгілі педагогикалық технологияның толық әдістемесін меңгерген, ғылымның әр саласынан хабардар, жан – жақты білім болуы;

  • Өзінің әрбір оқушысының ерекшелігі мен зейінін жақсы білетін қамқор, психолог болуыкерек.

Мұғалім өз ісінің маманы болуымен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзіа шық, жан – жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт.Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселелерін өзі жақсы білуі керек» деген тұжырымында «Шығармашыл ұстаз шығармашыл шәкірт дайындайды» деген ой айқын аңғарылады. Сөзімді қорыта келе айтарым, жоғарыда аталған құзыреттіліктерді меңгерген мұғалім – шығармашыл шәкірт дайындауға даяр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет