І деңгей Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазыңыз


оқыту сапасын арттырудың кепілі туралы тұжырымдамаңыз-



бет26/58
Дата29.10.2022
өлшемі211,2 Kb.
#46168
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58
5 оқыту сапасын арттырудың кепілі туралы тұжырымдамаңыз-Жаңаша оқыту – білім сапасын арттыру кепілі. Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі,сғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті – өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу-бүгінгі күннің мақсаты. Қоғамның дамуы жас ұрпақтың меңгерген білімі мен машықтық қалыпқа түскен іскерлік дәрежесіне байланысты. Ұлтты ұлт етіп дүниезүзілік деңгейге көтеретін оның саналы да дарынды, талантты ұрпағы. Ал білімді ұрпақ, болашақ ел тірегін тәрбиелейтін, оқытатын – ұстаздар екені аян. Ендеше заман талабына сай оқыту, білім беру, модернизация деңгейіне жеткізу – біздің міндетіміз. Сондықтан балаға білімді қалай игертсем, олардың сабаққа деген қызығуын қалай арттыра түссем деген мәселе қазіргі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қорыта айтқанда, жаңа педагогикалық мұндай технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт – бағдарын анықтап, дамуына, ең бастысы, өзін-өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз.
6 А. Байтұрсынұлы «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы білуі керек» тұжырымдамасын түсіндіріңіз-
Мұғалім тұлғасының қалыптасуына, оның сеніміне не әсер етеді? Мен бұрын білім дұрыс берілмеді деп мұғалім еңбегін, немесе, ғасырлар бойы жинақталған ауқымды білім қорын жоққа шығарайын деп отырған жоқпын. Білім берудің философиялық бастауы қазақстандық ғалымдар Әл – Фараби, Абай Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж.Аймауытов мұраларынан табылады.
А.Байтұрсыновтың жұмыстарында мұғалімдердің өз ана тілінде оқытудың педагогикалық және әдістемелік деңгейін жоғары көтеру, сабақта қолдануға келетін мүмкін құралдардың барлығын пайдаға асырылуы тиіс деп көрсетілген. Бала оқытуын жақсы бiлейiн деген адам əуелi балаларға үйрететiн нəрселерiн өзi жақсы бiлерге керек, екiншi, баланың табиғатын бiлiп, көңiл сарайын танитын адам боларға керек. Оны бiлуге баланың туғаннан бастап, өсiп жеткенше тəнiмен қатар ақылы қалай кiретiн жолын бiлерге керек. Баланың iсiне, түсiне қарап, iшкi халынен хабар аларлық болу керек. Ол үшiн бала турасындағы* … керек. … Бұлардың бiр кемшiлiгi сол: бала оқыту ғылымын оқығандары iшiнде кем болады. Сондықтан көбiне бала оқытуында кемшiлiктерi – қазақ мұғалiмдерi түгiл, ноғай мұғалiмдерiнiң көбi дыбыс айыру жағына шорқақ көрiнедi. Дыбысты жақсы бiлмей, усул сотие жолымен жақсылап бала оқытуға болмайды-делінген.

7 Сабақ беруде сыныптағы психологиялық ахуалдың маңыздылығын баяндап беріңіз-Ахал – өзара қарым-қатынас, көңіл-күйін білдіретін психологиялық ұғым. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының калыптасуы, ой – өрісінің кеңейуіне, сабақта жұмысының тиімділігіне психологиялық ахуалдың қосар үлесі мол. Микроклимат топтағы әрбір тұлғаның көңіл күйін, топпен қанағаттанушылығын, қолайлылығын анықтайды. Бұдан басқа, сыныптың психологиялық атмосферасы нақтылы құндылықтарды қамтып көрсетедi және сыныптағы моралдiк сана және мiнез-құлықтың түрiн анықтауға көмектеседi.Сонымен қатар, мұндай өзара қатынас балаларды тәрбиелеуде әдептік және адамгершілік құндылықтарды жоғарылатуға әсерін тигізеді. Көтеріңкі көңіл-күй есте сақтау процесін арттыра түсіреді. Сезімталдықты жады арқылы бұрынғы бастан кешкен оқиғалар мен соған байланысты ақпарат та есте берік сақталады. Осыдан сезім күйі мен ойлау сапасы арасындағы белгілі бір заңдылықтар байқалады: психологиялық комфортты жағдай танымдық мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады. Ал психологиялық дискомфортты жағдай оның орындалуын тежейді. Мейірімді, көтеріңкі көңіл-күймен істеген жұмыс қыза түседі. Психологтардың байқауы бойынша, көтеріңкі көңіл-күй еңбек өнімділігін арттыратын құдіретті фактор болып табылады. Ұстаздың ең басты парызы – сабақта көңіл қанағаттанарлық жағдай, көтеріңкі көңіл-күй, жалпыға бірдей өзара сыйластық кеңістігін қалыптастыру. Сондықтан, сабақты бастамай тұрып, психиологиялық ахуал тудырып, балаларды «ояту».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет