Байланысты: І де гей аза тілі мен аза дебиетін о ыту дістемесі туралы
32-сұрақ.Диалогтік оқыту технологиясын айтыңыз. Мектептегі сабақ беру әдістемесіндегі диалогтік оқытудың маңызы үлкен. Диалог - ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысты жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Сабақ барысында оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында жүргізілген диалог оқушылардың қызығушылығын, танымын арттырады. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде айтып кеткендей, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдаған, демек оқушылардың көбірек білетін сыныптастары мен мұғалімдермен жүргізілген диалог болған жағдайда ғана, білім беру жеңіл болады. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болғанымен, жақын арада даму аймағы аясында қарастырылғандықтан білім беру табысты болмақ, деп көрсетті. Диалогтық оқыту мәселесін осы уақытқа дейін бірнеше педагог ғалымдар зерттеп келген. Атап айтсам, бразилиялық педагог Фриери, орыс педагогы Выготский, француз педагогы Дьюи. Фриери , әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып, басқа адамдармен диалогтық қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясын әзірлеген. Фриери, мұғалімнің міндеті-оқушының білімін толтыру, көбейту тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқараспен оқушылармен диалогқа түсу, деп санайды. Фриери Выготский мен Дьюидің теорияларын анықтап, зерттеп, дамыта келе назарын ондағы үрдісі мен ол үрдістегі мұғалімге бағыттамай, негізінен оқушыларға бағыттады. Дьюи тәжірибе бір қалыпта тұрақты болмауға тиіс дейді; ол үнемі өзгеріп, бұрын болғанға сүйене отырып, ары қарай өсу үшін нақты әлеуеті болуға тиіс. Ол мұғалімнің қызметі басқа кәсіптерге қарағанда, көрегендікті көбірек талап етеді деп айтқан. Қорыта айтқанда, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігің анықтау үшін жақсы қарым-қатынастық, тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Мұғалімдер қолданысындағы оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалогтық сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болатынына көзім жетті. Сабақтарыма жаңа әдіс тәсілдерді енгізе отырып, Бағдарламаның жеті модулін де асқан ептілікпен кірістіре алдым және олар бір-бірімен тығыз байланысып жатты. Алайда оқу үдерісінде көшбасшылық жасайтын мұғалім болғандықтан, Бағдарлама ең алдымен мұғалімге бағытталған. Мұғалім сабақ үдерісінде «мінсіз оқушы» қалыптастырғысы келсе, ең алдымен өзінің де жоғары деңгейде сыни ойлау қабілеттерін дамыту керек. Сонда ғана «мінсіз оқушының» бейнесін көре аламыз. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнiн өз бетiмeн мeңгeрyiн түciнyi мeн бaғaлaй aлyы бoлып тaбылaды. Мұндaй тәciл бұл үдeрicкe oқyшының өзiнiң дe қaтыcyын тaлaп eтeдi. Ocылaйшa oқyшы дa өзiнiң oқyы үшiн жayaпты бoлaды. Oқyшы мұндaй жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын oртaдa ceзiнiп қaбылдaйды. Mұғaлiмгe aрнaлғaн нұcқayлықты бacшылыққa aлa oтырып, aлдaғы yaқытта өз iс -тәжiрибeмe Бaғдaрлaмaның жeтi мoдyлiн әр caбaғымa кiрiктiре oтырып шыңдaй түceмiн.
Әңгімелесу және диалогтік оқыту Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады. Оқудың белсенді әдістеріне: пікір-таластар, өзін-өзі бағалау, тест құру және бірін – бірін тексеру жатады. Бұл бағыт мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Оқуды белсендіруге және диалог түрінде оқытуды белсендіруге ықпал ететін кез келген тәсілді қолдау мектептің басынан бастап құқықтар тең бөлінген орын екенін білдіретін фактіні растайды; сабақ беру мен оқыту талқылау үдерісінде жүзеге асырылуға және ынтымақтастық қолдануға тиіс, сондықтан мұғалімдер оқушыларға өз бетінше орындау құқығын беретін, сыныпта аса демократиялық атмосферасын қалыптастыратын тәсілмен оқыту үдерісін көңіл бөле ұйымдастыруы керек. Оқушылар диалог әдісін қолдануда, мысалы:талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы оқушы білім алады. Өзара талқылау арқылы, сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдейді. Сол арқылы оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектеседі. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым - қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнативті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Выготский когнетиві дамудың оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе жағдайда жақсаратынын атап көрсетеді. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер(2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады.
Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану әдістемесі Мектепке дейінгі кездегі тілдің дамуына мынадай практикалық әдістер тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі, қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру (құрастыру) әдісі. Сөйлесу (әңгімелесу) әдісі. Бала үшін орындауы анағұрлым қиыны онын тілін үйрету әдісі — сөйлеу әдісі, мұны қосымша сүрақ пен жауап әдісі, әңгімелесу әдісі деп те атайды. Әңгімелесу әдісі үйретушінің сұрауынан, ал үйренушінің жауап беруінен тұрады. Демек, олардың екеуі де сөйлейді, бірақ бір сөзді емес (еліктеу әдісіндегідей), әр түрлі сөздер сөйлейді: үйретуші өзінің сұрағымен баланың өзіне таныс сөздерді, дыбыстарды, грамматикалық формаларды немесе дәнекер тексті еске түсіруге және оны орнымен қолдануға итермелейді. Үш жасқа аяқ басқан балалардың сөйлеу органдарын жаттықтыру үшін дыбыстарды артикуляциялауда [ж] — [з] тәрбиеші сөйлесу әдісінің әр түрлі тәсілдерін пайдалана алады. Құрастыру (әңгімелеп беру) әдісі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінде құрастыру (әңгімелеп беру) әдісіне кең дербестік беріледі. Оньң мәні мынада: балалардың ертегілерді өз бетінше «құрастыруын», олардың өз өмірлерінде кездескен нақты жағдайларды әңгімелеп беруін, көркем әдебиеттегі тақырыптарды араластырып айтуын, картинкаларды, нақты объектілерді — заттарды, хайуанаттарды, өсімдіктерді — суреттеуін тәрбиеші көтермелеп отырады.