І деңгей Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазыңыз


Оқытуды ұйымдастыру формалары- Оқытуды ұйымдастырудың формалары –



бет36/58
Дата29.10.2022
өлшемі211,2 Kb.
#46168
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58
32.Оқытуды ұйымдастыру формалары- Оқытуды ұйымдастырудың формалары –
белгілі бір тәртіпте және режимде жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушылардың келісілген іс-әрекетінің сыртқы көрінісі. Олар әлеуметтік шартталған, дидактикалық жүйелердің дамуымен байланысты пайда болады және жетілдіріледі.

Оқытудың ұйымдастыру формалары әр түрлі өлшемдер бойынша классификацияланады:

- оқушылардың санына қарай: бұқаралық, ұжымдық, топтық, шағын топтық, жекелік;

- оқу орнына қарай: мектептік және мектептен тыс формалар;

- мектептік оқыту формалары: сабақтар, шеберханада, мектеп жанындағы тәжірибе участкісінде, лабораториядағы т.б. жұмыс;

- оқыту уақытының ұзақтығына қарай; сыныптағы сабақ /45 минут/, қосарланған сабақ /90 минут/, әр түрлі ұзақтықтағы сабақтар.

Мектептік даму тарихында әр түрлі оқыту жүйесінде бір басым оқыту формасы қолданылды: жекелік-топтық /орта ғасыр мектептерінде/, өзара оқыту /Англиядағы белланкастер жүйесі/, оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқыту /мангеймдік жүйе/, бригадалық оқыту /совет мектебінің 20-шы жылдары/, американдық «Трамп жоспары», онда уақыттың 40% үлкен топтарда /100-150 адам/, 20% - кіші топтарда, және 40% дербес оқуға бөлінді.

33.Оқыту ұстанымдары-■ Дамыта оқыту ұстанымы

■ Ғылымилық ұстанымы

■ Түсініктілік ұстанымы

■ Көрнекілік ұстанымы

■ Жүйелілік ұстанымы

■ Бірізділік ұстанымы

■ Жеке даралық ұстанымы

■ Саналылық жəне белсенділік ұстанымы

■ Беріктілік ұстанымы

■ Теория мен тəжрибенің бірлігі ұстанымы



34. білім беру жүйесінің негізгі нормативтік құжаттары-

Оқу орындарындағы ең маңызды нормативті құжаттардың бірі – білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады, солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды.

Білім берудің мемлекеттік стандарттарының негізгі қызметтері – азаматтардың толық білім алуы мен оның сапасын жоғарлатуы, Республикадағы оқыту кеңістігі бірлігі қызметтерін сақтау, білімнің гумандық қызметтері және оны басқару болып табылады. Білім берудің мемлекеттік стандарттары төмендегідей талаптарға жауап береді:

• білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін, жалпы мәдени ортаның жағдайын ескеру;

• нәтижесін дұрыс мөлшерлеу;

• білім беру салаларының және сатыларының сабақтастық стандарттарының ережелерін бұзбау;

• жеке тұлғаны дамыту міндеттеріне сәйкес әрбір мектеп сатыларының ерекшеліктерін ескере отырып, білім мазмұнымен қамтамасыз ету;

• білім мазмұнының оңтайлы түрін көрсету;

• оқушы жастардың қызығушылығы мен бейімділігіне сәйкес мемлекеттің, аймақтық, мектептердің білім мазмұнын көрсету;

• мектеп оқушыларының оқу жүктемесін мөлшерлеуге көмектесу;

• тексеру жағдайында жылдам қызмет көрсету.

Білім беру стандарттары оқу жоспарлары мен бағдарламаларын негізге алады. Оқу жоспары белгілі бір оқу орындарында оқытылатын оқу пәндерінің құрамын, оларды оқыту барысы мен ретін, әрбір пәнге берілген сағат санын анықтайды. Базалық оқу жоспары барлық оқушы жастар үшін ұсынылатын міндетті мемлекеттік білім беру стандартының негізгі деңгейі болып табылады. Қазақстан Республикасы білім берудің мемлекеттік стандартында вариативті оқу жоспары үшін мынадай сағаттар қарастырылған:

• таңдаған сабағы бойынша: бірінші сынаптар үшін аптасына 2 сағат және екінші-төртінші сыныптар үшін аптасына 3 сағат;

• факультативтер: 5-9 сыныптар үшін аптасына 5 сағат;

• кәсіби пәндер: 10-11 сыныптар үшін аптасына 8 сағат;

• қолөнер курстары: 10-11 сыныптарға аптасына 4 сағат;

• таңдауы бойынша курстар: 10-11 сыныптарда аптасына 5 сағат.

Білім мазмұны оқушы жастардың алуға тиісті білімі, дағдылары оқу бағдарламасында көрсетілген оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқу бағдарламасында әрбір пәннің мақсаты мен міндеттері; пәннің сипаты мен құрылысы және пәнаралық байланысы; оның мазмұнының бірізділігі көрсетіледі. Оқу бағдарламаларының құрымы негізінен екі түрге бөлінеді. Бағдарламада әр жылдарда оқу пәндерінің кейбір бөлімдерін қайталап оқу көзделеді.

Қазақстан Республикасындағы орта білімді дамыту концепциясы маңызды нормативтік құжат болып табылады. Онда білім беру саласының жағдайына сыни тұрғыда баға берілген. Концепция білім берудің басты үш мақсатын (шығармашылық, дүниеге көзқарас, терең білім) алуға қояды және мектептегі оқу-тәрбие процесінің негізгі мақсатын айқындайды. Қазақстан мектептерінің қызметіндегі басты бағыт оқушылардың білім, білік, дағдыларын біртіндеп қалыптастыру және олардың талдау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады. Осыған байланысты концепция білім берудің әрбір кезеңінің негізгі мақсаттарын анықтайды:

• мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие: мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларына орай білім алуда балалардың тең дәрежелі мүмкіндікке ие болуын қамтамасыз ету;

• жалпы орта білім: азаматтардың міндетті жалпы орта білім алуына және оның сапалы болуына конституциялық құқықпен қамтамасыз ету;

• бастауыш және орта кәсіптік білім: бастауыш орта кәсіптік білім беру орындарын бітірушілердің еңбек рыногында бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, сонымен бірге үлкендерді кәсіби даярлау мен қайта даярлаудан өткізу;

• жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім: орта мектепті, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарын бітірушілерді кәсіби дайындауға, жоғары оқу орындарын бітірушілерді қайта даярлауға жағдай жасау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет