39. топтық және жұптық жұмыс нәтижелері
Топтық, жұптық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әр түрлі сипатта болуы керек. Топтық және жұптық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді.
Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық және жұптық жұмыста оқушылар:
• Өздігінен тапсырманы орындайды, топ мүшелерімен немесе жұбымен өз пікірін бөліседі, алмасады;
• Жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады;
• Өз мүмкіндігін біледі;
• Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады;
• Назарын бақылай алады және алаңдамайды;
• Өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы және оның салдары туралы айта алады;
• Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады;
• Өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі және тыныштандырады;
• Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады;
• Өзін оқушы ретінде жағымды жағынан көргісі келеді;
Топтық және жұптық жұмыстың нәтижелері:
1.Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
3.Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.
4.Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.
5.Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді.
6.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
7.Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенімін қалыптастырады.
Сабақтарға қатысқан мұғалімдер топтық, жұптық жұмыс оқушының ұжымда бірлесіп жұмыс жасауына мүмкіндік беретіні, соның негізінде көшбасшылық қасиеті дамитыны, оқушының өзіне сенімді болуына, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын, танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты өтетіндігін баяндайды.
Достарыңызбен бөлісу: |