І деңгей Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазыңыз


мультимедиялық технологиялардың қызықты мүмкіндіктері -Мультимедия құралдары – бұл әр



бет49/58
Дата29.10.2022
өлшемі211,2 Kb.
#46168
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58
Байланысты:
І де гей аза тілі мен аза дебиетін о ыту дістемесі туралы

17. мультимедиялық технологиялардың қызықты мүмкіндіктері -Мультимедия құралдары – бұл әр түрлі орталарды қолданып (дыбысты, видео, графиканы, мәтінді, анимацияны) адамға компьютермен араласуына мүмкіндік беретін ақпаратты және программалы құралдар комплексі.

Мультимедия жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең қолданылады. Мультимедия технологияларының қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауда және басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиялық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологияларын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.

Мультимедия технологияларын қолдану үйретілетін бағдарламалық қамтамассыздандыру мүмкіндіктерін көрнекті көрсетуіне мүмкіндігін береді, соның ішінде, слайд-презентациялармен көрсету оқытудың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Сонымен, мультимедиялық технологияларды оқу үрдісінде қолдану оқу ақпаратын көрнекті етеді, оны оңай және тез қабылдап меңгерілуіне жол береді.

Интерактивті – inter (бірлесу), act (әрекет жасау) мағынасын білдіреді. Білім берудегі интерактивті технология – сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше интерактивті тақта түрлері бар. Солардың бірі – ACTIVboard (Promethean компаниясы), ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.

Осы техникалық оқыту кешеніне кіретін интерактивті құралдарға тоқтала кетсек.

ACTIVstudio-ның көптеген құралдары бар, атап айтқанда, объектілер құратын, арнайы эффектілер енгізетін презентацияда интерактивті элементтерді қолданатын. Бұл құралдарды пайдалану үшін нақты презентацияларда құралдар панелінің көмегі қажет.

ActinPen – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы. Активті қалам мен «тышқан» құрылғысының арасында өзара байланыстар бар, яғни активті қалам «тышқан» құрылғысының қызметін атқара алады.

ACTIVwand. Электронды ACTIVwand нұсқауышының ұзындығы 54 см, тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVwand нұсқауышы web-бетте жұмыс жасағанда «rollover» және «hover» функцияларын атқаруға өте қолайлы. ACTIVboard интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. «Оң қол», сонымен бірге «сол қолмен» жұмыс жасауға қолайлы құрал.

18.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет