21.Дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау дамыту.
Дарынды балалармен жұмыс істеу дарындылықты айқындаудан басталады. Ол үшін алдымен бала бойындағы қабілеттілікті, бейімділікті тани білуіміз қажет. Ғылыми зерттеулерде аланың әр кезіндегі қабілеті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен белгілі бола бастайтыны дәлелденген.Бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оянып келе жатқан қабілетінің алғашқы белгісі. Ал қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті.Қабілет-дәреже әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің түрін дарындылық деп атайды. Оқушылардың субъект ретінде дамуы және қалыптасуы үшін оның зерттеу – ізденушілік жұмыстарға үйренуі танымдық іс-әрекетінде маңызды орын алады. Адам өмірі үшін зерттеу – ізденушілік дағдылар тек ғалымдарға ғана емес, адамға кез келген сферада жұмыс жасағанда керек. Жеке тұлға бойындағы негізгі дағды ретінде ізденушілік қасиеттің қалыптасуы қазіргі заман адамының стилі болуы қажет. Оқушыны зерттеу іс – әрекетіне үйрете отырып, оның субъектілігін қалыптастыратын қасиеттерін дамыту.
Дарындылық – табиғаттан берілетін ерекше қабілет. Өмір сүретін орта, берілетін білім мен тәрбие осы ерекше қабілеттің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлде өшіреді. Дарындылық – көпқырлы. Ағылшын ғалымы Ж.Рензуллидің анықтамасы бойынша: «Дарындылық – бала бойындағы интелектуалдық қабілеттің, шығармашылық қабілеттің және табандылықтың болуы». Дарындылықты анықтау – өте күрделі процесс. Ол психологиялық – педагогикалық шаралар арқылы жеке тұлғаның болашақтағы табыстарын үздіксіз бақылау мақсатында жүргізіледі. Дарынды оқушыларды анықтау үшін өзара тәуелді үш көрсеткішке назар аударылады: дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан ерекшелігі, денебітімдік тұрғыдан ерекшелігі және әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі.
Дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан өзгешелігі: дарынды оқушы толыққанды, аңғарлы болады; өзінің қабылдау мүмкіндігімен ерекшеленіп, өзін қоршаған ортаға өте сезімтал келеді. Ол бірнеше үрдісті қатар бақылап, қабылдауға бейім тұрады және оны белсенді түрде зерттеуге әуес болады; құбылыстар мен заттар арасындағы байланысты қабылдап, оған лайықты қорытынды жасай алады және оған өз қиялы арқылы балама жүйе жасауға қабілетті келеді; есте сақтау қабілеті жоғары болады; сөздік қоры мол, бұл оның не нәрсені еркін де нақты баяндауына мүмкіндік береді; логикалық ойлау қабілеті жоғары; табандылық басым; қиялы кең болады
Дене бітімдік тұрғыдан ерекшелігі: дамудағы шапшаңдылық; дарынды оқушының бойында энергиясы мол болады, ол мөлшерден аз ұйықтайды; психомоторикасы танымдық қабілетіне қарағанда баяу болады. Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: дарынды бала әділетсіздікке төзімсіз болады, жоғары моральдық қасиеттерге ие; алдына қойған мақсатқа ұмтылу белсенділігі жоғары болады; өзіне өзгелердің және қоршаған әлеуметтік ортаның назар аударуын қалайды; жағдайларға байланысты іскерлік қатынасы мен өз басы қажеттілігі, үлкендерден қалыспау, әлдебір нәрсені бірдей атқаруға деген құштарлығы басым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |