Ақпараттық технологиялардың мақсаты: 1. Жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
2. Технологиялық құрал арқылы алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;
3. Оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.
4. Жалпы компьютерлік сауаттылық;
5. Білім мен тәрбиенің бірізділігі;
АКТ негізгі міндеттері:
1. Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;
2. Практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
3. Ғылыми ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу.
Ақпараттық –коммуникативтік технологияның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процесстерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
АКТ тиімділігі
1. Әлемдік ақпараттық кеңістікке шығу
2. Пәнге қызығушылығы артуы
3. Өз бетімен жұмыс істеуі
4. Көрнекіліктерді қолдану
5. Білік дағдыларының дамуы
6. Тексеру түрлерінің бағалануы
7. Білімнің жан - жақтылығы
8. Уақытты тиімді пайдалану
Ақпараттық коммуникативтік технология Бағыттары:
1. Электронды оқулықтар
2. Телекоммуникациялық технологиялар
3. Мультимедиалық технологиялар
4. Қашықтан оқыту (басқару) (Internet)
23. Ақпараттық-коммуникациялық технологиямен (http://imektep.kz) интернет ресурспен жұмыс жүргізу әдістемесі Бұл жобаның басты мақсаты – қазіргі технология мен білім беруді ұштастыру арқылы ұстазға да, балаға да тиімді көмекші құрал жасау.
Мұнда бастауыш мектеп бағдарламасын толық қамтитын танымдық анимациялық сабақтар мен оны бекітуге көмектесетін жүздеген ойын түріндегі тапсырма бар.
Бұл оқыту кешені бастауыш мектеп бағдарламасына енген негізгі 8 пән бойынша толықтай анимацияланған сабақ үлгілерін ұсынады.
• математика
• дүниетану
• ана тілі
• қазақ тілі
• әдебиеттік оқу
• бейнелеу өнері
• музыка
• еңбекке баулу
• өзін-өзі тану пәндерінен тұратын бұл курс 170-тен аса тақырыпты қамтиды. Әр сабақ берілген тақырыпты жан-жақты ашатын қысқа анимациялық фильм (титр шығару мүмкіндігі қарастырылған) мен ойын түріндегі интерактивті тапсырмалардан және тестерден құралған.
Курс интуитивті іздеу жүйесі мен ыңғайлы классификациялау жүйесі бар онлайн платформа негізінде жұмыс істейді.
iMektep – оқушыға да, мұғалімге де, ата-анаға да пайдалы көмекші оқу құралы .