I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдіснамасы



бет1/48
Дата18.12.2023
өлшемі270,28 Kb.
#140611
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдісн-emirsaba.org (1)


I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдіснамасы

I-Денгей


1. Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі.


Педагогика әдіснамасыпедагогика теориясы, педагогикалық құбылыстарды қарау принциптері, зерттеу әдістері туралы білім жүйесі, алынған білімді тәрбиелеу, оқыту, білім беру тәжірибесіне енгізу жолдары.


Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі мынанадай:
1.нақты кеңістік-уақыттық жағдайларда оқу-тәрбиепроцесінің мақсат және міндеттерін түсіну;
2.берілген тапсырманы орындауға баланың дайындықдеңгейін диагностикалауда әдістемесі мен әдістерді таңдау;
3.​педагогикалық тапсырмаларды шығармашылықтұрғады шешу және түйіндеу;
4.алынған нәтиже негізінде оқу-тәрбиелеу процесін жобалау және құрастыру;
5.психологиялық, педагогикалық және әдістемелік рефлекция, яғни өзінің әректін объективті түрде талдауы және бағалауы, қателігі мен сәтсіздігін көре білуі. Сонымен,педагог зерттеушілік қызметті меңгере отырып, педагог-тәрбиеші, педагог-жаңашыл болуына және еңбегінің жемісі жоғары көрсеткіштер беретіні сөзсіз.


Педагогтың әдіснамалық мәдениеті –педагогика әдіснамасы туралы білімі, оны педагогикалық әрекетінде қолдану біліктілігі.
2. Болашақ мамандар оқыту тәрбиелеу процесін өз деңгейінде жүзеге асыру үшін төмендегі қызметті атқара білуі қажет:
Басты міндет – студенттің өздігімен іздену жұмыстарының негізінде ғылыми ойлау, іздену қабілетін шыңдап, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

1. Тәрбиешілік қызмет - оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбие жұмысын жүргізе алу біліктілігі, өзі де тәрбиелі болуы.
2. Оқытушылық қызметі - терең білімді, өз білімін үнемі толықтырып отыра алатын, педагогикалық шеберлікті меңгерген, оқыту нәтижесін алдын ала көре алатын болуы.
3. Зерттеушілік қызмет - алдыңғы қатарлы тәжірибелер мен ғылыми теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік жаңалықпен танысуы, ғылыми зерттеу әдіснамасы мен әдістерін орнымен қолдана алуы қажет. Болашақ мамандардың үшінші қызметті меңгеруі үшін ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін үйренудің маңызы зор. Бұл міндеттерді шешуде студенттер рефераттық жұмыстар, әдебиеттерге талдау жасау, ғылыми зерттеу әдістерін орнымен пайдалана білу, эксперимент жүргізу, кітапханаларда библиографиямен жұмыс істей білу, ғылыми баяндамалар құру, курстық және дипломдық жұмыстар орындаудың әдіс-тәсілдерін меңгеруі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет