I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдіснамасы



бет46/48
Дата18.12.2023
өлшемі270,28 Kb.
#140611
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдісн-emirsaba.org (1)

18. Зерттеу болжамын құрастыру
Зерттеу болжамы – педагогика ғылымындағы өзекті мәселенің теориялық және практикалық жағын талдау негізінде шешімін алдын-ала болжау. Зерттеуші болжамында жаңаны алдын ала көре алатындай болуы керек. Ғылыми жұмыстың компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста болуы қажет. Егер дұрыс құрылмаған жағдайда дұрыс ғылыми дәлелді нәтиже алынбайды.

Болжамның рөлі: педагогикалық зерттеуде шындыққа жету үшін, болатын нәрсені ойда түйіндеп, оны іске асыру жолдары мен алынатын нәтижелері болжанады. Болжам ғылыми зерттеудің тірек көзі. Болжам құра білу өте күрделі. Болжам жетекші идеямен бірге туындайды және проблеманың мәнін түсіну барысында дамиды. Алғашқы жұмыс болжамы, уақытша бар фактіні жүйеге келтіру үшін қолданылады. Ал, ғылыми немесе шынайы болжам ауқымды материал жинақталғаннан кейін жасалады, ол логикалық тұрғыдан қорыту, кейбір түзетулер арқылы ғылыми теорияға айналады.


Алғашқы жұмыс болжамы мен ғылыми болжам арасындағы ерекшелік салыстырмалы нәрсе.Қарапайым тұспалдан болжамның ерекшелігі:
Ұсынылған болжамның фактіге сәйкес келуі, оны тексеруге болатындығы, ауқымды құбылыстарға қолдануға болатындығы, мүмкіндігінше қарапайым болуы.
Болжам екі бөліктен тұрады: бірінші - кейбір қағидаларды ұсыну,
Екінші оны логикалық және практикалық жағынан дәлелдеу.
Ғылыми зертеудің болжамын құрастыру.
Мысалы ретінде қарастыратын болсақ бірінші зерттеудің тақырыбы жазылады, сосын мақсаты мен міндеті жазылады. Одан кейін Зерттеудің болжамы жазылуы керек. Себебі: Болжам ғылыми зерттеудің тірек көзі болып табылады.
Тақырып:Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру жолдары
Зерттеудің мақсаты:
Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Зерттеу міндеттері:
1.Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру.
2.Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау.
Зерттеу болжамы:
Заман талабына сай оқу үрдісін ұйымдастыруда оқушыны өнімді әрекетке баулу арқылы өз мүмкіндігін сезінуге, ашуға, өз бетінен білімін толықтыруға үйрету, аса қабілетті балалардың танымдық мүмкіндіктеріне сай сұранысын қанағаттандыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет