I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдіснамасы


Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамалық негізі



бет8/48
Дата18.12.2023
өлшемі270,28 Kb.
#140611
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48
Байланысты:
I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдісн-emirsaba.org (1)

17. Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамалық негізі.
Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамалық негізі бойынша: әрекеттік, жеке тұлғалық, жүйелілікпен келу керек.
Әрекеттікпен келу педагогикалық құбылысқа әрекеттің бүкіл компоненттерінің тұтастығы позициясымен, яғни мақсаты, мотиві, әрекеті, операциясы, ретке келтіру жолы, жөндеу, жеткен нәтижені бақылау және талдау.
Жеке тұлғалықпен келу – бүкіл педагогикалық процеспен құбылысқа жеке тұлғалық позициямен қарау, оның құрылымын, даму заңдылығын ескеру.
Жүйелілікпен келу – зерттелетін педагогикалық құбылысты және оның арасындағы байланыстың көптеген эелементін анықтау. Зерттелуші объектіні жүйе ретінде, оның элементін, олардың арасындағы байланысты және оны жіктеп, құрылымын және ұйымдастыруды, тұтастай білім беру ретінде басқару жолдарын анықтауға бағытталады.


18. Теориялық деңгей әдістері.
Теориялық деңгей әдістері:
1. Әдебиет көздерін зертеу зерделеу бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зертттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрынғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет. Зерттеу мәселесінен ғылымның зерттеліп отырған саласының жай-күйі мен дамуын тану үшін зерттеуші әр түрлі педагогикалық тұжырымдар, көзқарастар, ғылыми мектептер, білім беру үрдісіндегі заманға сай тенденцияларды анықтауы қажет. Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға талдау жасау, оларды салыстыру, теңестіру, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау жұмыстары жүргізіледі. Зерттеу әдісі ғылыми танымның белгілі бір кезеңіндегі зерттеудің нақты мақсаттары мен міндеттерімен анықталады.
2. Талдау мен жинақтау. Талдау арқылы эмпирикалық материалдыжүйелеу, түтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын анықтау. Талдау қарапайым болуы мүмкін, зерттеу барысында зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде жинақтауға болады. Талдау мен жинақтау диалектикалық түрде бір-бірімен тығыз байланысты, "талдау" термині көбінесе зерттеу үрдісін тұтастай қарастыру кезінде қолданады. Сондай-ақ белгілі нәтижелері бар деректерге, жүйеге кірерде және оларды қорытуда талдау жасап, салыстыруға болады.
3. Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту - көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу-бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алу үрдісі. Дәріптелген (дерексіздендірудің бір түрі) - объектінің зерттеушіге теория жүзінде шынайы объектілерді зерттеу мен санада сақтауда тигізер пайдасы мол.
4. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға және керісінше, жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.
5. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.
6. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. Моделдеу - зерттеу обьектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Моделдің түпнұсқадан айырмашылығы бар, алайда оның бойында модельге де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады. Моделдеу ауызша, логикалық, физикалық, заттық, белгілілік болады. Моделдің түрін таңдау таным зерттеу обьектісінің күрделілігіне байланысты.
7. Болжау әдісін зерттеуші педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің даму бағытын табу үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, түсініктер мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет. Осының бәріне бүгінде болашақтағы білім беру жүйесінің даму заңдылықтары мен тенденцияларын түсіну үшін теориялық жағынан терең талдау жасалуда.
8. Математикалық және статистикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы тәуелділікті анықтау үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет