I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдіснамасы


Зерттеу тақырыбын таңдау алгоритмі



бет21/48
Дата20.12.2022
өлшемі0,56 Mb.
#58393
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48
9. Зерттеу тақырыбын таңдау алгоритмі

Зерттеу тақырыбын таңдау


Зерттеу жұмысының тақырыбы белгілі бір ғылыми бағытпен немесе ғылыми проблемамен байланысты болуы мүмкін.
Зерттеу тақырыпты таңдау мен проблеманы анықтаудан басталады. Зерттеудің неғұрлым ретті түрде, терең негізделіп және қатаң құрылымдалған түрде жүргізу оның нәтижелі болуына мүмкіндіктер ашады. Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін «блоктік» тәсіл қолдану тиімді.
Бірінші блок – байланыс: тақырып – проблема. Жас зерттеушіге даяр тақырыпты ұсыну мүлде дұрыс емес. Зерттеуші бірнеше тақырыптардың ішінен өзін және ұжымын қызықтыратын, өзіне жақын тақырыптың бірін таңдауына болады. Бірақ, ең дұрысы, өзін толғандырып жүрген тақырыпты өзінің ұсынғаны. Осылай еткеннің өзінде тақырыпты нақтылау, түзету, акцент жасау, тұжырымдарды қарапайымдау және нақтылау қажет.
Тақырып – проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:
- Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі).
- Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы).
- Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және маңызды болуы);
- Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде қиындықтарды шешу).
- Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті – тұлғалық немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар).
- Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы).
10. Педагогикалық сұрақ және әңгімелесу әдістерінің ерекшілігі.
Сұрақ алу тәсілінің өзіндік ерекшелігі «сұрақ-жауап» жүйесі логикалық көзқарас тұрғысынан жүзеге асып, алынған жауаптар кейіннен сапалық және сандық өңдеулерге түсуінде жатыр.
Әңгімелесу - алдын ала құрастырылған бағдарлама бойынша зерттеуші мен зерттелушінің арасындағы диалогтік сөйлесуі. Арнаулы құрастырылған сұрақтар бойынша әңгімелесу зерттелетін құбылыстың бірнеше аспектілерін, оған баға беріп, позициясые түсіндіруге, кез келген әрекетінің мотивін, сезімін, көңіл-күйін анықтауға көмектеседі. Оның тиімділігі зерттеушінің әңгімелесушімен достық қарым-қатынасына, ашылуына мүмкіндік жасауына байланысты. Әңгімелесу негізгі зерттелетін бағытта жүргізіле отырып, жеке әсері алынады, әңгімелесуді диктофонға түсіруге болады. Сондықтан есте сақтап, кейін жазып алу керек. Әңгімелесу әдісі өте күрделі, кез келген зерттеуші тиімді қолдана бермейді, себебі әңгімілесуші өзінің ақиқат ойын, сезімін жасыруы мүмкін, бұл зерттеушіні адастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет