Фреондардың қоршаған ортаға әсері Фреондар



бет1/4
Дата02.12.2023
өлшемі39,3 Kb.
#131615
түріҚұрамы
  1   2   3   4
Байланысты:
Фреондардың әсері


Фреондардың қоршаған ортаға әсері


Фреондар (лат. frіgor-суық) — тоңазытқыш машиналарда суытқыш реагент ретінде қолданылатын құрамында фторы бар қаныққан көмірсутектердің қосылыстары. Фтор жер бетінде кең таралған электртерістігі жоғары элемент болып табылады. Фтордың химиялық активтілігі жоғары болғандықтан, ол кез келген жағдайда кез келген затпен химиялық реакцияға түсе алады. Фреондардың негізгі қасиеттері де осы фтор атомының химиялық қасиетіне байланысты болады. Фреондардың құрамында фтордан басқа хлор, бром да кездеседі. Фреондардың 40-тан астам түрі белгілі, олардың көпшілігі өндірістік жолмен алынады.
Фреон — иіссіз газ немесе сұйықтық, олар органикалық еріткіштерде жақсы, суда нашар ериді. Фреондардың ең көп таралғандары дифтордихлорметан (CF2Cl), фтортрихлорметан (CFCl3) және дифтордихлорметан (CHF2Cl2), олардың қайнау температуралары оларға сәйкес -29,8°С, -23,8°С және -40,8°С. Фреондар жанбайды, ауамен қосылып жарылғыш заттар түзбейді және салыстырмалы түрде химиялық инертті, алайда ашық отпен жанасқанда улы дифтор- және фторхлорфосген түзіп, ыдырайды. Фреондар тоңазытқыш реагенттерден басқа, аэрозольдік орамада ұшқыш құраушылар (прополенттер), өрт сөндіргіш ретінде, сондай-ақ фторолефиндер мен олардың негізінде түзілетін полимерлерді алу үшін шикізат ретінде қолданылады.
Фреондар стратосфераға көтерілгенде фотохимиялық ыдырауға түсіп, соның нәтижесінде хлор иондары бөлініп шығады. Бұл хлор иондары химиялық реакцияның катализаторы ғана болып қоймай, озон молекулаларын ыдыратып, жер бетін ультракүлгін сәулеленуден сақтайтын озон қабатына қатер төндіреді.


Фреондар, номенклатурасы
Фреондар - хлорлы көмірсутектерді фторлау арқылы алынатын органикалық қосылыстар. Фтор жер бетінде кең таралған электртерістігі жоғары элемент болып табылады. Фтордың химиялық активтілігі жоғары болғандықтан, ол кез келген жағдайда кез келген затпен химиялық реакцияға түсе алады. Фреондардың негізгі қасиеттері де осы фтор атомының химиялық қасиетіне байланысты болады. Фреондар – улылығы өте төмен және жану қабілеті нашар газ тәрізді заттар немесе төмен температурада қайнайтын иісі өткір емес құрамында фторы бар қаныққан көмірсутектердің қосылыстары. Осы қасиеттеріне байланысты фреондарды тоңазытқыш машиналарда суытқыш агент ретінде қолданылады. Сонымен қатар аэрозольдік орамада ұщқыш құраушылар (прополенттер), өрт сөндіргіш ретінде, сондай-ақ фторолефиндер мен олардың негізінде түзілетін полимерлерді алу үшін шикізат ретінде қолданылады. Газды баллондарда итеріп шығарушы негіз ретінде, парфюмерия мен медицинада аэрозоль дайындау үшін және фторолефиндерді өндіруде негізгі шикізат ретінде қолданылады.
Номенклатурасы. Хлорфторкөмірсутектердің бір ерекшелігі оның атауының ұзын және бір-біріне ұқсас болуында. Сондықтан хлорфторкөмірсутектерді атаудың сандық жүйесі енгізілген болатын.
Техникада фреондар атаудың арнайы белгілері бар. Ол Ф әрпінен және XYZ үш саннан тұрады. Ф. — фреон, X - көміртек атомдарының санынан 1-ді алғанға,Y- сутек атомдарының санына 1-ді қосқанға, Z - фтор атомдарының санына тең. Мысалы, дихлордифторметанның атауы CF2Cl2 - Ф-012, Ф-12, R-12, мұндағы Х=0, Y=1, Z=2. C2F3Cl3— Ф-113, CF2Cl2 — Ф-012 немесе Ф-12 болып белгіленеді, т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет