І. Әдебиет сабақтарында патриотизм құндылықтарын қалыптастыру


МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ПАТРИОТИЗМ



бет4/4
Дата31.12.2021
өлшемі58,73 Kb.
#22316
түріСабақ
1   2   3   4
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ПАТРИОТИЗМ.

Мұқағали поэзиясы-азаматтық пен адамгершіліктің симфониясы. Бұл оның махаббаты, туған жерді, Отанды, бүкіл тіршіліктің анасы болған жұмыр жерді жырлайтын өлеңдерінен анық көрініс табады. Ақынның Отанға деген терең махаббаты «Мейлі, мені шығарсын шірік қылып» деп басталатын жырында зерек көңіл, зор шабытпен жазып, айтар идеясы өте тереңде жатқандығын оқушысың да Отанға, туған жерге деген патриоттық, ыстық сезімін оятады.Сөзіміз дәлелді болу үшін жыр жолдарынан үзінді оқиық:

Басымды иіп, тіземді бүгіп тұрып,

Ажарымда айдындай шууақ тұнып,

Отанымды сүймін күліп тұрып,

Отанымды сүйемін жылап тұрып...\31;210\

Немесе «Отаным саған айтам» деген толғауында:

...Сүріну бар да, самғау бар

Тірлікте кейде алдау бар.

Отаным саған айтамын,

Менде бір аппақ арман бар.

Ақтығы-алғаш жауған қар,

Ақ жырым-әппақ құстарым,

Ақ көңілдерге самғаңдар. .

Бұтаға қонып қалмаңдар!

Алдарында әлі таңдар бар,

Зымырап құстар заулаңдар...\32;37б\

Жүз жиырма жолдан тұратын осы толғауда Отанға, қоғамға, адамдар арасындағы қарым қатынасқа, адамзат психологиясына тән болған бүкіл тіршіліктің терең мазмұнын, ақындық ақ көңілмен, поэтикалық нәзік сезімді серпіліспен, интонациялық өлең ырғағын үдете отырып, шеберлікпен суреттейді.

Ал енді «Арманым» деген өлеңінде:

...Көз салдым өмір тереңіне,

Құлашым жетсе дүние көлеміне.

Әлпештеп мені өсірген-Ұлы Отан,

Жарасам сол Отанның керегіне...,\33,56\-деп өзінің сүйікті Отанының керегіне жарасам, қайнар бұлақ білім шыққан Отанымның керегіне жарасам. Осыдан ақынның Отанына деген сүйіспеншілігін көруге болады.

...Ей, қазақ,

Аттан түс, қонақта!

Жақынын, жат емас басқа бұл.

Қасиетті жерімде, елімде,

Халықтар мәңгілік дос-бауыр...\34,152\-деп ақылгөй бабаларымыздың достықты аңсағанын, яғни басқа халықтар дос бауырлас өмір сүретінін айтады.

Ақынның «Отан туралы» өлеңінде:

Отан!


Отан!

Бәрәнен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем...\35; 168\ -

деп жырласа енді бірде таулар, сулар, адамдар барлығы менің Отаным деп жырласа, тағы бірде

Сүйемін мен жерімнің топырағын, тасында

Сүйемін думанды елімнің кәрісін де жасын да,

Сүйемін, өскен Отаным...\35;152\

-деп туған жерінде елінің топырағын Отанын сүйуді борышым деп санап өткен болатын.



Патриотизм – өз Отанын, халықын шексіз сүюшілік, барша күш-жігерін Отанға арнау. Тарихта өзіндік із қалдырған дала ғұламаларының тәлім-тәрбиелік ойлары мен толғамдарын ұрпаққа жеткізу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақты өз елін сүюге, қасиетін білуге баулып келеді.

Түркі халқы тарихи құнды көне жазбалар мұрасына бай. Енесей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпы тастар табылған. Тасқа таңбаланған өшпес жазбаларда талай белгісіз сырлар тұнып тұр. Сынақ жазулары – өркениетіміздің өшпес мұрасы. Күлтегін, Білге қаған, ежелгі Руно, Тоныкөк жазбалары осы тастағы жазбалардан табылған. Ежелгі түркі жазба ескерткіштерінде жастарды ұлт тарихын танып, елін, халқын сүюге, ұнамды әдет-ғұрыптарға, адами сыйластыққа, батырлық пен тапқырлыққа баулу туралы баяндалған. Елді бірлікке ел қорғауға шақыратын Орхан ескерткішіндегі Күлтегін жырында:

«Кедей халықты бай қылдым,

Аз халықты көп қылдым» -деп батырлық пен мырзалықты дәріптейді. Немесе Тоныкөк жырындағы мына сөздерге мән берейік: «Қол қосылса-қүш асар» дегені, бірігейік, көппен бірге болсақ, ойлағанымыз орындалады деген еді. Түркі қағанатынан бастау алған кең толғамды қазақ ойшылдары Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари өз дастандарында өсиетті сөздерін арнайды. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанында «Бақытты болудың негізі –білім» деп түйіндеген.

«Ақыл қайда болса, ұлылық толады,

Білім кімде болса сол білікті болады,» -деп аз сөзге асыл ойларын сыйғызады.

Ахмет Игүнекидің «Ақиқат сыйы» атты еңбегінен «Білгеннің сөзі-өнеге», «Әдеп басы-тіл» десе, Ахмет Иассауидың «Даналық» атты еңбегінде «Өзгенің жанын түсінбеген пенде, өткен өмірінде ешқандай із қалдырмас» дейді. Аристотельден кейінгі ұстаз Әл-Фараби өз шығармаларында жастарды білімділікке, бірлікке татулыққа,ерлікке үндейді.

Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі-халықтың ауыз әдебиеті. Онда Отанды сүю, басқыншы жаудан елді қорғау жырларының алатын орны ерекше. Себебі, халықтың батырлар бейнесінде жинақтаған қайсарлық, тапқырлық, табандылық, турашылдық, мергендік, әділдік, қара күш, айла, қиыннан қисындыру сияқты алуан түрлі қасиеттер иесі елдің қиялындағы қорғаушысы, сенері. Сондықтан батырлар жыры өз ұрпағын патриоттыққа баулуда әсері үлкен, мәні зор. Жырда жоңғарларға қарсы шапқан Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, елін, жерін қорғаған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек батырлардың ерліктері ұрпаққа өнеге, естелік- ескеркіш.

Ауыз әдебиетіндегі даналыққа толы мақал-мәтелдер, ана әлдиі, бесік жыры, жұмбақ пен жаңылтпаштар, қиял ғажайып ертегілердегі оқиғалар ұрпақтың ел намысын қорғайтын ер азамат боп өсуін қалайды. Ел бірлігі халық қамын ойлауда қол бастаған батырлар мен сөз бастаған шешендер үнемі қатар қызмет еткені тарихтан белгілі. Ғажайып шешендікке құрылған даналық ойларымен халықтың би-шешендері, ақылшы биі-Асан қайғы, жаңалық жыршысы-Қазтуған, жаңашыл ақын –Шалкиіз, ел қорғаны –Доспамбет, өршіл ақын –Үмбетей, Ақтамберді жырау, бірлік –берекені толғаған Бұқар жырау шығармалары ұрпақты «ерлікті дәріптейтін тұлға» бейнесін қалыптастырады.

Ақтамберді жырау:

Балаларыма өсиет,

Қылмаңыздар қараниет.

Бірлігіңнен айырылма,

Бірлікте бар қасиет, деп татулыққа шақырса,

Асан қайғы

Еділ бол да,Жайық бол,

Ешкімменен ұрыспа.

Жолдасыңа жау тисе,

Жаныңды аяп тұрыспа,- деп ұрпақты батырлыққа үндейді.

Жаманға дос болғанда,

Жазымда басың қалмас па?-деп сақтандырады.

Ал, Бұқар жырау

Ер жігітке жарасар,

Қолына алған найзасы

Би жігітке жарасар,

Халыққа тиген пайдасы, -деп отты сөздерімен жастарды ерлікке шақырады.

Батыр Махамбет өлеңдері өршіл де жалынды. Махамбет жеке басының мүддесінен халық мүдесін жоғары қояды. Ақын өлеңдерін оқығанда Махамбеттің ел қамын жеген ер екендігін, туған жерін сүйетіндігін, антына беріктігін, жау алдында тізе бүкпес қайсарлығын болашаққа зор сенімін танимыз.

Махамбет өлеңдері намыс пен рухтың биік шыңы. Ақын:

Туған ұлдан не пайда,

Қолына найза алмаса,

Атаның жолын қумаса, - деп ұрпақты, ерлікке, батырлыққа шақырады.

Майқы би –өз заманының қазақ атаулыны билеген, билеу үстінде әділдік орнатқан, қара қылды қақ жарған адам болыпты. Ол: « Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деп ұрпақты бірлікке шақырады.

Сонау сақ дәуірінен Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде туған жер үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен күресіп, келешек ұрпағымызға Отанымызға «Қазақ» атауын мұра етіп қалдырған батырлар, билер, хандар заманында патриотизм деген атау болмаса да елін, атамекенін, жұртын сүюдің болғаны хақ.

Дала дипломаттары атанған үш би –Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке билердің ел басқарудағы әділ шешімдері, киелі сөздері –ұрпақ үшін аталы сөз болды. ХХ ғасырдың 2-жартысында әдеби мұралар қазақтың үш алыбы-Ыбырай, Шоқан, Абай есімдерімен байланысты.

Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол дей келіп, адамның ұлы болу үшін кісіге нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек керектігін ұлы Абай да жеріне жеткізе өсиет етіп қалдырып кетті.

Отын үшін от пен оққа кеудесін тосқан Бауыржан атамыз да «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деп аманат қалдырған.

Қос жұлдызымыз Әлия мен Мәншүктің ерен еңбектері туралы шығармалар ұрпақты ерлікке, қайсарлыққа баулитыны сөзсіз.

Қазақстан патриотизмі дегенде патриоттық сезімді ұялатқан оқиға –«Желтоқсан оқиғасы». Қазақ халқы 1986 жылы желтоқсанда тар жол тайғақ кешуден өтті. Бостандық жолына бас тіккен Қайрат Рысқұлов, Ләззат Асанова, Сабира Мұханбетжанова, Ербол Сыпатаевтарды халық есіне мәңгі сақтайды.

Отаншылдық –адамның туған елі мен өскен жерін шексіз сүюі.

Патриот болудың негізгі төрт шарты:

- Отанын, жерін, елін қорғау;

- өз ұлтының ана тілін ардақтау;

- ұлттық дәстүрді сақтау;

- ұлтаралық интернационализм идеясына адал болу.

Қазақстандық патриотизмнің арқауы - қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына, сенімі мен нанымына , саяси көзқарасына , т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық азаматтың өзі өмір сүріп ,күн көріп отырған мемлекетін «Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық, оның заңдарына бас ию. Оның рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек. Сондықтан қазақ тілі сабақтарында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбын өткенде мемлекеттік рәміздерге құрмет сезімін, аз ғана уақытта бой көтеріп, гүлденген Астана қаласына, еліміздің ұлан- байтақ даласына , табиғат байлықтарына мақтаныш сезімін арттыруды мақсат етемін.Ол үшін сабақта «Астана-бас қала», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» , « Жер жаннаты- Жетісу», «Қазақстан Швейцариясы –Көкшетау», «Сәтбаев-кеншілер қаласы» т.б. тақырыптарды жасалған паноромалық слайдтар көрсетіледі. Оқушылар осы тақырыптарда түрлі шағын мәтіндер жазады, диалогтар құрастырады, деңгейлік тапсырмаларды орындайды, сөзжұмбақтар мен ребустарды шешеді.

Жоғарғы сыныптарды қазақ әдебиеті сабақтарында Ж.Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңін, Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романын өткен кезде Кеңес Одағының батырлары Қ.Сарталиев, Т.Бигелдинов, Т.Тоқтаров, қазақтың батыр қыздары Әлия мен Мәншүктің көрсеткен жанқиярлық ерліктері жас ұрпаққа үлгі-өнеге алатындай етіп түсіндіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет