5.3. Металдардағы және шала өткізгіштердегі контактілік потенциалдар айырымы.
Екі түрлі металды бір – бірімен жинастырайық. Контактыға дейін металдар арасындағы ауадағы потенциалдар бірдей болады. (5.5. – сурет). Бұл жағдайда жоғарғы толтырылған деңгейдегі электрондардың энергия деңгейінің тереңдіктері екі металда әр түрлі: біріншіде
А) Ә)
сp1
сp2
сp2
ep1,2
5.5. - сурет
ал екіншісінікі . Оларды бір – бірімен жалғағанда электрондар бір металдан екінші металға өтуге мүмкіндік алады. Электрондар жоғарғы толтырылған деңгейден, энергиясы көбірек металдан энергиясы азырақ металға өте бастайды. Бұл өту екі металдың жоғарғы деңгейлері теңескенше жүре береді.
Біраз электрондарынан айырылу нәтижесінде бірінші металл оң зарядталады, яғни ондағы электрондардың потенциал энергиясы азаяды. Керісінше біраз электронға ие болған екінші металл теріс зарядталады да оның электрондарының потенциал энергиясы артады.
Сонымен, металдар контактасының нәтижесінде қосымша потенциалдар айырымы пайда болады.
(5.4)
Осындай өзара жанастырылған екі металл арасында пайда болған потенциалдар айырымы - контактылық потенциалдар айырымы деп аталады. Ол (5.4.) өрнегіне сәйкес ол жанасқан металдардың контактылық потенциалдарының айырымына тең болады. Контактілік потенциал айырымы
металл мен жартылай өткізгіш арсындағы, сондай –ақ екі жартылай өткізгіш арасындағы шекарада да пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |