Потенциал айырымы



бет1/3
Дата01.03.2023
өлшемі13,92 Kb.
#70651
  1   2   3

Потенциал айырымы

ПОТЕНЦИАЛ АЙЫРЫМЫ


ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚУНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
Орындағандар: Кабатова Аида
Мухашова Маржан
Жакиева Бибигүл
Серік Еркіншах
Факультет: Фармация
Тобы: 201Б
Қабылдаған: Тулегенова Гульмира

Жоспар Потенциал айырымы Жанасу потенциалының айырымы Металл – экектролит бөлу бетіндегі потенциалдар айырымы Ерітінді–ерітіндінің жанасу бетіндегі диффузиялық потенциалдар айырымы Адсорбциялық потенциал Металл-ерітінді бөлу бетіндегі қос электрлік қабаттық құрылысы

Потенциалдар

Екі дененің эектр заряды деңгейінің айырмасы әдетте электрлік потенциалдар айырмасы немесе жай потенциалдар айырмасы деп аталады.


Бір денені көбірек, ал екіншісін аз жылытуға болатындығы белгілі. Дененің қыздыру дәрежесі оның температурасы деп аталады. Осыған ұқсас, бір денені екіншісіне қарағанда электрлендіруге болады. Дененің электрлену дәрежесі электрлік потенциал немесе жай дененің потенциалы деп аталатын шаманы сипаттайды.
ҚОС ЭЛЕКТРЛІК ҚАБАТ МЫНАДАЙ СЕБЕПТЕРДЕН БОЛУЫ МҮМКІН:
а) катиондар немесе аниондар, электрондардың бір фазадан екінші фазаға өтуі;
ә) бір фазаның дипольдік молекулаларының катиондары немесе аниондарының басқа фаза бетінде адсорбциялануы.

Катиондардың ерітіндіге өтуі металл мен ерітіндінің электрлік бейтараптығын бұзады. Туысқан катиондар әсерінен электрод – теріс, ал ерітінді оң зарядталады. Металдар мен ерітінді арасындағы қос электрлі қабат түзіліп, потенциалдар секірімі пайда болады. Металл бетінде еру процесімен катиондардың шөгуі жүреді. Металдың еру процесі – тотығу: Ме -z Меz+, ал тұнбаға түсуі – тотықсыздану процесі: Меz+ +z Ме. Электродтарда электр зарядының пайда болуы катиондардың ары қарай ерітіндіге өтуіне кедергі жасайды. Катиондардың концентрациясы белгілі шамаға жеткенде, ерітіндіде динамикалық, электрохимиялық тепе – теңдік орнайды, металмен ерітінді арасында катиондардың үздіксіз алмасуы нәтижесінде, ол металдың тотығу – тотықсыздануының жылдамдықтарының теңесуі Uт-т-ш = Uт-с-ш және металл мен ерітінді арасындағы тепе–теңдік потенциалдар айырымы орнауымен сипатталады. Егер металды өз тұзының сулы ерітіндісіне батырсақ, осыған ұқсас әсерлесу болады. Бұл кезде 3 түрлі жағдай болуы мүмкін: ●Таза суға қарағанда өз тұзының ерітіндісіне металл аз ион береді, сондықтан таза суға қарағанда металдың теріс заряды аз болады. ●Қос электрлі қабат пайда болмайтындай тұздың концентрациясын таңдап алуға болады. Мұндай концентрациялы ерітінділер «нөлдік» ерітінділер деп аталады. Электродтары «нөлдік» ерітіндіге батырылған гальваникалық элементтердің ЭҚК – і электродтарды түзуші металдардың жанасу потенциалына тең. ●Металл өте қиын тотығады, себебі металл катиондары өте мықты металдық тордан босап кете алмайды (бұл азактивті металдарға мыс, күміс, платина, т.б. тән), сондықтан ерітіндіден катиондардың шөгуі басталады. Бұл жағдайда металл оң зарядталады, ал ерітінді – ондағы қалған аниондардың артық шамасына байланысты теріс зарядталады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет