I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері



бет31/71
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107886
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71
Байланысты:
228810231235 Химияны оқыту әдістемесі Оқулық

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы байланыс жайлы түсініктерді қалыптастыру
8-сыныпта бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын оқыту қосылыстар кластары арасындағы генетикалық байланысты қалыптастырумен аяқталады. Мұнда ең басты көңіл жеке кластар сипаттамасы емес, олардың жүйелі түрде бір- бірімен байланыста меңгерілуіне бөлінеді. Ол оқушылардың дүниетанымдық көзқарасының кеңеюін логикалық ойлауының дамуына мүмкіндік береді.
Материалдың негізгі бөлігі оқушыларға таныс. Сондықтан қорытындылау мен оқушылардың білімін жүйелеу оқушылардың өзіндік әрекетіне негізделеді. Олар өздігінен тәжірибе, жаттығу, эсперименттік есептеді орындайды.
Негізгі қорытындылау сұрақтары

  1. Қосылыстардың әр класының ерекшеліктері жайлы білімді жүйелеп қорытындылау үшін және жіктелу ерекшелігін анықтау үшін білімдерін қорытындылау.

  2. Қосылыстарды ұқсастықтары мен құрылыстарындағы айырмашылықтары тұрғысынан жіктеу.

  3. Оксид, қышқыл, негіз тұздарды салыстырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтап, олардың химиялық қосылыстар жүйесіндегі орнын анықтау.

  4. Жақын топтар мен кластар арасындағы генетикалық байланысты анықтау.

  5. Кальций мен мыс гидроксидтері мысалында негіздердің ортақ және ерекше өздеріне тән қасиеттерін сипаттаңдар.

  6. Ве(ОН)2 – формуласымен өрнектелген заттың сілті екендігін дәлелдеңдер.

  7. Натрий гидроксиді мен күкір қышқылы төменде берілген заттардың қайсысымен әрекеттеседі: көмір қышқыл газы, калий гидроксиді, магний оксиді, су, тұз қышқылы.

«Заттардың өзара байланысы немесе бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыс» тақырыбы маңызды сабақтардың бірі болып есептеледі.
Сабақтың мақсаты: Күрделі заттардың арасындағы байланысты анықтап, бейорганикалық қоылыстардың негізгі кластары жайлы білімдерін жүйелеу, талдау, жалпылау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың диалектикалық-материалистік көзқарасын, әлемнің материалдылығы туралы сенімін қалыптастыру.
Сабақтың жүру барысы:
Оқушылардың білімі мен білігін бекітуден сабақты бастаймыз. (оқушыларға сұрақтар қойылады, жаттығулуар мен эксперименттік есептер түрінде беріледі). Сұрақтар мен тапсырмалар келесідей түрде болуы мүмкін.

  1. Оксидтер деп қандай заттарды атаймыз? Олардың құрамы қандай? Оксидтер қандай топтарға қандай белгілері бойынша жіктеледі. Мысалдар келтіріңдер.

  2. Тұз қышқылымен, натрий гидроксидімен, сумен төмендегі оксидтердің қайсысы әрекеттеседі: барий оксиді, күкірт (IV) оксиді, марганец(IV) оксиді, темір(Ш) оксиді, көміртек (IV) оксиді, кремний оксиді, фосфор(V) оксиді, кальций оксиді, мыс(II) оксиді, мырыш оксиді.

Негіздерді қорытындылау да анықтамасымен жіктеуден басалады. Олардың топқа бөлудегі белгілері талқыланады. Негіздерге тән жалпы қасиет олардың қышқылдармен әрекеттесуі химиялық қасиеттерін жүйелеу негізінде жатыр. Салыстырмалы түрде әр топқа жататын негіздерге тән реакция теңдеулері қарастырылады. Орындалған жұмыстың қорытындысын жалпылаумен кестеден қөреміз. Оны оқушылар негіздер құрамы мен қасиетін талдау негізінде толтырады.
Негіздер қасиетін жалпылауда келесідей жаттығуларды орындаған пайдалы:

  1. Барий және темір( III) гидроксиді мысалында негіздерге сипаттама беріңдер.

Оқушылар оксид суда гидратталған, гидратталмағанына байланыссыз әрбір оксидке гидроксид сәйкес келетінін оқушылар саналы түрде меңгеруі керек. Ол үшін оқушылар оксид формуласымен қатар сәйкес гидроксид формуласын жазып жаттығады. Сонымен бірге оны тікелей алу жолы бар ма екенін көрсетеді. Оксидтерді салыстыруға олардың қандай топқа жататындығына жаттығулар орындаған дұрыс.

10-Кесте Негіздер қасиетіне сипаттама





Сипаттамасы

Негіздер қасиеті

Суда ерігіш-сілті
NaOH, KOH, Ba(OH)2

Суда ерімейтін
Fe(OH)3, Cu(OH)2, Mn(OH)2

Физикалық қасиеті

Химиялық қасиеті


а) жалпы қышқылдар мен әрекеттеседі
б) арнайы өзіне тән
I индикаторларға әсері
II қыздыруға қатысы

III қышқылдық оксидтермен әрекет- тесуі



Ақ түсті, кристалды зат, суда жақсы ериді.
KOH+HCI→KCI+ H2O
Индикатор түсін өзгертеді
Лакмус- күлгін
Метилоранж- қызғылт
Балқытса да ажырамайды.
2NaOH+ SO2→Na2SO3+ H2O

Әр түрлі түсті қатты заттар суда ерімейді.
Cu(OH)2 + H2SO4→ CuSO4+2H2O
Индикатор түсін өзгертпейді.
Оңай ажырайды
Cu(OH)2→CuО+ H2O
қышқылдық оксидтермен әрекеттеспейді



Қышқылдар жайлы білімді жалпылау да олардың анықтамасы мен жіктелуінен басталады. Қышқылдың қалдығының құрамына байланысты олар оттекті және оттексіз болып бөлінеді, ал металмен алмаса алатын сутегі санына орай бір, екі, үш негізді болыпжіктеледі.





7-сурет Қышқылдардың жіктелуі


Қышқылдардың химиялық қасиеттері бастапқы оқытылғанға кері кері бағытта қарастылады: алдымен барлық қышқылдарға тән қасиет бейтараптандыру реакциясы, одан кейін негіздік оксидтермен және металдармен реакциялары қарастырылады. Қышқылдар қасиеті зертханалық жолмен бекітіледі. Олардың жалпы қасиеттерінің қышқыл құрамындағы сутегі атомының болуымен байланысы қарастырылады.



  1. Қосылыстардың аты мен формуласын сәйкестендіруге (жаттығулар, тест, диктант)

Осыдан кейінгі 2-3 сабақ оксид, негіз, қышқыл тұздардың негізгі химиялық қасиеттерін қорытындылауға арналады. Ең бастысы оқушылардың салыстырмалық, жалпылаушы, жіктеушілік кестелер мен сызбанұсқаларды құрса,зертханалықжұмыстарды орындауына көп көңіл бөлу керек.
Мысалы оксидтерді оқыған кезде бір элемент құрамы мен қасиеті әр түрлі валенттілігі әр қилы оксидтер түзетіміне көңіл аударған жөн (FeO, Fe2O3, CuO, Cu2O, т.б.).
Әр топтың оксидтерінің химиялық қасиетін сипаттауды типтік реакциядан бастаған жөн. (негіздік оксид+қышқыл+қышқылдық оксид+негіз). Оларды топтарға бөлуге негізделеді. Содан кейін оксидтердің сумен реакциясы туралы білімдерін жалпылайды (олар барлық оксидтерге бірдей тән емес екендігін білуі керек) Жалпылау нәтижесі салыстырмалы кестеге енгізіледі. Жаттығулар мен тәжірибелер орындалғанда оксидтердің қасиеттері жайлы материал нақтыланып анықталады.
Әр түрлі кластар арасындағы байланысты анықтау – бұл қорытындылаудың негізгі сұрағы. Ол периодтылық заңдылықпен химиялық элементтер арасындағы байланысты түсініп, мәнін ашуда маңызды. Жіктеудегі басты белгі зат құрамы болғандықтан бірінші сабақты заттар құрамы жайлы білімді жүйелеу мен барлық оқылған қосылыстардың номенклатурасынан бастаған дұрыс.



8-сурет Оксидтердің жіктелуі
Оксид, негіз, қышқыл, тұздар құрамын түсіндіру үшін атом молекулалық ілімінің негізгі жағдайлары мен заңдары керек. Оқылатын материалға қызығушылықты арттыруға оның периодтық заң мен жүйені түсіндірудегі маңызы түрткі болуы мүмкін.
Алынған білім мен біліктің көкейкестілігі және оны жалпылау оқушылардың жаттығулар мен тапсырмаларды өзбетінен орындауындағы өзіндік жұмыс барысында жүзеге асырылады.
Ең маңыздысы 4 түрлі білім негізін қалаушы тапсырмалар:

  1. Заттарды топтауға столдағы заттарды сыртқы түріне, этикеткасына қарап жіктеу: HCl, KOH, NaCl, Fe2O3, СrO3, JnSО4, NaCl, SО2

  2. заттарды топтарға бөлу: CaO,Cu(OH)2, KCl, Cu қандай белгілеріне қарап , қай класқа жатқызуға болады.

  3. заттарды салыстыруға:

Кальций мен мыс оксиді, гидроксиді,тұздары арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды табындар.
3-эксперименттік жолмен фосфор оксидінің қышқылдық, кальций оксидінің негіздік оксид екенін дәлелдеңдер. (осы типтес тапсырмалар басқа класс өкілдері үшін де құрылады)
Сабақтың негізгі бөлігі бейорганикалық қос негізді кластар өкілдері туралы білімдерін жүйемен қорытындылау үшін арналады. Бұл материалды екіге бөлуге болады: заттарды жіктеуде сызбанұсқа құруға және бейорганикалық қосылыстарды әртүрлі кластары арасында генетикалық байланысты орнатуға. Бұл материалды меңгеру заттарды сипаттаудағы және реакцияларды түсіндірудегі оқушылардың өзіндік әрекетіне сүйеніледі. Оқушылар өздіктерінен қосылыстарды сипаттап, түсінікткрді анықтап, заттарды жіктеуге қорытындылауға икемді болуы керек.
Өтілген материалды жүйелеп қорытындылау мұғалімнің заттарды жіктеудің ғылымда алатын орны мен қоршаған ортаны түсіндегі маңызын мативациялаудан басталады.
Содан кейін бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі қарастырылады. Жіктеу негізінде заттар жай және күрделі болып бөлінеді. Оқушылар мысалдар келтіріп жай және күрделі заттарды сипаттайды. Күрделі заттаркластарға жіктеледі. Оқушылар оларға сипаттама беріп, жіктеу белгілерін көрсетеді. Оксид, негіз, тұз, қышқылдардың ортақ қасиеттеріне дәлелдер келтіріліп қосылыстарды жіктеудің қосымша белгілерін келтіреді. Бұл бөлімді аяқтаудың қорытындысы ретінде заттарды жіктеу сызбанұсқасы құрылады.
Сабақтың келесі бөлігі әр түрлі кластар арасындағы байланысты анықтауға арналады. Алдымен проблемалық жолмен генетикалық байланыс оқытылады. Проблеманы қою: химиялық реакциялар көмегімен жай заттардан күрделі заттарды , біркласс өкілдерінен екіншілерін алуға бола ма? Оқушылар осындай айналуларды жүзеге асыруға болатыны туралы болжам айтып, нақты реакция теңдеулерімен нақтылайды да заттар арасындағы генетикалық байланысты орнықтырады. Ондай айналулардың мысалы: Ca → CaO → Ca(OH)2 → CaSO3
Na→ NaOH → NaHCO3→ Na2CO3
Химиялық реакциялардың жүруінің іс жүзіндегі дәлелі жүзеге асырылады.Жай заттардан күрделі заттарға қарай өзгерістердің өтуі ғана емес, күрделі заттан жай заттардың түзілуі де қарастырылады.
CuCO3→ CuO→ Cu
Бейметалдармен металдардың өзгерістерін күкірт, фосфор,кальций мен магний мысалында қарастыруға болады.
S SО23 H2SO4 CaSO4
Ca CaO Ca(OH)2 CaSO4
Бейорганикалық қосылыстардың әр түрлі кластары арасындағы байланысты ашқан да маңызды Оқытушы б.қ.әр түрлі кластары арасында байланыс барма деген сұрақ қоюына болады. Оқушылар мысал келтіріп генетикалық байланыс сызбанұсқасын жазады.
Металл → бейметал
Металл оксиді → бейметал оксиді
Негіз → қышқыл → тұз
Заттардың арасындағы байланысты көрсететін сызбанұсқа.
Оқушылар сызбанұсқа негізінде оны дәлелдейтін реакция теңдеулерін жазады. Заттардың өзара байланысы негізінде жалпы қорытынды шығарады. Әр түрлі элементтер мен олардың қосылыстарының арасында байланыс бар. Ол заттардың әрекеттесу процесінде және адамның сaрaмaндық әрекетінде қолданылады.
Сабақта қорытындыланған білімдер мен біліктер әр түрлі жаттығулар мен сапалық есептер шығару нәтижесінде нақтыланады. Сабақтың қорытындысын шығыру: заттарды жіктеусызбанұсқасы негізінде бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жайлы білімдері жүйеленіп, арасындағы генетикалық байланыс ашылып, түсінік беру заттарды жіктеу дағдылары қалыптасып қышқылдар мен негіздерді, оксидтер мен тұздарды анықтауға сапалық есептер шығару іскерлігі дамытылады.
Бұл білімдерді шығармашылықпен қолдану оқушылардың зейіні мен ойлау дағдысын дамытып диалектика заңдарын бекітеді.
Үй жұмысы оқулықпен жұмысты, жаттығуларды орындауды, өсімдіктен алынған индикаторлармен жұмысты , сарамандық жұмысқа әзірлікті құрайды.
Тақырыпты оқыту оқулықта берілген эксперименттік есептерді шығарумен аяқталып, бекітіледі.
Мұндай тәсіл химиялық байланыс жайлы білімді дамытуды, химиялық элементтерді жүйелі түрде химиялық элементтерді талдауда жаңа мысалдарға сүйенуге жағдай туғызар еді. Дегенмен заттар жайлы білім қоры төмен болуы химиялық байланыстардың барлық типін қолдану мүмкіндігін төмендетеді.
Заттардың құрылымын, валенттілігі тотығу дәрежесі жайлы түсінікті қалыптастыру
Химиялық байланыс пен зат құрылысын мектеп химия курсындағы оқыту маңызы
Химиялық байланыспен зат құрылысы қазіргі бағдарлама бойынша Д.И.Менделеевтің периодтық заңы мен жүйесінен кейін 8сыныпта оқытылады.
Аталған тақырыпты оқыту міндеті болып химиялық байланыстың түзілу механизмі мен зат құрылымының периодтық заң негізінде заңдылықпен өзгеруі жайлы түсінікті қалыптастыру жатады.
Химиялық байланыс табиғатын қарастыру, зат құрылысын оқытуда жалпылау мен қорытындылауды қолдану оқушылардың танымдық әрекетін дамытады. Әдістемелік әдебиеттерде химиялық байланыстардың барлық типін бір тарауда қарастыру жайлы нұсқау берілген.
Мұнда авторлар психологтар мен оқушылардың абстрактылы түсініктерді қабылдауға қабілеті жоғары екендігіне сүйенеді.
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жайлы түсініктерді қорытындылап, дамыту.
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жайлы түсініктерді қалыптастыру атом - молекулалық кезеңмен ғана аяқталмайды. Бейорганикалық химияны түгелдей оқыту барысында жалғасады. Әсіресе осы белгілердің дамуына теориялар мен заңдардың оқытылуы үлкен әсер етеді Осыған байланысты түсініктердің қалыптасуында 4 кезеңге бөлеміз:

  1. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы мен электрондық теорияны оқыту негізінде,

  2. Электролиттік диссоцация теориясын оқытқан кезде.

  3. химиялық элементтерді жүйелеуде.

  4. курсты аяқтап қорпытындылпау кезінде.

Химияны ары қарай оқыту барысында химиядағы сандық есептеулерді қолдану химиялық қосылыстардың құралы сипаттауда, есептер шығаруда ыңғайлы.
Периодтық заңды оқу кезінде «қосылыстар формасы» деген түсінікпен оқушылар танысады. Олар қосылыстардың жалпы формуласын элемеғнттер тобына жалпы сипаттама беруде, білімдерін жүйелеуде периодтылық заңдылықтарды сипаттауда қолданады.
Периодтық заңмен жүйе химиялық элементтер мен олардың қосылыстары арасындағы табиғи байланысты ашуға мүмкіндік береді.
Электрондық теория оксидтер, негіздер, қышқылдар мен тұздар жайлы білімдерін тереңдетіп, олардың құрылысы мен құрылымы жайлы мәліметтермен толықтырады. Осы заттар қасиетінің құрылысына байланыстылығын ой елегінен өткізіп, заттардың қасиетінің байланыс типімен кристалды торларының типіне тәуелділігін анықтауына жағдай жасайды.
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі типтері жайлы білімдері электролиттер теориясы мен қышқылдар мен негіздердің теорияларын оқыту негізінде толықтырылады.
Тұздар гидролизі де химиялық қосылыстар жайлы білімдерін тереңдетуге себебін тигізеді, олардың қасиетін сәйкес иондар қасиеті түрінде қарастыруға мүмкіндік береді. Қышқылдардың жалпы қасиеті (H3O+) гидроксоний ионын негіздердің жалпы қасиеті гидроксил(OH-) ионын түзуінде. Осы білімдерін жалпылау электролиттік диссоциация теориясы негізінде қышқыл, тұз, негіз түсініктеріне жалпы әрі толық анықтама беруге әкеледі.
Химиялық элементтердің систематикасын оқуға оқушылар қосылыстар кластары туралы үлкен білім қорымен келеді.
Бұл жерде олар оны нақтылап таным міндеті ретінде кең қолдана алады. Өз кезегінде бұл білімдер жетілдіріледі. Мұнда негізінен көп көңіл заттардың дара қасиеттеріне аударылады. Айқын мысал ретінде азот қышқылының және оның тұздарының тотықтырғыштық қасиеті, марганец, хром оксидтерінің тотықтырғыштық қасиеттерін атауға болады. Бұл кезеңде білімді дамытудың басты мақсаты белгілі нысандарды жан-жақты қарастырып, білім,білік, дағдыларын жаңа жағдайларға көшіру арқылы қолдану тиімділігін арттыру.
Қосылыстар кластарын дамытудың соңғы кезеңі оқытылған теориялар мен периодтық заң негізінде білімдерін қорытындылау. Мұнда оксид, негіз, қышқыл тұздардың кеңінен сипатталуы арасындағы байланыс, теориялық, әдіснамалық, сарамандық, дүниетанымдық бағалануы жан-жақты болғаны дұрыс. Ең бастысы осы алған білімдерін өздігінен қолдана біліп, жаңа жағдайларға икемдеуі, оны түсіндіруде әр түрлі тәсіл қолдана білуі болып табылады. Мұнда тірек схемаларын қолдану білігі үлкен роль атқарады. Периодтық жүйе элементтердің табиғи жүйесі ретінде ғана емес, маңызды қосылыстардың логикалық жіктелуі ретінде заттардың қасиеті мен құрылысын реакциялық қабілетін сипаттауға тиімді жүріс ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет