1.1 Сабақ тақырыбы: Алюминий және алюминий қосылыстары Сабақтың мақсаты:
Білімділік – алюминийге сипаттама беру, оқушыларды алюминийдің атом құрылысымен, табиғатта кездесуімен таныстыру. Физикалық және химиялық қасиеттерімен, алынуы мен қолданылуы, алюминий қосылыстары жайлы мәлімет беру.
Дамытушылық – оқушылардың тақырып бойынша түсініктерін кеңейту, өзіндік жұмыстарды тез орындауға машықтандыру, оқушылардың ой- өрісін кеңейту, ойлау жылдамдығын арттыру.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: сөз – көрнекілік
Сабақтың пән аралық байланысы: географиялық, физика
Сабақтың көрнектісі: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, атлас карта (география), алюминий, алюминий құймалары мен минералдарының суреттері, алюминий тұздары, тұз қышқылы мен күкірт қышқылы ерітіндісі, натрий гидроксиді.
Сабақтың жоспары
Ұйымдастыру ( 1-1,5 минут )
Өткен тақырып бойынша қайталау жүргізу ( 8-10 минут )
Жаңа сабақ ( 20 минут )
Сабақты бекіту ( 7-8 минут )
Қорытынды.Бағалау.(4-5 минут )
Үй тапсырмасын беру
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру ( 1-1,5 минут )
- Сәлеметсіздерме, балалар! Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?
2. Өткен тақырып бойынша қайталау жүргізу ( 8-10 минут )
3. Жаңа білімді игеру.
Ал, енді балалар, жаңа сабақты бастайық. Жаңа сабағымыздың тақырыбы: алюминий. Ең алдымен алюминийдің атом құрылысымен танысайық.
Алюминий – 3 периодтың 3 тобының элементі. Реттік номері – 13, ядросында 13 протон мен 14 нейтрон бар.
Табиғатта кездесуі. Алюминий табиғатта таралуы бойынша химиялық элементтер арасында оттек пен кремнийден кейінгі үшінші орында тұр. Табиғаттағы металдардың ішінде ол таралу бойынша бірінші орын алады. Белсенді металл болғандықтан, алюминий тек қосылыстар түрінде кездеседі. Жер қыртысының негізгі массасын алюмосиликаттар құрайды. Корунд AI2O3өте қатты, түссіз минерал. Егер оның құрамында қоспа болса, ол әр түрлі түсті бағалы тастарға айналады. Боксид – AI2O3 * nH2O- тау жынысы, ол негізгі өнеркәсіпте алюминийді алуға арналған шикізат б.саналады. Қазақстанда боксидтердің белгілі кен орындары бар, олар Қостанай және Ақтөбе облысында орналасқан. Алюминий қосылыстарымен танысып, химия дәптерінде берілген кестені толтыру
Физикалық қасиеттері: алюминий – күміс түстес ақ металл. Оның кристалдық торы көлемді орталықтанған куб. Сондықтан ол жеңіл, өте иілімді және жұмсақ. Электр және жылу өткізгіштігі өте жоғары. Металдардың арасында қайнау температурасы әжептәуір төмен деп есептеледі. Ол басқа металдармен құймаларды оңай түзеді.
Химиялық қасиеті. Алюминий күшті тотықсыздандырғыш.
А) жай заттармен әрекеттесуі:
1) 4AI + 3O2 →2AI2O3 Сұйық алюминий оксид қабыршақтың ішінде тұр. Егер оксид қабыршақ бұзылса, алюминий оттекпен де, сумен де әрекеттеседі:
2AI + 6H2O → 2AI(OH)3 + 3H2 Белсенді бейметалдармен алюминий қалыпты жағдайда не қыздырғанда қуатты реакцияласады:
2AI + 3CI2 → 2AICI3 Алюминий қышқылдардағы сутекті тотықсыздандырады:
2AI + 3H2SO4 → AI2(SO4)3 + 2H2 AI + HNO3 ≠ әрекеттеспейді, себебі оның бетінде тығыз қабыршақ пайда болып пассивтенеді. Көптеген металдардан айырмашылығы – AI сілтілермен әрекеттеседі, бұл оның екідайлы қасиетін дәлелдейді.
2AI +6NaOH →6Na3AIO3+ 3AI
Өнеркәсәпте қолданылатын металдарды алудың мұндай әдісі алюминотермия деп аталады.
AI + 4HNO3 → реакция жүрмейді, себебі оның бетінде оксидтік қабат пайда болады.
Алюминий оксиді мен гидроксиді қасиетімен танысу үшін зертханалық жұмысты орындаймыз. Химия дәптерінде берілген реакция теңдеулерін аяқтайық.