I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері


Электролиттік диссоциация теориясы



бет55/71
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107886
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   71
Байланысты:
228810231235 Химияны оқыту әдістемесі Оқулық

Электролиттік диссоциация теориясы




  1. Заттардың және олардың ерітінділерінің электр өткізгіштігін сынау.

Бұл тәжірибеде әр түрлі аспаптарды қолдануға болады:1.ПХЭ-электр тоғымен жұмыс істеуге арналған аспап. 2. ОХ-6 аспабы.3. Қолдан жасалған аспап.
Қатты тұз (NaCl немесе KCL ), осы тұздардың ерітінділерін,сілті ерітіндісін,қант ерітіндісін,дистильденген су алыңдар.Осылардың электр өткізгіштіктерін сынаңдар.

  1. Концентрлі және сұйытылған сірке қышқылының электр өткізгіштігін салыстыру.

Стаканға концентрлі сірке қышқылын не сірке ангидридін құйыңдар.Ерітіндіге электрод салыңдар. Шам жанбайды , не әлсіз жанады .Ерітінді үстіне су құйса,шам жарқырап жанады .Конц. сірке қышқылы электр тоғын өткізбейді,сұйылтқанда оның диссоциациялану дәрежесі өседі. Тәжірибеге ток көзі ретінде параллель жалғанған 2 батарея (36 В) және шам (36 В) алынады.

  1. Кристаллогидраттың ыдырау және оның түзілуі.

Құрғақ пробиркаға аз мөлшерде кристалл мыс купоросын салыңдар. Пробирканы штативке аузын сәл жоғары қаратып қиғаштап бекітіңдер.Қыздырыңдар. Көгілдір түсті мыс купоросының түсін жоғалтқанын бақылаңдар.Пробирканы суытып қойыңдар. Бірнеше тамшы су қосса,көгілдір түс қайта пайда болады.



    1. Органикалық химиядан демонстрациялық экспериментті жүргізу әдістемесі

Зертханалық жұмыс пен сарамандық сабақтардың әдістемесі әдістемелік әдебиеттерде берілген. Ал демонстрациялық экспериментті жүргізудің өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан оған толығырақ тоқталамыз.


Органикалық химия курсынан демонстрациялық экспериментті жүргізудің өзіне тән сипаттамалары бар.

  • Органикалық химияда эксперимент кезінде тәжрибе жүзінде қарастырылып отырған затты толық зерттеу қажет, оның қасиеттерін мұғалімнің түсіндірмесіне сай суреттеп қою жеткіліксіз. Ол органикалық химия пәнінің ерекшелігі ретінде анықталады (мұнда құрылымдық формуланы эксперименттік жолмен қорытып шығару қажет, заттардың қасиеті құрылысына байланысты сипаталады т.б), сонымен бірге органикалық химияны оқуға біршаима химиялық дайындықпен келеді.

  • Маңызды демонстрациялық тәжрибелер бейорганикалық химия тәжрибелеріне қарағанда ұзақ уақытқа созылатын болып келеді. Кейде тіпті олар бір сағатқа созылса, кей жағдайда 45 минут жетпеуі мүмкін.

  • Демонстрациялық тәжрибелерде сыртқы көрнекілігі бейорганикалық химия тәжрибелеріне қарағанда төмен, тіпті сыртқы өзгерістер кейде мардымсыз болғандықтан алынған заттар бастапқы заттардан көп айырылмайды.

  • Органикалық химияда реакцияның жүру шарты маңызды рөл атқарады, реакция шартының аз өзгерісінің өзі реакция бағытын өзгертіп, мүлдем басқа заттардың түзілуіне мүмкіндік жасауы ғажап емес.

  • Органикалық химияда тәжрибелерді жүргізген кезде оқушылар оның мәнін толық түсінбей қалуы мүмкін. Себебі тәжрибелердің жүру уақыты ұзақ, кейде бірнеше тәжрибе қатар қойылуы мүмкін. Нәтижесінде оқушылардың зейіні шашырап, қабылдау нашарлайды. Бейорганикалық химияға қарағанда құбылыстан оның мәніне дейінгі аралық көбінесе күрделі болып келеді.

  • Оқылатын материалдың көптігі мен күрделілігіне байланысты көп процестер тәжрибені демонстрациялауды өткізбей жүргізуге мәжбүр етеді. Сондықтан ол материалдар мұғалімнің түсіндірмесімен, схема, суретті қолдану арқылы өтеді.

Осы айтылғандарда, әдістемелік тұжырым шығарайық. Органикалық химиядағы эксперимент - оқушылардың ақыл ойының дамуы үшін, олардың бойында берілген мәселені шешуге шығармашылықпен келуді қалыптастыру үшін таптырмайтын бағалы материал.
Егер осы мүмкіндіктерді дұрыс қолдансақ демонстрациялық тәжрибелер тек мұғалім көрнекі сөзін суреттеуші болып қалмайды. Мұндай оқыту оқушылардың дербестік ойлауын дамытпас еді. Эксперимент білім көзі бола тұрып, оқушы бойында байқағыштықтың дамуына жағдай туғызады, олардың ойлау әрекетін жақсартады, фактілерді талдап, салғастыруға жетелейді, өз бетімен болжам құрып оның дұрыс шешімін табуға, қорытынды жасауға мәжбүр етеді.
Осы көзқарас бойынша органикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланысты, заттардың қасиетінің құрылымдық теорияға қатысын көрсететін тәжрибелер маңызды болады.
Демонстрациялық тәжрибелер жақсы нәтиже беруі үшін келесі шарттар орындалуы керек:
а) оқушылармен тәжрибенің негізгі идеясын құрып, эксперименттік жолмен шешілетін проблеманы нақтылау; эксперименттің мақсаты мен идеясын оқушылар оны орындағанға дейін меңгеруі керек экспериментті жүргізгенде оны басшылыққа алуы қажет;
б) экспериментті бақылап, дұрыс қорытынды шығару үшін оған әзірленіп, белгілі бір білім жүйесін меңгеруі керек;
в) оқушылар аспаптың жеке бөліктерінің не үшін қажеттігін, қолданылған заттардың қасиетін, тәжрибе кезінде нені бақылау керектігін, процестің жүргендігін қандай белгілері арқылы анықтауға болатынын білгендері жөн;
г) тәжрибе материалы бойынша талдау тізбегі құрылып, оқушылар тәжрибе қорытындысын оқытушы басшылығымен өздері шығаруы керек.
Әсіресе тәжрибені жүргізіп оның нәтижесін талдауда оқушылардың саналы белсенділігін жоғарлатуға жағдай туғызу қажет. Ол мұғалімнің экспериментке байланысты сұрақтар жүйесін әзірлеуі арқылы жүзеге асуы мүмкін, мысалы: «Осы тәжрибенің арқасында біз не білігіміз келеді?» «Тәжрибені жүзеге асыру үшін қандай заттар алуымыз керек?» «Мына тетікті не үшін қолданамыз?» «Тәрибе барысында нені бақыладыңда?» «Химиялық реакция жүргенін қандай белгісі арқылы анықтадыңдар?» «Химиялық реакция жүруі үшін қандай жағдай керек?» «Осындай зат түзілгенін қайдан білдіңде?» «Тәжрибе барысында қандай тұжырым жасауға болады?» т.б.
Химиялық экспериментті жүргізудің осындай әдістемесі оқушыларды дұрыс бақылауына, зейінінің тұрақты болуына, дұрыс қорытынды жасауына, білім деңгейінің қалыптасуына, пәнге деген қызығушылығының артуына мүмкіндік береді.
2. Бұрынғы алғашқы бағдарламалар бойынша ұсынылған тәжрибелер көп уақытқа созылатын. Профессор В.Н.Верховский, Я.Л.Гольфараб, Л.М.Сморгонский ұсынған бағдарлама мен әдістемелік нұсқау, оқулықтарды алатын болсақ, мысалы мұнайды айдау, бромбензол алу, глюкозаны ашыту, бромды этил алу, хлорлау реакциялары, майды гидрогендеу, құрылымдық формуланы дәлелдеуге арналған реакциялар уақыт жағынан ауқымды болды.
Кейбір мұғалімдер уақытты жоғалтып алуға қауіптеніп мұндай тәжрибелерді жүргізбеді, ал екінші бір мұғалімдер органикалық химияға тән осындай тәжрибелерді жоғары бағалады.
Ұзаққа созылатын тәжрибелерді жүргізуде кездесетін ең басты қиыншылық сабақта оқылатын теориялық материал мен демонстрациялық тәжрибе арасындағы сәйкестілік бұзылады. Мысалы оқытушы сабақты тоқтатпас үшін экспреиментті қалдырып, тәжрибеде байқалатын белгілерді ауызша айта бастайды. Эксперименттің болуына қарамастан оқушылар нақты құбылысты бақыламай сөзбен берілген материалды қабылдауға көшеді. Ал эксперимент нәтижесі бойынша қажетті зат алынған кезде мұғалім басқа сұраққа көшіп кетеді. Енді осы мезетте мұғалім екі түрлі жолдың біріне көшуі керек. Ол материалды түсіндіруді жалғастыра отырып, оқушылар назарын түзілген затқа аударуы мүмкін, онда оқушылар көңілі экспериментке ауып, түсіндріліп жатқан теориялық материалды түсінбей қалады. Немесе сабақты түсіндіруді кездойсақ жерде тоқтатып қайтадан тәжрибеге тоқталуы мүмкін, мұндай жағдайда тақырыпты аяқтап, қорытындылауға уақыт жетпей қалады.
Кейде мұндай экспериментті жүргізуде келесідей жағдай болуы мүмкін. Мұғалім тәжрибе нәтижесін күтіп сабақты созады. Нәтижесінде босқа уақыт жоғалып, сабақтың педагогикалық құны төмендейді.
Сонда ұзаққа созылған экспериментті қолданған сабақты қалай жүргізуге болады деген сұрақ туындайды.
Алдымен мүмкіндігіне байланысты тәжрибенің уақытын қаықарту керек. Ол әртүрлі әдістің нәтижесінде жүзеге асады.
Кейде аз ғана зат алып, соны анықтаумен шектелген жөн. Немесе затты таза түрінде алуға келмесе, оның түзілгені сенімді түрде дәлелденуі мүмкін.
Кейде тәжрибені жүргізетін заттарды алдын ала сабаққа дейін қыздыру керек болады. Бастпқы заттардың мөлшерін азайтуға болады. Бірақ кей жағдайда бастапқы заттар мөлшері көп азайтылса жаңа зат түзілуге жетпей қалуы мүмкін (мысалы метан, этилен).
Келесідей тәсіл де эксперимент уақытын қысқартуға жағдай туғызады. Бір тәжрибені жүргізуге қойып ондағы реакцияның басталуын атап көрсетіп, аяқталуын күтпей дайын өнімнің қандай болатыны көрсетуге болады. Осы эксперимент нәтижесінде алынған затты келсі сабақта көрсетіледі. Оның өнімдерін тәжрибе аяқталған соң жинап алу үйірме мүшелеріне тапсырылады. Тәжрибе қорытындысын үйремедегі оқушылар келесі сабақта сынып оқушылары алдында хабарлайды.
Осылайша сабақтан тыс уақытта алынған реакция өнімдері оқушылар білімін тексеруде жақсы материал болады. Мұғалім оларға тәжрибе қандай мақсатпен қойылды, онда не бақыланды, қандай қорытынды жасауға болады деген сұрақтар қою арқылы білім деңгейн бақылап, тәжрибе нәтижесінің қаншалықты түсінікті болғанын анықтайды.
Ал тағы бір жағдайда экспериментті жүргізуге қойып, оның аяқталуын күтпей дайын материалды алып тәжрибені сонымен жалғастыруға болады. Мысалы сабақта ашытқы қоспа қойып, спиртті айдауды бұрын дайындалған, ашыған қоспадан айдауға болады.
Тәжрибені осылайша ұйымдастру көрнекіліктен догмаға кетуді көрсетпейді, процестің негізгі кезеңдері сақталып, қажетті түсіндірулер табылады. Оқушылар процестің өтуінің шабандылығына көздері жетіп, соңғы кезеңнің қортындысына сеніммен қарайды.
Жоғарыда айтылған жолмен өту уақытын қысқартуға болмайтын тәжрибелер аса үлкен мұқияттылықпен жүргізіледі.
Аталған тәжрибелерді өткізудің мүмкін болатын бірнеше нұсқасына тоқталайық.
Сыныпта этил спиртінің құрылымдық формуласы жайлы сұрақ талдануда.
Молекулалық массаны есептеп, шамаланған құрылымдық формуланы құрғаннан кейін спирттің натриймен реакциясы бақыланады. Мұғалім оқушыларға келесідей сұрақ қояды. «Бөлінген сутегінің мөлшеріне қарап спирттің формуласын анықтауға бола ма?» Оқушылар спирт молекуласындағы сутегі атомдарының жағдайы бірдей емес екендігіне көңіл аударады. Тәжрибені сандық жолмен жүргізуге аспап анықталады. Тәжрибені бастап мұғалім оқушылардың біріне натрийі бар колбаға спиртті біртіндеп құюды тапсырады. Өлшегіш құты біртіндеп сутегімен толады. Тәжрибе қашан аяқталады екен деп тосып тұрмай, мұғалім оқушыларға спирт пен диметил эфиріне сәйкес келетін формулалар бойынша қанша сутегі бөліну керектігін есептеуді ұсынады.
Есептеу жұмысы тәжрибе аяқталған сәтте бітеді. Осылайша тәжрибеге қайта айналып келу талдау тізбегінің табиғи буыны болып табылады.
Екі формуланың қайсысын алу керек екендігі анықталғаннан кейн мұғалім оқушыларға келесідей сұрақ қояды: «Біз қалайша тәжрибе барысында этил спиртінің формуласын анықтадық?»
Енді осы сабақты ұйымдастырудың басқа нұсқасын қарастырайық.
Оқушыларға проблемалық сұрақ қойылады. «Қандай реакция арқылы спиртте гидроксил тобы барын анықтауға болады?»
Қосымша, жанама сұрақтар арқылы бейорганикалық химияда гидроксил топтары бар қосылыстар қандай заттармен әрекеттескені анықталады. Оқушылар спиртпен тұз қышқылы және бромды сутек қышықылы әрекеттесетінін мысалға келтіреді. Егер гидроксил тобы болатын болса су және хлорлы немесе бромды этил түзіледі. Бастапқы заттар аталып прибор құрылысы түсіндіріледі. Жорамалданған реакция теңдеуі құрылады.
Тәжрибені жүргізу кезінде келесідей сұрақ қойылады. Егер біздің шығарған формуламыз дұрыс болса спирт тағы да қандай реакцияға түсуі мүмкін? Оқушылар этиленді алу теңдеуін еске түсіреді. Мұғалім бұл тәжрибе қалай жасалғанын еске түсіруді сұрайды. Құрылымдық формуланы қолданып реакция теңдеуін жазады. Осыдан кейн мұғалім спирттің химиялық қасиеттерін толықтыру керектігін ескертеді. Оқушылар спирттің натриймен реакцияласуын, этиленді алу теңдеуін келтіріп, реакция теңдеуін жазады. Бромды сутекпен реакция теңдеуін жазады.
Осы сәтте мұғалім оқушылардың зейінін тәжрибеге аударады. Қабылдағышта бромды этилдің біраз мөлшері жиналып қалған. Мұғалім оны судан бөліп алып сыныпты айналып өтіп көрсетеді. «Алынған зат қандай зат, оны қалай алдық?»
Органикалық химиядан тәжрибе жасағанда оқушылар жұмыстың мақсатын, бастапқы заттарды, тәжрибенің жүру барысын жақсы білуі керек.
Тақтада берілген аспаптың құрылысын сызып көрсету немесе оның күрделі көрінбейтін тетіктерін сызу, реакция теңдеулерін жазып, теңестіру, реакцияның жүру шарттарын белгілеу тәжрибені ұғынуға, есте сақтауға жағдай жасайды. Ұзақ уақытқа созылған эксперименттік жұмыстарды демонстрациялау оқушыларға бір мезетте бірнеше нысанды өз зейіндерінің аймағында ұстай білуге тәрбиелейді. Ол оқушылардың жоғары оқу орнында дәріс алуы кезінде бір уақытта лекцияны әрі тыңдап, әрі жаза білуіне, демонстрацияланған тәжрибелерді бақылауына мүмкіндік туғызады. Ал өмірде зейіннің бөлінуі көптеген мамандық иелеріне тән (мұғалім, тоқымашы, шофер, ұшқыш және т.б.).
Органикалық химияда кейбір тәжрибелер керісінше өте қысқа уақытта жүріп өтуіне байланысты меңгеруге қиындық туғызады. Мысалы мыс оксиді гидратының альдегидпен тотықсыздануын алуымызға болады.
Мұдай тәжрибелерді демонстрациялағанда оны мұқият талдап, тәжрибені оның мәні белгілі болғаннан кейін басқа жағдайда қайталаған жөн.
3. Органикалық химияда көптеген тәжрибелер педагогикалық жағынан процестер мен заттарды алудың көрнекілігі төмен болғандықтан тиімділігі аз болады. Сахарозаны, крахмалды гидролиздегенде не реакция, нежай заттардың түзілуі көрінбейді. Олар ейіннен тек жанама жолмен анықталады. Күрделі эфирді алу да ешқандай сыртқы белгісіз өтеді.
Осындай тәжрибелерді әдістемелік жағынан дұрыс ұйымдастырмаса оқушы бойында қате ұғым қалыптасуы мүмкін.
Аса көрнекі емес тәжрибелерді жүргізген кезде мұғалімдерге келесідей кеңестерді ұсынуға болды.
Сұйықтардың қабаттарға бөлінуін бақылағанда олардың біреуін бояп, бөліну беті анық көрінетіндей етуге болады. Газдың көлемі өзгере жүретін реакцияларда, газды судың үстінде жинағанда суды бояуға болады. Бірақ осы айтылғанды мұғалім оқушылар тәжрибенің мәнін дұрыс түсініп, аталған тәсілдердің жасанды екенін түсінген кезде ғана қолдана алады.
Сұйықтарды айдағанда қабылдағышқа тамған тамшыларды көзге көрінетін ету үшін ақ темесе қара экран қоюға болады.
Кейбір тәжрибелерді көрнекілігі төмен болғандықтан бағдарламадан алып тастауға болар еді. Бірақ жоғары сынып оқушыларының химиядан білім қоры жеткілікті болғандықтан біз оларды қалдырамыз. Және ондай тәжрибелер міндетті түрде ауызша түсіндірумен жалғастырылады.
Органикалық химияда жүретін процестерде химиялық реакциялардың жүру шарты үлкен роль атқарады. Ал бейорганикалық химияда көп процестер қалыпты жағдайда жүретіндіктен реакцияның жүру жағдайы көп маңызды емес.
Химиялық реакцияларды олардың жүру шартын талдамай қарастыру білім сапасы мен беріктігіне әсер етеді. Себебі мұндай жағдайда процесс туралы көзқарас күңгірттеніп, оқушылар есінде химиялық реакция теңдеуі құбылыстың мәнін түсіндіре алмайтындай деңгейде қалады.
Химиялық реакция шарты толық анықталмағанда оқушылардың ойында қате пікір қалыптасады да реакцияның бағыты ешқандай заңдылыққа бағынбай өз еркінше жүретіндей болып көрінеді.
Оқушылар этиленді спирттен алуды қарастырғаннан кейін тура сол қоспаны (спирт және концентрлі күкірт қышқылы) қолданып этил эфирін алуды қарастырады. Сонда оқушыларға неге бұл жерде неге эфир емес этилен алынатыны түсініксіз болып қалады. Оқушылардың ойында пайда болған осындай қаие пікірді жою үшін біз қайтадан этиленді алуға оралып, оны алудың шартын мәлімдейміз. Егер реакцияның шарты уақытында ерекше аталып көрсетілген болса онда эфирдің түзлу шартымен салыстыру жүргізілсе жеткілікті болар еді.
Хром қоспасы жақсы тотықтырғыш. Міне осы заттың әсерімен спирттен екі зат алуға болады, олар - альдегид пен қышқыл. Міне осы жерде де реакция шарты туралы сұрақты көтереміз.
Тәжрибенің шартынан реакцияның жүру барысы тәуелді болатын реакцияларды органикалық химияда көптеп келтіруге болады (бензолды нитрлеу арқылы әр түрлі өнім алу, этиленнен спирт, спирттен этиленді күкірт қышқылы көмегімен алу, этерификация және сабындану реакциялары, су газынан әр түрлі заттар алу және т.б.).
Тәжрибені демонстрациялау кезінде алдымен реакция шартын анықтап, соңынан оқушылардан мұқият сұрайтын мұғалімдер сабақ беру кезінде оқытуды әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрған болып табылады.
Химиялық реакцияның шарттарын үнемі белгілеп, кейбір мысалдар нәтижесінде реакция шарты орындалмағанда кері нәтиже алынатынын мысалға келтіру, жауап бергенде химиялық реакция теңдеуін реакция шартынсыз жазуды қатеге есептеу сияқты шаралар химияны дұрыс оқуға мүмкіндік береді. Тіпті есептер шығарып, жаттығулар орындау кезінде де сәйкес реакция теңдеуіне тән шарттарды ескеріп отырған дұрыс.
Құрылымдық теория органикалық химияда бейорганикалықтан айырмашылығы химиялық құбылыстардың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Құбылыстарды бақылаудан кейін оқушылар молекуладағы атомдардың байланысу ретіне, қайта топтасып реакция кезінде жаңа молекулалар түзуі туралы түсінікке өтуі керек. Мұндағы оқушының ойлау процесі өте күрделі.
Экспериментті дұрыс дұрыс қолданбағанда оқу материалының көрнекілік принципі сақталуына қарамастан, материал біршама догмалық сипатта беріледі де, мұғалім сөзі эксперименттен ажырап, оқушылар білімі формальды болады.
Мұндай жағдай егер мұғалім сабақ түсіндіргенде әрбір затты оқытуды қатаң бір схема бойынша жүргізгенде кездеседі.
Келесідей бір сабақтың жүргізілуіне тоқталайық.
«Этилен» тақырыбы өтіп жатыр. Мұғалім алдымен этиленнің физикалық қасиетін түсіндіріп, соңынан реакцияны көрсетуі керек. Сабақ басында ол оқушыларға былай деп айтады: «Этиленді бақылап, оған тән реакциялармен танысу үшін біз алдымен оны зертханада алуымыз керек». Этиленді этил спиртінен күкрт қышқылы арқылы алуға арналған тәжрибе қойылады. Мұндай жағдайда алдымен оқушыларға қандай аспап, қандай заттар алынғаны, аспаптың құрылысы мен жұмыс істеу тәртібі айтылу керек сияқты. Бірақ мұғалім жоспары бойынша этиленді алу оның қасиетін түсіндіргеннен кейін айтылу керек. Мұғалім өз жоспарынан ауытқымайды.
Оқушылар реакцияның жүріп біткенін сарылып күтеді. Тәжрибе барысында не түзілетінін, нені бақылау керектігін оқушылар білмейді. Тек пробиркада су үстінде газ жинала бастағаннан кейін мұғалім этилен дегеніміз не, оның физикалық қасиеті қандай екенін айта бастайды. Осылайша оқушылар түсініксіз аспапқа қарап отырып бірсыпыра уақытты босқа өткізді.
Тақырыпты осылай түсіндірмек болғанда этиленді алдын ала газометрде жинап алып, сабақ үстінде демонстрациялау керек болған.
Этиленді алу әдісі сипатталатын жерге келгенде мұғалім оны спирттен алу реакция теңдеуін қарастырып, күкірт қышқылы не үшін қолданылғанын көрсетті. Тәжрибені жасап көрсетпей, бұрынғы экспериментті де түсіндірмеді. Тек «бұл тәжрибені сендер көргенсіңдер»- дегенді ғана айтады.
Енді оқушыларға сөзбен құбылыс арасындағы байланысты орнату қиынға тиеді, себебі ол эксперимент өз уақытында дұрыс қабылданбаған болатын.
Эксперимент материал мазмұнынан алшақтап, ал оның оқу мәні догмалықтан аспай қалды.
Осы келтірілген мысал әдістемелік ереженің дөрекі бұзылғандығына мысал болады. Әрине мұндай кемшілікті жойған қиын емес.
Оқушылар алдына кейде тәжрибе де көрсетіліп, оны бақылау мақсаты айтылып, бақыланған құбылысқа түсініктеме берілуі мүмкін. Бірақ осының бәрі үстіртін жүргізіліп, толық бекітілмейді. Міне осындай жолмен жіберілген қателікті түзету өте қиынға тиеді.
Осы жағдаятқа мысал келтірейік. Сыныпта альдегидтер қасиеті өтіп жатыр. Күміс айна реакциясы қарастырылып, тақтада сәйкес реакция теңдеулері жазылды. Осыдан кейін альдегидтің мыс (ІІ) гидроксидімен тотығу реакциясының теңдеуі құрылды. Мұғалім реакция барысында қолданылатын заттарды атап, сәйкес тәжрибені көрсетті. Қорытындысында «Міне өздерің көріп отырғандай мыстың (І) оксиді түзілді»- деп қысқаша қорытындылайды. Осындай тұжырымнан кейін ол жаңа материалды түсіндіруді әрі қарай жалғастырады.
Мұнда тағы эксперименттің сабақ мазмұнынан алшақтауын көреміз. Егер мұғалім алдымен ракция теңдеуін жазып, соңынан реакцияны демонстрациялайтын болса, онда алдымен тәжрибені түсіндіріп талдау керек болған. Тақтада жазылған теңдеуді тәжрибенің жеке бөліктерімен байланыстырылып, оқушыға жеткізілуі керек еді. Мұнда пробиркада жеке кезеңдерде қандай өзгерістер жүріп жатқандығы нақтыланбады. Көгілдір және сары тұнба нені білдіреді, альдегид тотығуынан түзілген қышқыл қайда түзіледі деген және т.б. сұрақтар жауабы берілуі керек.
Аталған сабақта мұғалімнің эксперименті сәтсіз болып, қажетті тұнба түзілмеді. Мұғалімнің оқушыларға мыс(І) гидроксиді тұнбасы түзілді деп айтқаны нанымсыз болды. Сабақтың әдістемелік дұрыс құрылмауы, эксперименттің айтарлықтай нәтиже бермеуі сабақтың педагогикалық құнын төмендетті, және осы аталған қателікті түзету өте қиын болары сөзсіз.
Органикалық химияны оқытқанда сабақта берілген материал бойынша барлық құбылысты демонстрациялау мүмкіндігі жоқ. Оны біз жоғарыда жеткілікті деңгейде негіздедік. Тәжрибені іріктеп, қайсысын демонстрациялық эксперимент ретінде алуға болатынын, қайсысысын схема, сурет, оқытушы түсіндірмесі бойынша қабылдауға болатынын анықтайды.
Алдымен оқушылар бағдарламада белгіленген барлық заттарды және химиялық реакцияларды бақылауы керек деп есептейміз.
Бірақ оқылатын реакцияларды көп рет қайталаудың қажеттігі шамалы. Күміс айна реакциясымен оқушыларды альдегидтердің бір өкілі қатысында таныстырсақ, кейіннен бұл реакцияны заттарды сарамандық жолмен анықтауда қолданамыз (мысалы глюкозадағы альдегидтік топты анықтау үшін), осыдан кейн бұл туралы сөз болғанда реакцияныәр жолы демонстрациялаудың қажеті жоқ. Жол сайын оны еске түсіру оқушының көз алдына құбылыстың анық бейнесін елестетеді.
Метан мен этиленнің оттегіде жануын көрсетіп, ацетиленнің жануын демонстрациялаудың қажеті шамалы.
Этил спиртінің тотығуын демонстрациялап ал басқа спирттерді соның мысалында түсіндіреміз.
Сірке қышқылымен жүретін реакциялар басқа карбон қышқылдарын түсіндіруде жеткілікті.
Органикалық химияны оқытқанда көбінесе бейорганикалық химия, биология, физика сияқты пәндерден азған білімдеріне сүйенуге болады.
Қорыта келгенде органикалық химиядағы экспериментке бейорганикалық химиядағы немесе басқа жаратылыс тану пәндеріндегі сияқты жалпы талаптар сәйкес келетінін айтуға болады.
Енді осы талаптарға тоқталайық.

  • Эксперимент міндетті түрде нәтижелі болу керек. Сондықтан әрбір тәжрибе сабаққа дейн міндетті түрде сыныпта қолданылатын реактивтермен жүргізіліп, байқаудан өтуі қажет.Бейорганикалық химияға қарағанда органикалық химияда реактивтердің сенімді, сапалы болуы үлкен рөл атқарады.

  • Эксперимент көрнекі, көркем болғаны дұрыс. Тәжрибе талапқа сай масштабта қойылып, аспаптар көрнекілігін көлегейлейтін тетіктерсіз, оқушы зейінін бөлетін жанама құбылыссыз болғаны қажет.

  • Эксперимент оқушы өмірі үшін қауіпсіз болу керек. Күрделі, қауіптілігі жоғары экспериментті тек мұғалім ғана жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет