I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері


Химиялық өндірістерді оқыту әдістемесі



бет38/70
Дата22.12.2023
өлшемі0,89 Mb.
#142981
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70
Байланысты:
I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері-emirsaba.org (1)

Химиялық өндірістерді оқыту әдістемесі



8-сынып «Химия пәні» бойынша экскурсиялық сабақ өткізу жоспары
1.Экскурсия нысаны – Үлбі металлургия зауыты
2.Мақсаты: химияның міндеті – заттарды қолдану үшін қасиеттерін айқындау, адамдардың сұранысына қажет жаңа химиялық заттар алу, табиғи қорларды орынды пайдалана отырып,қоршаған ортаны қорғау екенін негізге алып оқушылардың білімін тереңдету.
3.Оқушылармен экскурсия өтетін нысан, яғни ҮМЗ жайлы қысқаша әңгіме жүргізу.


Үлбі металлургия зауыты
Үлбі металлургия зауыты ААҚ. “ҮМЗ” ААҚ - өнімді өндіру және өнімді шығарудан 60 жылдық іс-тәжірибесі бар әлемдік деңгейдегі ірі кәсіпорын. Үлбі металлургиялық зауытының ресми туған күні 1949 жылдың 29 қарашасы. Бұл күні кәсіпорын қоймасына алғашқы өнім келіп түсті. Зауыттың дамуының басты сипаты өндірісті үздіксіз жетілдіру еді. 70 жылдардың басы – СССР-да атом энергетикасы саласын дамыту кезеңі еді. Осы кезеңде бірнеше ірі АЭС құрлысын салу көзделді. Оларды жылумен қамтамасыз ету үшін жылына 1000 тонна құрамында уран қосындысы бар таблеткалар шығару қажет болды. “ҮМЗ” алдында күрделі міндеттер тұрды: ірі қаржылық қолдаусыз жеті айдың ішінде жобалау, жүздеген тонна құнды құрал-жабдық әзірлеу, уран диоксидінің өндірісін қосу және құру, мамандар дайындау қажет болды. Дегенмен де ұжымның күшімен алда тұрған міндеттер мерзімінде орындалды. 70 жылдардың аяғында ядролық реактор құрастырушылары “ҮМЗ” де жоғары сапалы ядролық жылу өндіру мүмкіндігі бар екендігін айтты. Соңынан жылу өндірісі кәсіпорын зкономикасының алдыңғы қатарынан орын алды. Жаңа шығармашылық ұжымдар, тантал, бериллий, уран өндіретін жаңа өндірістер құрылды. Тантал, бериллий, және берилли оксидінен алынатын керамика өндірісі дамыды. 1997 жылы ҮМЗ “Казатомпром” Ұлттық компаниясының құрамына енді. Бұл компанияның басты мақсаты Қазақстанның уран байлығына иек арта отырып, атом өнеркәсібі саласын жоғары сапалы деңгейге жеткізу. Кәсіпорынның бүгінгі құрамында: ТМД көлеміндегі атом энергетикасына арналған ядролық керамикалық жылу өндіретін ірі өндіріс, бүкілғаламдық ғылым мен технологияның алдыңғы қатардағы жетістіктерін пайдаланады. Евразия континентінде құрамында бериллий қосындысы бар барлық өнімдерді шығаратын бірегей өндіріс орны, (қарапайым құймалардан бастап дайын бұйымдарға дейін шығарады) “ҮМЗ” ААҚ бериллийді 1951 жылдан бастап өндіреді. Бүгінгі “ҮМЗ” ААҚ маркалы бериллий өнімі бүкіләлемдік үздіктердің қатарынан орын алады. ТМД көлеміндегі тантал өндіретін бірегей өндіріс химиялық – металлургиялық, пеш және қаттау тәрізді қуатты құралдармен жабдықталған. 1950 жылы құрылған. Танталдың барлық түрін және құрамында ниобий қосындылары бар өнімдердің барлық түрлерін (фтортантал калийден бастап дайын құймалар, металл шыбықтар мен сымдар тәрізді өнімдерді) шығарады. Өндірістің қуаттылығы Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстанды бірге алғанда бәрінің де қажеттілігін өтеуге жарайды. Жоғарыөткізгіш материалдар өндіретін өндіріс орны 1969 жылы құрылды. Мамандардың күшімен жоғары электрлік, техникалық,және іске асатын жаңа өткізгіш сымдар, кабелдік желілер мен шиналардың түрлері пайда болды.
машина жасау комплексі, қазіргі жаңа металл өңдеу жабдықтарымен стандартты құрал-жабдықтар мен жоғары техникалық талаптарға сәйкес бұйымдарды әзірлеуде бай іс-тәжірибе жинақтады.
Тармақты инфраструктура және қуатты ғылыми күш: Құрал-жабдықты - механикалық цех, энергожөндеу, электрожөндеу, транспорт цехы, көпсалалы қызмет көрсету цехы (типографиясымен), технологиялық процесстерді автоматтандырудың орталық лабораториясы, өлшеу техникасының орталық лабораториясы, жобалау-құрастыру институты, орталық ғылыми-зерттеу және талдау лабораториясы, қоршаған ортаны қорғау лабораториясы. “ҮМЗ” ААҚ мамандары “ Қазақстанның тенге сарайын” құрды. 1993 жылдан бастап металл тенгелерді, ал, келесі жылдан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын шекілдеу басталды. Бүгінгі күні фурнитура бұйымдары, құнды металлдардан жасалған бұйымдар, мерейтойлық тенгелер шығарылады. “Үлгі металлургиялық зауыты” Ашық акционерлік қоғамының Тауарлық белгісі Қазақстан республикасында, сол сияқты, Ресей Федерациясында, Болгария, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Польша, Словакия, АҚШ, Франция, Чехия, Жапонияда тіркелген. 1999 жылы “ҮМЗ” ААҚ ISO 9002 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес өнім сапасын басқару жүйесіне төмендегі салалар бойынша сертификат берді: Уран қосындыларынан алынған өнім өндірісі, оның ішінде ядролық реакторлар мен энергетикалық қондырғыларға арналған өнім өндірісі; түрлі деңгейде әзірленген өнімдерді ала отырып, уранның түрлі қосындыларын өңдеу. 1999 жылдың аяғында бериллий лигатурының өнімдік сапасын басқару жүйесі қызметін тарату бойынша сертификациялық аудит өткізілді.
4.Экскурсия барысында не істеу керектігін түсіндіру:
а) Өзін-өзі дұрыс ұстау.
б) Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
в) Нені бақылау керек екенін, өздеріне керек мәліметтерді жазып алу және суретке түсіріп алу.
5.Экскурсиядан кейін сыныпта оқушылармен конференция өткізу.Онда оқушылар өздеріне берілген ҮМЗ да орналасқан әр түрлі цехтардың мамандары ретінде экскурсиядан көргендерін толықтыра отырып,қысқаша баяндама жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет