I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері


Химияны оқыту әдістемесі ғылым және оқу пәні ретінде



бет59/70
Дата22.12.2023
өлшемі0,89 Mb.
#142981
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   70
Байланысты:
I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері-emirsaba.org (1)

Химияны оқыту әдістемесі ғылым және оқу пәні ретінде.
Химияны оқыту әдістемесінің пәні, оның ғылыми негізі. Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық ғылымдар мен химия ғылымдарында алатын орны. Химияны оқыту әдістемесінде қолданылатын зерттеу әдістері.
Химияны оқыту әдістемесі мұғалім әзірлейтін жоғары оқу орындарында оқытылатын оқу пәні ретінде. Химияны оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны мен құрылымы. Химия мұғалімін әдістемелік әзірлеуге қойылатын талаптар. Химияны оқыту әдістемесінің дамуы мен тарихи қалыптасуы. Қазіргі кезеңдегі химияны оқыту әдістемесі. Химия мұғалімдерінің әдістемелік ғылымға қосқан үлестері.
Химияны оқыту процесі педагогикалық жүйе ретінде.
Химияны оқыту процесінің тұтастылық құрылымы, оның элементтерінің қысқаша сипаттамасы (мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары, ұйымдастыру формалары білім мен икемділіктердің қалыптасуын бақылау түрлері, олардың арасындағы байланыстарды айқындау)
Мектепте берілетін химиялық білім мазмұны, оның негізгі түрлері мен деңгейлері. Химия пәнінің оқу мазмұнын анықтайтын факторлар(қоғамның әлеуметтік тапсырысы, химия ғылымының даму деңгейі,оқушылардың жас ерекшеліктері, мектепте жұмыс істеу жағдайы) және мектептегі химия курсының мазмұнын анықтаушы факторлар.
Химия мазмұны мен химиялық пәндерге қойылатын дидактикалық талаптар.
Химия пәні мазмұнын іріктеудің және құрудың дидактикалық принциптері (ғылымилығы, түсініктілігі, жүйелілігі, бірізділігі), жаратылыстану курстарының жетекші идеялары. Химия курсы мазмұнын іріктеу мен құрудың әдістемелік принциптері: оқу материалының химия білімінің даму деңгейіне сәйкестілігі(ғылым жүйесінің оқу пәніне көшірілу принципі, нысанды ғылыми тұрғыдан қарастырудың материалды бірізділікпен оқытуға сәйкестендірілуі, оқытуда,теорияның жетекші роль атқаратындық принципі, теория мен фактілердің оптимальды сәйкес келу принципі).
Химия курсының мазмұнын анықтау мен құрылымдауға жүйелілік жолмен келу: ғылым жүйесінің оқу пәніне көшірілу принципі негізінде химия курсын құру(ғылыми қағидалардың оқу курсы мазмұны блогына көшірілуі; пәнішілік және пәнаралық байланыстар курс мазмұнын құрушы элементтер арасындағы жүйе түзуші байланыс ретінде); химия курсын пәнді тұтас жүйе ретінде қарастыруға негіздеп құру(зат немесе химиялық процесс); химия курсын химиялық тұжырымдарға сәйкестендіріп құру. Химия курсының бірізділігін анықтауға жүйелілік тұрғыдан келу, материалды қиындықты бөлу принципі негізінде оқыту(курсты сызықтық, концентрлі, блокты-жүйелі құру); мазмұнды модульді құру жүйесі; материалды ғылми жүйе негізінде бірізділікпен оқыту.
Химиялық түсініктер жүйесі. Мектептің және жоғары оқу орнының бейорганикалық химия курсын әр түрлі химиялық түсініктерді қалыптастыра отырып дамытуға бағыттап құру(зат, химиялық реакция, элемент және т.б). Мектептегі химия курсын құру.
Мектептегі химия курсының пән мазмұнының құрылымы: мазмұнның дидактикалық бірліктері мен компоненттері; негізгі химиялық тұжырымдар. Орта мектепке арналған типтік бағдарламалар - химияны оқытуды реттеуші нормативтік құжат. Оқулық мазмұнды беруші құрал ретінде. Оқыту әдістері
Оқыту әдістері туралы түсінік. Оқыту әдістерінің жіктелуі. Жалпылогикалық және дидактикалық әдістер, олардың қысқаша сипаттамасы және химияны оқытуды қолданылуы. Химияны оқытудың өзіне тән әдістері. Химиялық эксперимент химияны оқытудың ерекше әдісі ретінде, оны ұйымдастыру, оның оқу процесіндегі орны. Демонстрациялық химиялық эксперимент, оны мектепте ұйымдастыру және өткізу ерекшелігі. Оқушының химиялық эксперименті, оған қойылатын талаптар. Химиядан зертханалық тәжрибелер, оларды өткізу әдістемесі.
Химиядан сарамандық сабақтар, оларды мектепте жүргізу әдістемесі. Зертханалық практикумдар оларды мектепте өткізу әдістемесі. Химиялық есептерді оқу процесінде қолдану. Химиялық есептер жүйесі оқушылардың есеп шығару икемділігін арттыру құралы ретінде; химиядан сандық есептер шығаруға біркелкі әдістемелік тәсілмен келу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет