I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері



бет50/88
Дата06.01.2022
өлшемі2,93 Mb.
#14759
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   88
Байланысты:
Химияны оқыту әдістемесі Оқулық !!!!!!

Моншалар. 1000-3000 градус температура аралығында қыздыру үшін әртүрлі моншалар қолданылады. Су моншасы металл ыдыстан және бетінде біріне – бірі дәл келетін сақиналардан тұрады (7а-сурет). Ыдысқа оның 2/3 бөлігіндей етіп су құямыз да, сақиналармен жауып, мосының үстіне қойып қыздырамыз. Немесе электроплитаға қойылады. Суды қайнау температурасына дейін жеткізіп және осы температурада тұратындай етіп ұстаймыз да, қыздырғалы отырған ерітінді құйылған ыдысты орнықты етіп моншаға орналастырамыз. Моншадан үнемі су болуын қадағалау керек.

Жоғарғы температура алу үшін моншаға қандай да бір тұздың концентрлі ерітіндісін құямыз (натрий хлориді немесе кальций хлориді). Мұндай жағдайда эмальданған монша қолданған тиімді.



Құм монша. 2000-3000 градус температураға дейін қыздыру үшін қолданылады. Құм монша таза құм толтырылған табадан тұрады. Оны газ шамымен қыздырады. Қазіргі кезде электр құм моншасы қолданылады.

а-су моншасы, б-электроқыздырғышы бар су моншасы, в-жабық типті электроплита, г-ашық спиральды электроплита, д-колба қыздырғыш
13- сурет Зертханалық қыздырғыш аспаптар
Ауа моншасы ыстық ауа қатысында қыздыруға арналған. Ол үшін қаңылтырдан жасалған воронка қолданылады. Жоғарғы жағында бірнеше қатар тесіктері бар, төменгі жағында тесіктерден төменірек асбест тіліктер салынған. Қыздыратын ыдысты асбест тіліктерге жетпейтіндей етіп орналастырады. Шаммен асбест сақинаны қыздырады, ал ыдыс ыстық ауамен жылытылады. Қазір зертханада электр ауа моншалар қолданылады.

Пештер. Заттар жоғары температурада қыздыру, кептіру үшін электр пештері қолданылады.

Муфель және тигель пештерінде (8а, б-сурет) заттар тигельге салынып қыздырылады. Түтік тәрізді пеште (8в-сурет) жоғары температурада қиын балқитын түтіктерде реакция жүргізіледі (кварцты кәрденнен жасалған).



Препарат арнайы (кәрден, кварц, платина) қайық тәрізді ыдыстарға салынып, пеште орналасқан шыны түтіктің ішінде орналастырылады.

а-муфель пеші, б-тигель пеші, в-түтікті пеш

14- сурет Электр пештері


Зертханаларда 220 В немесе 127 В кернеуге пештер болатынын еске сақтау керек. Сондықтан электропештерін қоспас бұрын пеште көрсетілген кернеуді қарау керек.

Спирт шамдары көбінесе шыныдан жасалған болады (9-сурет). Спирт шамына денатурат спирт құйылады да, пілтесі ширатылмаған жіптен істеледі. Спирт шамының жалыны аса ыстық емес. Жұмыс біткен соң спирт буланбас үшін спирт шамын қалпақпен жабады.


15-сурет Спирт және газ шамдары
Электр плитасы. Егер зертханада газ шамдары болмаса, жоғары температура алу үшін электроплиталар қолданылады. Электроплиталарының үлкендігі әр түрлі болып, ашық спиральды және жабық спиральды болуы мүмкін (7 в, г-сурет). Жабық спиральды плиткалар жылдам от алғыш, ұшқыш заттармен жұмыс істегенде қолайлы. Ондай плиталарда спираль үстінде асбесті немесе металл пластинка болады.

Ашық спиральды плиткалар қыздырған зат спиральға төгілмейтін, болғанда қолданылады. Егер спираль күйсе, оны ауыстыруға болады. Ашық спиральды плиталар осынысымен қолайлы.



Пробирка және колба қыздырғыштар. Зертханада арнайы пробирка қыздырғыштар мен колба қыздырғыштар да қолданылады. Колба қыздырғыштардың спиральды керамика конустың түбінде орналасқан (7д-сурет).

Электр қыздырғыштарды қосқанда температураны реостат арқылы реттеуге болады.



Зертханалық жұмыстар техникасы

Температураны реттеу. Көпшілік электроқыздырғыштарда қалыпты температураны реттеу үшін реостаттар орналастырылады. Зертханалық жұмыстар практикасында температураны аз интервалда реттеуге мүмкіндік беретін автотрансформаторлар қолданылады. ЛАТР-1 типті автотрансформаторларды қарастырайық. (10-сурет).


16-сурет Автотрансформаторлар
Аврторансформаторлардың алдыңғы бөлігінде алты қысқыш – клемм орналасқан. Автотрансформатор ток көзіне (кернеуі 220В) 1 және 3 қысқышпен қосылады. Кернеуі 127 В ток көзіне қосылғанда автотрансформатор 1-2 қысқыштармен жалғанады. Пешті екі жағдайда да 4-5 қысқышқа қосу керек.

Трансформатордың жоғары бөлігінде 0 вольтен 250 В дейін белгіленген шкала орналасқан. Оның бұрғышы және көрсеткіш тілі бар. Автотрансформатордың бұрғышын қозғалту арқылы ток кернеуін өзгерте отырып белгілі температура алуға болады. Пешті автотрансформатор арқылы ток көзіне қосқанда төмендегі реттілікті сақтау керек:



  1. Автотрансформатор шкаласындағы көрсеткіш тілді 0 Вольтке келтіреміз.

  2. Пешті автотрансформаторға қосамыз.

  3. Автотрансформаторды ток көзіне оның кернеуіне байланысты қосу керек.

  4. Автотрансформатор бұрағышын бұрау арқылы пеш температурасын реттейді.

Таразы және өлшеу жұмыстары

Өлшеу деп берілген дене массасын өлшемі белгілі (мг, г, кг, т.б.) таразы тасы массасымен салыстыруды айтады. Таразы зертханада қажет аспап.



Өлшеу дәлдігіне байланысты таразыны мынадай топтарға жіктейміз:

  1. Аса дәлдіксіз өлшеуге арналған (дәлдігі 1 грамға дейін);

  2. Аса дәлдікпен өлшеуге арналған (дәлдігі 10-3 – 2*10-2г);

  3. Аналитикалық таразы:


17-сурет Технохимиялық таразы, бір табақты таразы



Өлшеу ережелері

Табақты таразыларды өлшеу кезінде сусымалы өлшеуге арналған затты табаққа бірден салмайды, оны алдын ала өлшенген арнайы ыдысқа салады. Өлшеу кезінде затты қолмен алуға, салуға болмайды, қалақшаны қолданады. Өлшенетін зат таразының – сол жағына, тасы оң жағына салынады. Алдымен ірі тастар соңынан ұсақтары салынады.

Сұйықты таразы табағына тамызбай өлшейді. Аса дәл өлшеу үшін технохимиялық таразыларды қолданылады. Ондай таразылармен 200 г-нан бірнеше кг дейін өлшеуге болады. Табақты таразыдан айырмасы олардың арретир деген таразы иінін қорғаушы тетігі болады. Арретир құлағын бұрау арқылы таразыны жұмыс жағдайын дайындауға, дәлдігін анықтауға болады.

Дәл өлшейтін таразының ең қарапайым қол немесе аптекалық иінді таразылар.

Аса дәл аналитикалық демпферлік таразылар грамның 1/100, 1/10 бөліктері арнайы тетікпен қосылады. Ол тетік таразының оң жағында алдыңғы қабырғасында орналасқан. Грамның 1/1000, 1/10000 бөліктері сақина түрінде жасалған таразы гирлерімен белгіленеді. Таразы табақшаларының ортасында орналасқан. Жарықтанған көрсеткіш бағдарламаның орнымен анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет