Қ атыстық сын есімдердің лексикалық тіркесімділігі



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі439,86 Kb.
#121

Қ

атыстық сын есімдердің лексикалық тіркесімділігі 

Г.О. Сыздықова филология ғылымдарының 

кандидаты, доцент. Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университеті. 

              Лексическая сочетаемость относительных прилагательных 

 

 



 

В  статье  рассматриваются  лексические  сочетаемости  относительных 

прилагательных с существительными и их валентностные особенности.  

Lexіcal complaіns of relalіonal agjіectіves 

 

Lexіcal complіanse of relatіonal adjecіves wіth nouns and theіr valency peculіarіtіes 

are revealed іn thіs artіcle 

Қазақ тіл білімінде сөз таптары құрамындағы сөздердің лексикалық тіркесімділігі 

жайында біршама пікірлер айтылады. Мәселен, К. Аханов тіркесімділіктің бұл түрінің 

синтаксистік  тіркесімділікке  қарағанда  тар  көлемде  болатынын  айтса  [1,189],  М. 

Балақаев пен Т. Қордабаев «кез келген сөзді бірімен бірін тіркестіре салуға болмайды, 

өзара  мағыналық  байланыста  айтыла  алатын  сөздер  ғана  синтаксистік  байланыста, 

белгілі  сөз  тіркесінің  құрамында  келеді»  дейді  [2,16].  Сөздердің  синтаксистік 

тіркесімділігінен  көлемінің  анағұрлым  шағын,  тар  болуына  қарамастан,  лексикалық 

тіркесімділік сөздердің бір-бірімен тіркесуінде маңызды қызмет атқарады. Кез келген 

сөз  тіркесі  құрамындағы  сөздер,  әсіресе  еркін  тіркесте,  ең  алдымен  мағыналық 

жағынан  үйлесуі  қажет.  Сонда  ғана  олар  бір-бірімен  тіркесе  алады.  Бұл  жағдай  тек 

лексикалық  қана  емес,  синтаксистік  тіркесімділікке  де  тән.  Ғалым  К.  Аханов: 

«Синтаксистік  сөз  тіркесін  құрастырушы  сыңарлар  сөздердің  лексикалық 

тіркесімділігіне бағынбай, өзінше тіркесе бермейді. Синтаксистік сөз тіркесі дегеніміз 

еркін  сөз  тіркесі,  бірақ  оның  еркіндігі  сөздердің  лексикалық  (мағыналық)  жақтан 

тіркесе  алу  мүмкіндігіне  негізделеді»  дейді  [1,190].  Ғалымның  бұл  пікірі  бойынша, 

синтаксистік  тіркесімділікке  қарағанда,  лексикалық  тіркесімділіктің  мәні,  қызметі 

ерекше екендігін түсінуге болады.  

Ал  сөздердің  тіркесімділігінің  сөз  таптарына  қатысына  келсек,  тағы  да  ғылыми 

пікірлерді негізге алуға болады. Мәселен, К. Аханов: «Сөз тіркестерінің және олардың 

үлгілерінің жасалуында ұйытқы сөздің қай сөз табынан болуының үлкен мәні бар. Сөз 

тіркесінің  құрылымы,  әдетте,  оның  құрамындағы  ұйытқы  сөздің  грамматикалық 

табиғатына,  атап  айтқанда,  қай  сөз  табына  қатысты  болуына  қарай  анықталады.  Сөз 

тіркесін  құрастырушы  сөздердің  өзара  қарым-қатынасы  мен  байланысының  сипатын 

айқындауға ол сөздердің жалпы категориалды мағынасының тікелей қатысы бар» дей 

келіп [1,196], сөз таптарының ішінде сын есімдер заттардың сапасын, белгісін білдіріп, 

сөз  тіркесінің  бағыныңқы  сыңары  ретінде  де,  сондай-ақ  басыңқы  сыңары  ретінде  де 

жұмсалатынын  айтады.  Ал  С.М.  Исаев:  «Сөздердің  мағынасы  сол  сөздің  тіркесу 

қабілеттілігімен тығыз байланысты болады. Яғни сөздердің тіркесу мүмкіндігіне қарай 

олардың мағыналық байланысы да көрініп отырады» дейді [3,114]. 



Осындай  ғылыми  пікірлерден  шығатын  түйін:  сөздердің  бір-бірімен  лексикалық 

және синтаксистік тіркесуінде оны жасаушы ұйытқы сөз - негізгі сөз табының қызметі 

ерекше.  Тіркесімге  түскен  сөздердің  арасындағы  лексика-грамматикалық  қарым-

қатынас  оны  құраушы  сөз  таптарының  мағыналық  сипатымен  тығыз  байланысты. 

Сондықтан  сөздерді  семантикалық  жағынан  жіктеп,  лексика-семантикалық  топтарға 

бөлуде  олардың  сөз  тіркесі  құрамында  қолданылу  мүмкіндігінің  лексикалық 

мағынасына қатысы да ескеріледі. Осы тұрғыдан қатыстық сын есімдердің лексикалық 

тіркесімділігін  қарастыруда  оның  семантикалық  валенттілігін  анықтауға  да  назар 

аударылады.  

Қатыстық  сын  есімдердің  лексикалық  тіркесімділігі  олардың,  яғни  тіркесімге 

түскен  әрбір  қатыстық  сын  есімнің  дербес  семантикалық  ерекшеліктерін  ашуға 

мүмкіндік береді.Тіркесімділік қабілетіне қарай қатыстық сын есімдер зат есім, үстеу, 

етістіктермен тіркесе алады. 

Сөз  таптарының  ішінде  жалпы  семантикалық  мағынасына  қарай  байланысатын 

сөздер  тобы  болады.  Сол  сияқты  қатыстық  сын  есімдерді  деректі,  дерексіз  ұғымға, 

адамның  сыртқы  келбетіне  т.с.с.  қатысты  сын  есімдер  деп  жіктеу  осы  семантикалық 

мағыналарына  байланысты.  Зерттеу  нәтижелері  қатыстық  сын  есімдердің  сөз 

таптарының ішінде, әсіресе зат есімдермен семантикалық байланыста болып, олардың 

екінші  бір  затқа,  құбылысқа,  қимылға  қатысты  белгілерін  көрсететіндігін  дәлелдейді. 

Соған қарамастан, қатыстық сын есімдердің зат есімдердің семантикалық топтарымен 

тіркесімділік қабілеті шектеулі, яғни барлық зат есімдермен немесе зат есімдердің бір 

мағыналық  тобындағы  сөздермен  белгілі  бір  семантикалық  топтағы  қатыстық  сын 

есімдер түгелдей лексикалық тіркесімділікке түспейді. Солардың ішінде қатыстық сын 

есімдердің  адамға  қатысты  семантикалық  тобының  зат  есімдермен  лексикалық 

тіркесімділігінің де өзіндік ерекшеліктері бар. 

Қатыстық сын есімдердің зат есіммен лексикалық тіркесімділігін қарастыруда бұл 

екі  сөз  табының  тіл  біліміндегі  сөз  табы  ретінде  қалыптасуы,  өзара  байланысы  және 

оның  тілдегі  сипаты  да  ескеріледі.  Қатыстық  сын  есімдер  зат  есімдермен  мағыналық 

үйлесімділігіне  қарай  тіркесе  отырып,  сөйлемде  өз  алдына  дербес  лексика-

грамматикалық  топ  құрайды.  Ал  олардың  өзара  тіркесімділік  қабілеті  қатыстық  сын 

есімдердің  де,  зат  есімдердің  де  мағыналық  ерекшелігіне  ғана  емес,  грамматикалық 

сипатына да байланысты.  

Сын  есімдер  зат  есімдерге  қатысты  болып,  зат  есімдермен  тіркесіп,  есімді  сөз 

тіркесінің  құрамында  жиі  жұмсалады.  Әртүрлі  мағынада  жұмсалатын  сын  есімдердің 

кез  келген  зат  есімдермен  тіркесу  қабілеті  бірдей  емес  [2,30].  Осы  теңсіздік,  яғни 

қатыстық сын есімдердің кез келген зат есімдермен тіркесе алмау мүмкіндігі олардың 

арасындағы  мағыналық  үйлесімсіздікке,  семантикалық  байланыстың  болмауына 

негізделеді. 

Енді  адамға  қатысты  сындық  белгіні  білдіретін  қатыстық  сын  есімдердің  зат 

есімдермен лексикалық тіркесімділігіне талдау жасайық. 



Қабілетті  қатыстық  сын  есімі  жалпы  адамға,  оның  кәсібіне,  мамандығына, 

шеніне,  лауазымына  қатысты  ұғымды  білдіретін  зат  есімдермен  тіркесе  алады. 

Мысалы:  қабілетті  бала,  студент,  адам,  оқушы,  дәрігер,  инженер  т.с.с.  Ал  зат 

есімдердің басқа топтарымен қабілетті сын есімі лексикалық тіркесім құрай алмайды. 



Мәселен, қабілетті көпшілік немесе қабілетті гүл, қабілетті қиял деп айта алмаймыз. 

Себебі  қабілетті  қатыстық  сын  есімінің  семасы  (мағынасы)  соңғы  зат  есімдердің 

семасымен  еш  байланыспайды.  Екі  сөздің  семаларының  аралығында  мағыналық 

байланыстың болмауы олардың тіркесімділігіне кері әсерін тигізеді. 



Қадірлі  қатыстық  сын  есімінің  алдыңғы  (қабілетті)  қатыстық  сынға  қарағанда 

зат  есімдермен  лексикалық  тіркесімділігі  әлдеқайда  кең  деуге  болады.  «Қазақ  тілінің 

түсіндірме  сөздігінде»  қадірлі  қатыстық  сын  есіміне  «сыйлы,  құрметті,  ардақты, 

бағалы» деген түсініктеме берілген [4,15]. 

Қадірлі қатыстық сын есімі зат есімдердің ішінде адамның кәсібін, мамандығын, 

қоғамдағы  орнын,  шенін,  лауазымын,  туыстығын,  жалпы  адам  ұғымын,  адамды 

жасына,  жынысына  қарай  бөліп  көрсететін,  оның  достық,  жолдастық  жақындығын 

білдіретін  зат  есімдермен  тіркесе  алады.  Мысалы:  адамның  кәсібін,  мамандығын 

білдіретін  зат  есімдермен  тіркесімділігі:  қадірлі  мұғалім,  ғалым;  туыстық  ұғымды 

білдіретін  зат  есімдермен:  қадірлі  ана,  әке;  жалпы  адам  ұғымын  білдіретін  зат 

есімдермен:  қадірлі  жұрт,  ел,  бұқара,  қауым;  жасына,  жынысына  қатысты  зат 

есімдермен: қадірлі қарт, қадірлі әйел; достық, жолдастық жақындығын білдіретін зат 

есімдермен: қадірлі дос, қадірлі әріптес т.с.с. 

Қадірлі  қатыстық  сын  есімі  адамнан  тыс  зат  атауын  білдіретін  сөздермен  де 

лексикалық  тіркесімділікте  болады.  Оның  ішінде,  мәселен,  қоғамдық,  саяси  ұйым, 

түрлі құбылыс атауын білдіретін зат есімдермен: қадірлі ұжым, қадірлі еңбек; ғылым, 

өнер,  мәдениет  атауларымен:  қадірлі  ән,  қадірлі  шығарма;  тірі  табиғат  атауларымен: 



қадірлі аң, құс т.с.с. 

Лексикалық  тіркесімділігінің  кеңдігіне  қарамастан  бұл  қатыстық  сын  есім  зат 

есімдердің  ішінен  табиғат  құбылыстарының  атауларымен  (жел,  боран  т.с.с.),  сол 

сияқты  аспан  денелері  атауларымен  (бұлт,  жұлдыз)  мағыналық  жағынан 

байланыспайтындықтан,  тіркесімділік  байланыста  да  болмайды.  Ал  адамның  дене 

мүшелерін  білдіретін  зат  есімдердің  ішінен  қадірлі  сөзі  жүрек  сөзімен  лексикалық 

жағынан тіркесіп (қадірлі жүрек), белгілі бір стильдік мәнде қолданылады. Сол сияқты 

көркем  шығарма  тілінде  қадірлі  сын  есімі  адамның  рухани  күйін  білдіретін  зат 

атауларымен  де  лексикалық  тіркесімділікке  түсіп  (қадірлі  арман,  ой,  сөз),  ауыспалы 

мағынада жұмсалады. 



Мейірімді  қатыстық  сыны  да  жалпы  адамға  қатысты  ұғым  атауларын  білдіретін 

зат  есімдермен  лексикалық  тіркесімділік  құрайды.  Мейірімді  сөзінің  мағынасы  - 

«өзгеге  қайырымды,  шапағатты,  рақымды»  [4,137].  Осы  мағынасын  сақтай  отырып, 

мейірімді сын есімі мамандыққа, кәсіпке, лауазымға, шенге қатысты атауды білдіретін 

зат  есімдермен:  мейірімді  дәрігер;  жалпы  адам  ұғымын  білдіретін  зат  есімдермен: 



мейірімді  халық,  қауым,  ел;  адамды  жасына,  жынысына  қарай  топтайтын  зат 

есімдермен:  мейірімді  қарт,  қария,  ана,  бала;  достық,  жолдастық  жақындығын, 

қызметтік  қарым-қатынасын  білдіретін  атаулармен:  мейірімді  дос,  жолдас,  басшы 

т.с.с., сондай-ақ адамның рухани көңіл-күйін білдіретін кейбір дерексіз зат есімдермен 



(мейірімді сезім, көңіл) лексикалық тіркесімділікке түседі.  

«Мейірімді»  семасымен  жоғарыда  көрсетілген  зат  есімдердің  ішінде  мағыналық 

жағынан  сәйкес  келмейтін,  сол  себептен  лексикалық  тіркесімділік  құрай  алмайтын 

сөздер де бар. Мәселен, мейірімді сөзі адамның рухани күйін білдіретін зат есімдердің 


ішінен  тек  көңіл,  сезім  сияқты  сөздермен  ғана  тіркесімділікте  болып,  ал  керісінше 

қайғы,  мұң,  реніш  (мысалы,  мейірімді  қайғы  немесе  мейірімді  реніш)  сияқты  зат 

есімдермен лексикалық тіркесімділікте болмайды. Оған бұл сөздердің (мейірімді және 



қайғы,  реніш,  мұң  т.с.с.)  семантикасының  бір-біріне  қарама-қарсы  келуі,  яғни 

мағыналық үйлесімділіктің болмауы әсер етеді.  



Мейірімді  семасы  адамның  дене  мүшелері  атауын  білдіретін  зат  есімдердің  де 

барлығымен  бірдей  тіркесімділікке  түспейді.  Оның  ішінде  тек  қана  көз,  жүрек,  қол 



(мейірімді  көз,  мейірімді  жүрек,  мейірімді  қол)  сөздерімен  лексикалық  жағынан 

байланыса алады. 



Мейірімді  қатыстық  сынының мүлдем лексикалық  тіркесімділік құрай алмайтын 

зат  есімдер  тобы  да  бар.  Мәселен,  бұл  сөз  қоғамдық-саяси  ұғым  мен  құбылыс 

атауларын білдіретін зат есімдермен (еңбек, тәртіп, жиналыс т.б.), табиғат құбылысы 

(боран,  ызғар,  жел  т.б.),  аспан  денелерінің  атауын  білдіретін  кейбір  зат  есімдермен 

(бұлт, жұлдыз) тіркесімділікте болмайды. 

Әлсіз  қатыстық  сын  есімі  мағыналық  жағынан  күш,  қуат  сөздерімен  мәндес  әл 

дерексіз  ұғымымен  тікелей  байланысып,  «әлі  жоқ»  деген  мағынаны  білдіреді.  Әлсіз 

сын  есімі  өзінің  түбір  тұлғасының  семантикасынан  қол  үзбейді.  Ал  күш,  қуат,  әл  – 

бұлар  адамға  қатысты  физикалық  қасиеттер.  Соған  қарамастан,  әлсіз  қатыстық  сыны 

деректі  және  дерексіз  зат  есімдермен  лексикалық  тіркесімділік  құрайды.  Мысалы: 

Әлсіз адам, әлсіз қол, әлсіз аяқ, әлсіз дене, әлсіз сәуле, әлсіз жарық, әлсіз дауыс, әлсіз үн 

т.с.с. 

Әлсіз қатыстық сыны туыстық атауды білдіретін зат есімдердің ішінен бала, ана, 

әке, қыз сөздерімен лексикалық тіркесімділік құрайды (әлсіз бала, әлсіз ана, әлсіз әке, 

әлсіз  қыз).  Бұл  топта  ата  (әлсіз  ата),  қарындас  (әлсіз  қарындас)  сөздерімен  тіркеске 

түспейді. 



Әлсіз қатыстық сын есімі дене мүшесі атауларымен, оның ішінде қолаяқ, жүрек, 

көз т.б. сөздермен тіркеседі. Бірақ алдыңғы топтағы мағынасымен салыстырғанда, бұл 

топтағы  әлсіз  қатыстық  сынының  мағынасы  өзі  тіркесетін  сөздердің  бәрінде  біркелкі 

емес.  Мәселен,  әлсіз  қол,  әлсіз  аяқ  дегендерде  -  күші,  қуаты  жоқ  аяқ,  қол  деген 

мағынаны,  ал  әлсіз  көз  -  көруі  нашар  көз,  әлсіз  жүрек  -  соғысы  төмен  жүрек  деген 

ауыспалы мағынаны білдіреді. 

Әлсіз қатыстық сыны аң, құс атауларымен (әлсіз елік, әлсіз торғай) де лексикалық 

тіркесімділіккте болады.  

Лексикалық  тіркесімділігі  ауқымының  осындай  сипатына  қарамастан,  бұл  сын 

есім  зат  есімнің  кейбір  семантикалық  топтарымен  тіркесімділік  жағынан  мүлдем 

байланыспайды. Мысалы, киім-кешек, ыдыс-аяқ, ауру атауларын, аспан денелері, жыл 

мезгілдері, 

тағам 

атаулары 

т.с.с 

зат 


есімдермен 

мағыналық 

жағынан 

байланыспағандықтан, олармен тіркесім құрай алмайды. 



Мәдениетті қатыстық сыны жоғары мәдениет дәрежесіне көтерілген, соған сай, 

лайықты  деген  мағына  береді  [4,184].  Жалпы  мәдениет  ұғымы  адамға  қатысты 

болғандықтан, мәдениетті қатыстық сын есімі де адамның тікелей өзінің, оның түрлі 

әрекетінің мәдениетке қатысты сындық белгісін білдіреді. 



Алдыңғы  әлсіз  қатыстық  сын  есімімен  салыстырғанда,  мәдениетті  қатыстық 

сынының  зат  есімдермен  тіркесімділік  сипаты  анағұрлым  тар  деуге  де  болады.  Оған 

бұл  қатыстық  сын  есімнің  зат  есімнің  аз  ғана  семантикалық  тобындағы  кейбір 

сөздермен ғана тіркесуі дәлел. 



Мәдениетті  қатыстық  сыны  туыстық  мәнді  білдіретін  зат  есімдермен 

(мәдениетті  бала,  қыз,  қарындас  т.б.)  және  адамға  қатысты  кейбір  дерексіз 

ұғымдармен  (мәдениетті  сөз,  мәдениетті  ой  т.с.с.)  ғана  тіркеседі.  Ал  зат  есімнің 

басқа  семантикалық  тобымен  тіркесімділікке  түспейді.  Мысалы:  Қыз  көңілін  аулай 

білген жігіт ең мәдениетті жігіт (Б. Н.). 

Кінәлі қатыстық сын есімінің зат есімдермен лексикалық тіркесімділігіне келсек, 

қатыстық  сын  есімнің  бұл  түрі  де  негізінен  адамға  қатысты  түрлі  әрекеттердің 

қатыстық  белгісін  білдіреді.  Кінәлі  қатыстық  сыны  зат  есімнің  семантикалық 

топтарының  ішінде  туыстық  ұғымды  білдіретін  атаулармен:  кінәлі  бала,  кінәлі  әке, 



кінәлі  қарындас  т.с.с.;  адамның  дене  мүшелері  атауларының  ішінде  тек  түр,  кескін 

сөздерімен  (кінәлі  жүз,  кінәлі  түр,  кінәлі  кескін)  лексикалық  тіркесімділікте  болады. 

Бұл  қатарда  жүз  зат  есімімен  синонимдес  бет,  келбет,  өң  сияқты  зат  есімдермен 

тіркеспейді.  Кінәлі  сөзі  дене  мүшелері  атауларының  арасында  көз,  жүрек  (кінәлі  көз, 



кінәлі жүрек) сөздерімен ғана тіркеседі, ал қалған зат есімдермен мағыналық жағынан 

үйлеспегендіктен, тіркесімділік қатарда болмайды.  

Мысалы: Батырбек сасқалақтап, кінәлі жүзбен еріксіз күлді (А. Жақсыбаев). 

Ашулы қатыстық сын есімі ашу дерексіз ұғымына қатысты адамның, оның көңіл-

күйіне байланысты әрекетінің, қимылының белгілерін білдіреді. Ашулы қатыстық сын 

есімі  адамның  және  оның  сөйлеу,  ойлау  әрекетінен  пайда  болатын  қасиеттерінің 

қатыстық  белгісін  білдіруде  осы  топтағы  деректі  зат  есімдермен  бірге  дерексіз  зат 

есімдермен  де  лексикалық  тіркесімділік  құрайды.  Деректі  зат  есімдер  қатарындағы 

адамға  қатысты  атаулардың  барлығымен  лексикалық  тіркесімділікте  қолданылады 



(ашулы  әке,  ашулы  бала,  т.с.с.).  Екіншіден,  деректі  ұғымды  білдіретін  дене  мүшелері 

атауларының  ішінде  барлығымен  емес,  тек  көз,  жүрек,  қабақ  зат  есімдерімен  ғана 

тіркесімділік  байланыста  болады.  Ал  қол,  аяқ,  бас,  құлақ  сияқты  дене  мүше 

атауларымен мағыналық жағынан мүлдем тіркеспейді.  Ашулы қатыстық сыны деректі 

зат  есімдердің  ішінде  кейбір  жан-жануар,  құс  атауларымен  (ашулы  қасқыр,  ашулы 

арыстан,  ашулы  бүркіт  т.с.с.)  де  тіркесімділік  байланыста  болады.  Бірақ  олардың 

барлығымен емес. Мәселен, құс атауларының ішінде үй құстарының атауын білдіретін 

зат  есімдермен  лексикалық  тіркесім  жасай  алмайды  (ашулы  үйрек,  ашулы  қаз  деген 

сияқты  тіркестер  болмайды).  Ашулы  қатыстық  сын  есімі  зат  есімдердің  қатарында 

киім-кешек,  ыдыс  аяқ,  ауру-сырқат,  тағам,  өсімдік  атауларымен  мағыналық  жағынан 

байланыспағандықтан, лексикалық тіркесімділік жасай алмайды. Ал жыл мезгілдерінің 

ішінде  тек  қыс  сөзімен  (ашулы  қыс)  тіркесіп,  оның  өзінде  ауыспалы  мағынаны 

білдіреді.  Басқа  жыл  мезгілдері  (жаз,  күз,  көктем)  атауларымен  мағыналық 

үйлесімділігі  болмағандықтан,  лексикалық  тіркесімділік  те  құрай  алмайды.  Себебі  ол 

сөздердің мағынасы ашулы сөзіне мүлдем қарама-қарсы. Жып-жылы жаздың, көгілдір 

көктемнің, қоңырқай күздің ашулы қатыстық сын есімімен тіркесе алмауы осы мағына 

қайшылығында. Керісінше, қыс сөзін де көгілдір не қоңырқай, не болмаса ыстық сын 

есімдерімен тіркестіруге болмайды. 


Қорыта  келгенде,  қатыстық  сын  есімдер  мен  зат  есімдердің  лексикалық 

тіркесімділігі  әр  уақытта  бірдей  емес.  Сондай-ақ  қатыстық  сындар  зат  есімдердің 

белгілі бір семантикалық тобындағы барлық сөздермен тең дәрежеде байланыспайды. 

Оған жоғарыда талданған тілдік мысалдар дәлел. 

Пайдаланған әдебиет тізімі: 

1.

 



Аханов К. Грамматика теориясының негіздері.-Алматы,1996. 

2.

 



Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі.-Алматы,1961. 

3.

 



Исаев С.М. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы.-Алматы,1973. 

4.

 



Қазіргі қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.2-том.-Алматы,1976. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет