I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері



бет16/88
Дата06.01.2022
өлшемі2,93 Mb.
#14759
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   88
Байланысты:
Химияны оқыту әдістемесі Оқулық !!!!!!

Жаңа білім, іскерлік және дағдыны беру, меңгеру сабақтарында әр түрлі әдістер пайдаланылады: түсіндіру, әңгімелесу, әңгіме, дәріс, зертханалық тәжрибелерді пайдалану, оқулықпен жұмыс, бағдарланған тапсырмаларды орындау, үйреткіш машиналардың көмегін пайдалану, әр түрлі көрнекіліктер мен оқу құралдарын қодану тәсілдері.

Сабақтың бұл типінде мұғалім мен оқушы негізінен жаңаны білуге баса назар аударады, сабақтың басқа кезеңдері де орындалады, үйге берілген материалды тексеру, бекіту, білім мен іскерлікті дамытуда жүзеге асады.



Жаңа материалды оқыту сабағы. Мұндай сабақтардың әңгімелесу, баяндау, дәріс т.б. әдістермен жүргізілуі мүмкін. Бірақ сабақтың кіріспесінде оқушылардың жаңа материалды қабылдауға психологиялық жағынан даярлап, олардың әрқайсысы танымдық қызметке белсене араласатындай жағдай болу керек.

Білім, іскерлік және дағдыларды бекіту, жетідіру сабақтары (әңгімелесу сабағы, конференция сабағы, сарамандық сабағы). Бұл сабақтардың негізгі дидактикалық мақсаты-химиялық заңдарды, теорияларды, ұғымдарды, сондай-ақ сарамандық іскерліктер жөіндегі білімді тереңдетіп,бекітіп, жетілдіре түсу.

Сарамандық білімді, дағдыны, іскерлікті жетілдіру және қалыптастыру сабағы. Химия сабақтарының мақсаты химиялық теорияларды, заңдарды бағдарламада көрсетілген іскерлік пен дағдыны қалыптастыру болып саналады. Сарамандық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабақтарына:

  1. Жұмыстың мақсатын анықтау және техника қауіпсіздігін белгілеу.

  2. Жұмысты орындау тәсілдерін жоспарлау.

  3. Жұмысты орындаудың үлгісін көрсету немесе нұсқау беру.

  4. Орындалған жұмысты талдау немесе жүйелеп жазу, қортындылау.

  5. Жұмыс орнын тәртіпке келтіру.

  6. Үйге тапсырма беру, кезеңдерінен тұрады.

Оқушылардың теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білуге үйретеді, химиялық сынақ- тәжірибе кезінде іскерлік қалыптастырылады. Мұндай сабақтар міндетті түрде мектептің химия кабинетінде өтеді, оны зертханалық жұмыс деп атауға болады. Әдістемеге «зертхана» ұғымын ендірген әдіскер В.Н.Верховский, оның айтуынша «зертханалық сабақ орта мектепте химияны оқытудың негізгі формасы».

Зертханалық сабақ - ұзақ уақыт бойы мұғалімнің басшылығымен өз беттерінше орындайтын тақырыпты оқытуды немесе бағдарламалық бөлімін жинақтайтын сабақтағы тәжірибені айтамыз.

Білімді қорытындылау және жүйелеу сабақтары (қорытынды, әңгімелесу, қорытынды конференция). Сабақтың дидактикалық мақсатына тексеру, қорытындылау және тақырып, бөлім курсы бойынша теориялық білімді бір жұйеге келтіру жатады.

Сабақта оқытудың барлық формасында жақсы нәтижеге жету үшін бір формадан екінші формаға ауысып отыру көзделеді. Жаңа сабақтың материалын оқуда ұжымды жүргізіледі. Оқытудың осындай формалары оқушылардың белсенділігін, өз бетінше жұмыс істеуін дамуын, таным қабілетін арттырады.



Химия сабағындағы оқушылардың өзіндік жұмыстары

Қазіргі сабақ оқушылардың өзіндік жұмыстарынсыз болмайды. Ол - оқушылардың алдына қойған мақсаттарын орындау қызметі. Өзіндік жұмыстарды орындау арқылы оқушылар көрсетілген бағдарламалық білімді, жаңа біліктер мен дағдыларды игереді, өзіндік шығармашылық қабілетін дамытады, ғылыми танымдық әдістерді меңгереді.

Химия сабағындағы оқушылардың өзіндік жұмыстары сан алуан сарамандық сабақтар, сарамандық тәжірибелерді орындаулары, есептерді шешуі, формулалар бойынша реакциялардың теңдеуін құрастыру, жаттығуларды орындау, бақылау және тексеру жұмыстарын орындау, оқулықпен жұмыс, анықтамалар және әр түрлі қосымша әдебиеттермен жұмыс, сарамандық жұмыстардың есебін жазып орындау, танымжорық материалдарын өңдеу, т.б.

Бағдарламалап оқыту - өзіндік жұмыстардың ерекше түрі, ол- әрі бақылаушы, әрі оқытушы жұмыстар. Оқыту бағдарламасын теориялық курстарға құрастыруға болады, мысалы, бейорганикалық қосылыстардың кластарына, электролиттік диссоциациялану теориясына, тотығу- тотықсыздану реакцияларына, органикалық қосылстар арасындағы генетикалық байланыстарға т.б. суреттеу мақсатындағы тақырыптарға да қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет