Перспективті бейнелеу- денелерді бір- бірінен әр түрлі қашықтықта орналастырып және алыстағы денелерді кішкентай етіп,көрсетіп, жазық парақ бетіне кеңістік пен тереңдікті бейнелеу.
Пропорция- әр түрлі бөлшектердің өзара өлшем қатынасы және осы бөлшектердің бүтін денемен өлшем қатынасы.
Пуантилизм- ХІХ ғасырдың аяғында пайда болған кескіндеме мәнері. Оптикалық араласуға негізделген.
Рең – бір түстің түрлері, мысалы алтын түсті, сарғыш, жирен- бұлар сары түстің түрлері.
Роман стилі- Еуропа ХІ ғасырға таяу қалыптасқан сәулет үлгісі, оған көлемі зор, аласа қамалдар тән.