бет 21/21 Дата 06.01.2022 өлшемі 361,14 Kb. #16205
Салтанатты портрет - модель салтанатты , мерекелі түрде бейнеленген портрет. Онда адам суретші алдына арнайы дайындалып келеді.
Сәндік қолданбалы өнер- тұрмыстық бұйымдар жасау және әшкекейлеу өнері.
Сәулет өнері - адамның өмірі мен тұрмыс- қызметіне қажетті ғимараттар салу өнері
Символ - бұл қандай да бір түсінікті, құбылысты білдіретін шартты белгі.
Суримоно - гравюра техникасымен орындалған жапонның дәстүрлі ашық хаты. Суримононы өмірдегі әр түрлі қуанышты сәттермен құтықтау үшін жақын адмдарға сыйлайды.
Сырмақ, текемет - қазақ үйін безендіретін киіз төсеніштер
Суық түстер - көк, көгілдір , және осы түстердің барлық реңдерң.
Топтық портрет - екі немесе одан көп адамдар бейнеленген портрет.
Түстер гаммасы - белгілі бір көңіл күйді білдіретін түстердің үйлесімі .
Тушь- графикада қолданылатын сұйық бояу.
Фон- бұл бетіне бір нәрсенің суреті салынған негізі түс, астар
Формат - пішім, сурет орналастыратын парақ беті.
Форум - ежелгі Римдегі басты алаң. Ондағы құрылыстар- антиктік сәулет өнерінің үлгісі.
Фреска- кеппеген сылаққа ойып орындалатын қабырға суреттері.
Шағылысу (рефлекс) – жарықтың бір заттың бетінен екінші заттың көлеңкелі бөлігіне шағылысып түсуі.
Штрих - қысқа сызық , график- суретшінің негізгі әсерлеуші құралдарының бірі.
Эскиз - долбар, дайындық суреті.Достарыңызбен бөлісу: