69
(3 қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ
орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 қанат)
деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша
паналауға немесе
шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері болады. Олар қос, абылайша,
күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады.
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
1. Тор - бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жук жнналады, қонақтар
орналасады. Жас келіндер бұл жерді баса бермейді.
2. Сол жақ - (кіргенде он жақ) үй иссінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта
азық-түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды.
3. Оң жақ - (кіргенде сол жақ) мұнда балалары орналасады. Босаға
жаққа қарай ер-
тұрман, киім ілінеді.
4. От орны - қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.
1. Ең үлкен киіз үй
A) Ақ орда
B) Ақ ала орда
C) Алтын үздік
Д) Ак шаңқан
Е)
Алтын орда
2. Киіз үйдегі киелі орын
A) От жағылып, қазан асылатын орын
B) Ер тұрмақ, киім ілінетін орын
C) Қонақтар орналасатын орын
Д) Азық-түлік, ыдыс-аяқ түратын орын
Е) Үй иесінің жататын орны
2-
мәтін
Марс ғаламшары
туралы қызыкты деректер
Марс — Күннен алыстығы жөнінен төртінші ғаламшар саналады. Ғаламшардың аты
ежелгі римдіктердің соғыс құдайы Марстың құрметіне қойылған. Оған себеп
жұлдыздың қан тустес қызыл болғандығы деп айтылады. Ғалымдардың ұсынған
болжамы бойынша. мұндай түс ғаламшардың атмосферасында темір оксидінің оте көп
болуымен байланысты. Өз өсінен айналуы бойынша
Марс шамамен Жермен бірдей
аиналым жасайды. Марстағы бір жыл Жердегі 687 тәулікпен пара-пар Марстың
диаметрі Жерден екі есе кіші болса, салмағы 9 есе жеңіл.
Марс Күн жүйесіндегі ең ірі тау массивіне ие. Оның ең үлкені - Олимп сөнген жанартауы
Марс бетінде Жердегі ең биік шың саналатын Эверестен бірнеше есе биік таулар
кездеседі.
Ертеректе Марста судың мөлшері біршама көп болса керек. Алайда ол
кей беймәлім
кұбылыстарға байланысты жоқ болған. Оған дәлел - қазіргі кездегі ғаламшар бетінде
қалған өзендердің сағалары. Сондай-ақ, тек кана судың әрекет етуімен түзілетін
минералдардың табылуы.
Арнайы скафандрсыз Марс бетінде адам да, кез келген жануар да бір сәт те
тіршілік
етіп тұра алмас еді. Ғаламшар бетіндегі қысымның төмендсгі соншалық, тірі жанның
қан құрамындағы оттегі газға айналып кете береді. Бұл дегеніміз адам 5-10 секундтың
ішінде жан тапсырады деген сөз. Марстагы тәуліктік орташа температурасы шамамен –
60
0
С құрайды. Марста
азон қабатының болмауы себепті, Күн шыгыстан шыға
саласымсн ғаламшар беті адамды күйдіріп жіберетіндей радиация дозасын
қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: