1
1120-нұсқа
1-
мәтін
I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы
ішіндегі әсерлі де әсем дауыстары жез қоңыраудай шіңгір-шіңгір кісінеген жас
кұлындар қарақұлақ бола бастағанда, оларға түбіт араласқан жұмсақ жүннен есіліп
жасалған ноқталар салынып, тиектер орнатылып, ұзақ тартылған желілерге үзбелі
күміс түймелердей каз-қатар тізіліп байланады. Мұнда жүздеген құлын ноқталанып,
бие сауылады. Биені сауушы, сауғызушы болып, 2-ден 20-30 адамға дейін болады.
II. Қазақ ауылы алғаш бие байлаған кезде, төңірек басын шакырып, кейде мал сойып
немесе қыстан қалған сүрлермен тағы басқа да жылы-жұмсақтарын дайындап, ауыл
адамдарынын басын қосып, «бие бау», «желі байлар», «қымызмұрындык» тойын
откізеді. Бұл кезде желі қазыққа, айғырдың сауырына май жағып. жақсы тілек білдіріп,
мәре-сәре болып, думандатып, бие сауынын бастайды.