I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



бет257/367
Дата27.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#130358
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   367
Байланысты:
I. ?ûñ ?ò³ï, ê?ë³ìäåï ê?êòåì, æàð?ûðàï æàç êåëãåíäå, ø?ð?ûðàï æà

1057-нұсқа 
1-мәтін 

Киіз үйдің түрлері мен құрылысы


Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке
тоқталайық. Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер
дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақ үйлері
пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй (3 қанат),
қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ
шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар.
Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген
үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп
аталады.
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
1. Төр - бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Жас
келіндер бұл жерді баса бермейді.
2. Сол жақ - (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-
түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды.
3. Оң жақ - (кіргенде сол жақ) мұнда балалары орналасады, Босаға жаққа қарай ер-тұрман, киім
ілінеді.

1. Ең үлкен киіз үй


A) Ақ орда
C) Ақ ала орда
E) Ақ шаңқан
B) Алтын үздік
D) Алтын орда
2. Киіз үйдегі киелі орын
A) Азық-түлік, ыдыс-аяқ тұратын орын
B) От жағылып, қазан асылатын орын
C) Қонақтар орналасатын орын
D) Ер тұрман, киім ілінетін орын
E) Үй иесінің жататын орны



218



2- 
мәтін 

1. Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі туған ата-анасының қуанышы ғана емес, бүкіл ауылдың


қуанышы болып есептеледі. Міне, осы күндері «шілдехана», «шілде той», «шілдехана күзет»
өткізіледі. Тойға жиналғандар сәбиге ізгі тілектерін білдірісіп, ән айтып, ойын ойнап, көңіл
көтереді.
2. Шілдехананы Жетісу өңірінде «шілде күзету» деп атайды. Әдетте, шілдеханаға ауыл
үлкендері қатыспайды. Жаңа туған нәрестені әр түрлі жын- шайтан, перілердің салқынынан
қорғап, күзету - халық сенімі бойынша тек жастардың міндеті болған. Ерте заманда бесіктегі
нәрестені күзету Ұмай анаға жүктелген. «Жаңа туған баланы алғашқы күндері шырақ жағып
күзетпесе, оны перілер әкетіп, орнына басқа бала тастап кетеді» деген сенім болған. Осы
сенімнің сілемі қазақ арасында соңғы уақытқа дейін сақталған. Шырақ жағып күзету - соның
бір түрі.
3. Немерелі болған әже сүйінші сұратып, жас балаларын жан-жаққа жібертеді. Сүйінші
сұраушылар «Кім туды?» деген сұраққа ұл болса - «тізгін ұстар», «күл шашар», «ноқта
жетектер», ал қыз болса - «қырық жеті» деген сияқты тұспал сөздермен жауап қатады.
Сүйіншіге ағайын-туыстары мал атап, кейбіреулер ақшалай-заттай сый-сияпат беріп, әйтеуір
қолын бос қайтармайды. Бөпелі болған қуанышты отауға ізгі ниеттерін білдіруге келген ауыл
адамдары «Бауы берік болсын!» деп, жылы лебіз, жақсы тілектерін айтады.
4. Жаңа туған нәрестенің той-томалағында жүрген әйелдер бөпені көрсетіп, келушілерден
көрімдік алады. Құтты болсын айтып келгендер: «Тіпә, тіпә! Тіл- көзім тасқа, өзі жаман бала
екен!» - деп түкірген болады.
5. «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп ұлы Абай айтқандай, қазақта ән- жырсыз өтетін
мереке, қуанышты күндер жоқ. Той да жастар суырып салып өлең айтып, сөз қағыстырады.
3. Бірінші және бесінші азатжолдардың мазмұндық ұқсастығы
A) Қуаныштың ән мен жыр арқылы тойлануы
B) Немерелі болған әже куанышы
C) Ескі наным-сенімдердің сақталуы
D) Тіл-көзден сақтау ырымдары
E) Шілдехананың әр өңірдегі ерекшеліктері
4. Құтты болсын айтып келгендердің: «Тіпә, тіпә! Тіл-көзім тасқа, өзі жаман бала екен!» деуінің
мәнісі
A) Балаға көз тимесін деген ниет көрінісі
B) Нәрестеге көңілі толмағандықтан
C) Ел ішінде сәбиді еркелетудің сондай салты қалыптасқан
D) Баланың түр-тұлғасына қарата айтады
E) Баланың дені сау болып өссін деген ниет
5. Халықтың ескі наным-сенімі мәтіннің қай бөлігінде сөз болады?
A) Екінші B) Үшінші C) Төртінші D) Бесінші E) Бірінші
6. Сүйінші сұраушылар қыз бала дүниеге келгенін жұртқа қалай жеткізген?
A) «Тізгін ұстар» деген сөз арқылы
B) «Ат ұстар» деген сөз арқылы
C) «Күл шашар» деген сөз арқылы
D) «Ноқта жетектер» деген сөз арқылы
E) «Қырық жеті» деген сөз арқылы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   367




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет