I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



бет305/367
Дата27.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#130358
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   367
Байланысты:
I. ?ûñ ?ò³ï, ê?ë³ìäåï ê?êòåì, æàð?ûðàï æàç êåëãåíäå, ø?ð?ûðàï æà

2111 – Нұсқа 
1-Мәтін 

Тау басын қар түсіпті. Тау басынан аса алмаған жырым-жырым ақша бұлттың бауырынан


өрт шалғандай, аспандағы жалынның алауы парттай қызыл перде боп әр үйдің әйнегінде жүр.
Қарағайлы алқаптың жықпылында қара киімге жасырынған ақ жамаудай іркілеп тұман жатыр.
Апта бойы толастамаған нөсер тайғаны да есеңгіреп тастапты: тым бұйығы, самалы таусылып,
сызы ғана қалғандай, бұрынғысынан да аспандап, керме иық мінез көрсетеді.Көк жүзіне сіңбей



283

кемер- кемерге іркіліп қалған ақша бұлттардың сүт реңі мұздай суық, шызынаған көк шағыр
аспан ызғар ескендей. Еркімен өріп өз аяғымен қайтатын мал да бақайының сықырын
байқатпай бүрісіп, ауылға ұрланып кіріп жатыр.

1. Мәтінде қай жыл мезгілі суреттелген


А) жазғы тұрым
В) жаз
С) күз
D) қыс
Е) көктем
2.Мәтін мазмұнында сөз болмайтын табиғат сипаты
А) мөлдіреген таңғы шық
С) қарағайлы алқап
Е) тау басы
В) толастамаған нөсер
D) көк шағыр аспан

2- Мәтін 

«Көптік құдіреттіліктің бір белгісі» дегенді айтқан қазақ қандай шаруаға болса да жұмыла


қимылдаудың артықшылығын пайымдаған сондай істері арқылы бауырмалдығын,
ынтымағын, бір біріне ізет құрметіне танытып отырған. Ел ішіндегі күш қайраты жоқ, жалғыз
ілікті қарт адамдарға қамқорлық жасау арнай ұйымдастырылады. Кеудесінде жаны бар қазақ
қанша қалжыраған халі кетсе де, ары мен намысын жоғары ұстайды. «Жаным арымның
садағасы» дейтіні содан. Қандай қамқорлық жасаса да ол сөз адамның намысына тимеуі керек.
Барлық шара сол негізде құрылады. Сондай шараның бір түрі асар. Жалғыз басты қарт
адамдардың бітпей жатқан жұмысына ауылдың жігіт желеңдері жабыла қолғабыс беріп, тез
тындырып тастау әдісін қазақтар «асар» деп атайды. Мұның өмірлік, қоғамдық және
әлеуметтік мәні бар. Жұмыс күші кем, ісі бітпей жатқан адамдар осы шараның арқасында
шаруасын тындырып алады.
Асардың да ел қолдаған жон жосығы бар. Кез келген кісі асар салмайды. Ел назарын аударған,
жұрт қолдаған сипаты сақталады.Күші мығым қайратты жігіттердің құрдастарын
жәрдемдесуге шақыру асарға жатпайды. Асарды үйіне қайратты кісісі жоқ не науқасқа
шалдығып қалған, шаруасының науқаны өтіп бара датқани адамдар жасайды. Ағайын жұрты
мұны қолдайды. Сөйтсе де асар салушы жинаған қауымды қанағаттандыратындай дәрежеде
дайындалады. Жұмыс істеушілердің қажетіне керектіні толық әзірлейді.

Асар қазақ арасында біріне бірі көмек көрсететін ымыралы салт.Ағайынын разы ету үшін


қандай қиындық болса да көптің біріккен кқшімен қатар тұрып жеңудің амалы нақты шара

3.
Мәтінде қозғалатын мәселе


А) жолдастық
С) шыдамдылық
Е) аяушылық
В) туысқандық
D) қамқорлық
4.
Асты сызылған сөзге балама болатын нұсқа
А) келісімге келу
С) тіл табысу
Е) ақылы көмек беру
В) жоспарлы көмек беру D) бірлесіп көмек беру
5.
Берілген мақал –мәтелдердің қайсысы мәтіннің бірінші бөлімінің мағынасын ащып тұр
А) көп түкірсе -көл
В) қолы қимылдағанның, аузы қимылдайды
С) жаманбұзар, жақсы түзер
D) барымен базар, жоқты қайдан табар
Е) қайраты жоқ кісінің берекеті жоқ ісінің
6.
Мәтін бойынша асар сала алмайтын адамдар
А) үйінде ер адамы жоқ қауқарсыз жандар
В) күші мығым қайратты жандар
С) шаруасының науқаны өтіп бара жатқан қауқарсыз адамдар
D) үйінде қайратты адамы жоқ балалы шағалы әйелдер
Е) жалғыз басты қарт адамдар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   367




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет