I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



бет310/367
Дата27.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#130358
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   367
Байланысты:
I. ?ûñ ?ò³ï, ê?ë³ìäåï ê?êòåì, æàð?ûðàï æàç êåëãåíäå, ø?ð?ûðàï æà

4- 
мәтін 
1.
Астрономияда жаңа туған айдың ұштарын «Ай мүйіздері» дейді. Халық сүйікті деген
малдарын Ай тұяқты тұлпарым, Ай мүйізді ақ серкем деп өзгеше ықыласпен мадақтайды.
2.
Ай мен Күн туралы: «Ай мен Күн егіз туған керемет сұлу екі әйел екен. Әсіресе Ай сұлуырақ
болып мақтанып, Күн оны қызғанып Айдың бетін тырнап, оған дақ түсірген. Кесірлі Ай
жазасын осылай тартқан. Ай бетіндегі қарауытқан дақ содан екен» деседі. Айдың кеш туғанын
немесе кемігенін ел Ай «қорғалады» дейді. Күнге жакындап барғанда Ай «қорғалап» бетін
жасырады, ал қашықтағанда Ай толып, Күнді қызықтырып, бетін түгел көрсетіп, ереуілдейді.
Ай түрінің өзгеру құбылысын жаңа Ай, ширек Ай, толған Ай деп түсіндіреді.
3.
«Жаңа ай жарылқа, Ескі ай есірке» деп тілек айтып, жаңа Ай туу құбылысы казақ ортасында
елеулі оқиға болып келді. Жаңа туған Айды көргенде шаруа адамның көңіліне әр түрлі ой
келеді, шаруаға жайлы бола ма, жоқ жайсыз бола ма деген ойлар тумай қоймайды. Қазақ
арасында егер Ай тігінен туса, ауа райы шаруаға жайлы, жылы болады. Ал, Ай шалқасынан
жатса, ай суық, жайсыз болып өтеді. Мұны «Айдың өзіне жайлы, халыққа жайсыз болғаны»
дейді.
4.
Қазақ тұрмысында Айды қастерлеуге себеп көп болды: Ай болмаса, түн қараңғысын
жамылып қасқыр да, ұры да малға шабуылды күшейтеді, шаруа жайымен ұзақ түн қату да
қиын тиеді. Аталарымыздың ай караңғыда малы түгіл, басы да зор қауіпте болғандығын еске
алсак, неліктен айды қастерлегендігін жақсы түсінеміз. «Қараңғыалғыр» деген сөз тегін
шықпаған. Елдегі үлкен ақсақалға Айға бата қыл дегенде: - Ай шалқасынан туыпты, бұл мен
бата қылмайтын Ай екен, - депті. Жұрттың бұл сенімдерін саралай келіп, ғылыми түрғыдан
келгенде мынадай қорытынды шығарамыз.
2
Ж
8
а
7
ңа туған Айдын қалпына қарай жұрттың ауа



райы өзгереді дегені бос сөз емес.


5.
Жалпы алғанда жаз айларында жаңа Ай тігірек тұрады да, қыс айларында Ай «шалқасынан
жатады», өйткені қыстыгүні түнге қарай эклиптика (Күн жолы) аспанда жоғары тұрады, Ай
жолы да оған жуық, сондықтан күн сәулелері Айдың астыңғы төменгі бетін ала жарық береді
де, бізге Ай шалқалап жатқан сияқты көрінеді. Сөйтіп, жаңа Ай орағының орналасу қалпы мен
ауа райының арасындағы бұл қызық іліктестік Күн мен Айдың аспандағы жолдарының әр
мезгілдегі өзара орналасуына байланысты.
6.
Атан түйе мен шіркей қандай болса, үлкендігі жағынан алғанда Күн мен Ай да сондай. Ай
бетіндегі қарауытқан дақтар ойпаттау жерлері екен.
Адам баласының ұзақ жасаған тарихында оның көп іздеген аспан шырағы Ай болатын-ды. Ес
білмейтін сәби де керім Айға қол созып аймалайды. Малшы, керуенші, аңшы, карақшы бәрі де
Айды бақты. Ойшыл, сыншылдар да тіпті еріккенде Айға қарады. Кәне, ойланайықшы, «Мен
ұрлық қылғанда ай жарық болды»; «Ай қарап тұрсың ба?» дегендей сөздер де бар емес пе?
Осыдан 350 жылдай бұрын Галилей тұңғыш peт ойлап тапқан құралымен Ай бетінен тауларды
кордім, деп жарияласымен-ақ Айға ынта ерекше күшейді.
7.
Өмір бақи меңіреу жатқан кең дүниенің түкпірлерін шарлауда адам перзенттерінің аяғы
тұңғыш рет Ай бетін басатыны сөзсіз. Ай келешекте космос жолаушылары үшін бірінші бекет
болып табылмақ.

13.
Ай бетіндегі дақтар

A)
Төбешіктері
B)
Қыраттары

C)
Тегістеу жерлері


D)
Күнгей жерлері

E)
Ойпаттау


жерлері
14.
Қазақ халқының «Жаңа ай жарылқа, Ескі ай есірке» деп тілеуінің себебі

A)
Жаңа ай туғанда ескі айды ығыстырады деген ұғым


B)
Күн жылы болады деген сенім
C)
Жаңа туған ай жақсылық әкелсін деген ниет
D)
Ескі ай мен жаңа айды салыстыру
E)
Жаңа айдың жарығы мол болсын деген тілек
15.
Күн мен Айдың көлемін мәтіннің 6-азатжолымен сәйкестендіріңіз

A)
Тұлпар мен серке


B)
Жылқы мен құлын
C)
Бура мен құмырсқа
D)
Өгіз бен бұзау
E)
Қой мен ешкі
16.
Айдың тууына байланысты халық әрекеті.

A)
Ауа райын болжаған


B)
Жыл мезгілінің ауысуын болжаған
C)
Болашағын болжаған

D)
Жаздың жаңбырлы болатынын болжаған


E)
Құстардын
қайтуын
болжаған
17.
Елдегі үлкен ақсақалға Айға бата қыл дегенде: «Ай шалқасынан туыпты, бұл мен бата
қылмайтын Ай екен» деуінің сыры

A)
Толған айға катысты беріледі


B)
Ырым, наным-сенімге байланысты
C)
Айға батаны жас адамдар ғана береді
D)
Айға бата беру - надандық
E)
Айдың өзіне ғана қолайлы болғандығы
18.
«Ай түяқты тұлпарым, Аймүйізді ақ серкем» деп мадақтау төрт түліктің қайсысына қатысты
айтылған?

A)
Жылқы мен койға


B)
Түйе мен қойға
C)
Жылқы мен сиырға
D)
Қозы мен ешкіге
E)
Жылқы мен ешкіге
19.
Аңыз бойынша Ай өзінің кандай мінезінің кесірінен жапа шегеді?

A)
Қарапайымдылығынан


B)
Мақтаншақтығынан
C)
Ұялшактығынан
20.
Тұжырымдардың дұрысын табыңыз:
D)
Көреалмаушылығынан
E)
Қызғаншақтығынан
1. Кеш туған не кеміген айды халық «Ай қорғалады» дейді.
2. Ай тігінен туса, «Өзіне жайлы, шаруаға жайсыз» дейді.
3. Шалқасынан туған айға ақсақалдар бата бермейді
A) Бірінші мен үшіншісі
B) Үшіншісі
C) Екіншісі
D) Екінші мен үшіншісі
E) Үшеуі де

288








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   367




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет