I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



бет354/367
Дата27.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#130358
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   367
Байланысты:
I. ?ûñ ?ò³ï, ê?ë³ìäåï ê?êòåì, æàð?ûðàï æàç êåëãåíäå, ø?ð?ûðàï æà

2- 
мәтін 
1.
Сонау көне заманда, бүгінгі қазақ елінің төрінде, Ергенеқон елінде ай мүйізді, аққу қанатты
қос Пырақ өмір сүріпті. Сол қос Пырақты бүгінгі Қазақтың, кешегі Көк Түріктің, ертедегі Ғұн
мен Сақтың ата-бабалары алғаш рет ауыздықтап, жанына серік етіпті. Сөйтіп, «Ат - ердің
қанаты» деп, желден жүйрік тұлпар мінген, тұлпар емес-ау, Пырақ мінген Ерлердің рухы
биіктеп, бойларына желік бітіпті.
2.
Сонымен олар ұшса, қайыспас қанат, ұмтылса, қайырылмас қару болып, жер-дүниені кезіп,
шарлапты. Бергеннің қолынан, бермегеннің жолынан деп, ел мен жерді жаулапты. Шығыста
сонау Амурдан, Батыста сонау Дунайға, тіпті Римге дейін саулапты. Бірақ, бір уақыттарда «ел
аралаған сыншы болар» дегендей, Ерлер есін жиыпты. Өзге елдің ерге құт болмайтынын біліп,
«Отан - оттан да ыстық», «Өз елім - өлең төсегім» деп, Ергенеқон еліне қайтып оралыпты.
3.
Олар қайтып оралғанда, алдарынан қалқып Қыран шығыпты.

Иә, не көрдіңдер, не түйдіңдер? - депті Қыран. Сонда қос Пырақ:

Көргенімізді айтсақ, көп сөз. Түйгенімізді айтсақ, әркімнің өз жері - жұмақ екен, - депті.



331




Туған жер - тұғырың, туған ел - қыдырың, - деп қостапты Қыран.

«Кісі елінде дүркірегенше, өз еліңде дүркіре» деген екен, Алтын Шаңырағымызды өз
еліміздің төріне тігуге бел байладық.
4.
- Онда алдарыңнан жарылқасын, - депті Қыран. Сол Шаңырағымыз биік, берекелі болсын,
нұр шашсын, шайқалмасын деп, қанаттың астына алып, Жұлдызымыз әрдайым жоғары
болсын деп, қырағы қорғаны болу керек. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп, мен де Көк
төрінде төбелеріңнен қалықтайын. Алтын нұрлы Күн астында айбарларыңды асқақтатайын.

Тауып айттың, Қыран! Ынтымақ түбі - игілік. Сол игіліктің арқасында «Қазақстан» атты
елдің мәңгілік рәмізіне айналсақ, біз үшін бақыт емес пе!?
7.
Мәтін қандай стильде жазылған?
A)
Ауызекі сөйлеу стилі
B)
Ресми іс қағаздар стилі
C)
Публицистикалық стиль
8.
Мәтіннің тақырыбы қандай?
A)
Ұлттық рәмізіміз - әнұранның шығу тарихы
B)
Ата-бабаларымыздын тарихы
C)
Қос Пырақтың әңгімесі
D)
Көркем әдебиет стилі
E)
Ғылыми стиль
D)
Ұлттық рәміздер - елтаңба мен тудың пайда болуы
E)
Ергенеқон елінің бақытты өмірі
9.
Мәтіннің мазмұны қай үлгіде кұрылған?
A)
Эпос
B)
Ертегі
C)
Аңыз
D)
Қисса
E)
Дастан
10.
Мәтіннің 2-азатжолындағы ойға сәйкес тұжырым(-дар)
1.
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
2.
Туған жер - тұғырың.
3.
Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар.
A)
Бірінші, үшінші
B)
Үшеуі де
C)
Бірінші, екінші
D)
Екінші, үшінші
E)
Тек бірінші
11.
Қос Пыракты ауыздықтаған Ерлердің алғашқы әрекеті қандай болды?
A)
Елдермен достасты
B)
Елін асқақтатты
C)
Елдерді аралады
D)
Елдін басын қосады
E)
Айла ойлады
12.
Мәтіннің негізгі ойы қай бөлім(-дер)де берілген?
A)
Екінші және төртінші
B)
Үшінші және төртінші
C)
Екінші
D)
Үшінші
E)
Бірінші



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   367




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет