20. «Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен. Мендегі жалыз тілек осы!» деген сөйлем автордың қандай сезімін көрсетеді? A) Балалардың өміріне алаңдау
B) Балаларға қол ұшын беру
C) Балалардың тағдырын шешу
D) Балаларға жақсы тілек айту
E) Үкіметке үміт арту
1418 нұсқа 1-мәтін
Замандардың заманында бір күйші ғұмыр кешіпті. Бала жастап өнер қуып, күй қайырыпты.
Өгіз жайып жүріп, курайдан сыбызғы қиып, уілдете тартқанда, өгіздер күйсегенін тоқтатып,
құлақтары салбырай мүлгіп, тыңдап тұрады екен. Ормандағы құс қалғып, батпақтағы бақа
тыншып қалса керек, Күйші бала кейде қыз-бозбалаға ілесіп, түнгі ойын-сауықка шығады екен.
Түн тынық, жер-әлем бусана манаурайды. Қалжың-күлкі, ойын-сауық. Керемет!
Сонда бала сыбызғысын ерніне апарып, баяу созылтып күй бастайды. Қыз біткен, жігіт біткен
тегіс ұйып қалады. Қай-қайсысы болмасын, жүректеріне тәтті шырын құйылғандай, беймәлім
бір күш кағып алып, биікке, шырқау биікке, жұлдыздары жымыңдасқан ашық аспанға әкетіп
бара жатқандай сезінуші еді.
1.Мәтінге сәйкес нұсқа 1.
Күй құдыреті
2.Шебер күйші
3.Тәтті күй
A. Тек бірінші
B. Екінші мек үшінші
C. Бірінші мен үшінші
D. Үшеуі де
E. Тек екінші
2. Күй ойнаған кезде қыз-бозбаланың, айналаның ерекше әсерге елту себебі.
A. Күйшінің жастығына байланысты
B. Күй атауына байланысты
C. КүйшінІң аспабына байланысты
D. Көпті көрген жасына байланысты
E. Күйшінің шеберлігіне байланысты
1.
Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өнірі - Бурабай. Осы
төңіректегі атаулар Бурабай көлінің даңқымен көпке танымал болған. Бурабай көлі емдік
қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді.
2.
Көл - теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте. Қыратта, тектоникалық ойыста, табиғи тұрғыда
пайда болған бұл көлдің ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км. Едәуір терең: орташа алғанда 4,5 метрден,
ең тереңі 7 метрге дейін барады. Суы таза, тұшы, жұмсақ, тұнықтығы сондай - түбі және ондағы
жәңдіктер анық көрінеді. Ешқайда қосылмайтын тұйық көл болғанымен, ақторта, алабұға,
сазан, табан, шортан сияқты балықтар өседі.
3.
Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-бірі жақын
жатқан Көкшетаудың сексен көлінің бір үзікті тізбегі - Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші
Шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда
дүниенің көп еліне аты мәлім «Бурабай», «Оқжетпес» демалыс және сауықтыру орындары бар.
201
4.
Бурабай демалыс орны тұрғысында 1910 жылдан мәлім бола бастаған. 1910 жылы қымызбен
емдеу-сауықтыру орны ашылған. 1920 жылдан мемлекеттік маңызы бар демалыс орнына
айналған.
5.
Тәуелсіз ел болғалы, іргесіне Астана келгелі, Бурабай колінің, мұндағы демалыс
орындарының маңызы бұрынғыдан да арта түскен. Жақсы жол салынып, демалыс үйлері
жақсартылып, қызмет көрсету жағдайы жақсартылған.